Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
11 сынып. № 11-сабақ
Микроэволюция туралы ілім
Сабақтың тақырыбы: Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы
күші.
Сабақтың мақсаты:
- табиғи сұрыпталу- эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші және оның
негізі тіршілік үшін күрес екені туралы білімді қалыптастыру және
тіршілік үшін күрес түрлерімен танысу;
- қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстыру және ерекшеліктерін
анықтап, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі туралы білімді дамыту;
- оқушылардың шағын ізденушілік – өзіндік салыстыру жұмыстары арқылы
шығармашылыққа, жүйелікке және жауапкершілікке тәрбиелеу; логикалық
дүниетанымдық көзқарасты дамыту;
Керекті құрал-жабдықтар: Ч.Дарвиннің портреті, «Тіршілік үшін күрес
түрлері» сызба-нұсқа, Түрішілік және түраралық күреске мысалдар, суреттер,
үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Өткен тақырыпқа жалпы шолу
2. Кіріспе кезеңі
Сұрыпталу дегеніміз не?
Қолдан сұрыптау туралы не білеміз?
Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстырып, оқулықтың 46-бетіндегі
кестемен жұмыс жүргізу.
Тапсырма : Қолдан және табиғи сұрыпталуды анықтау:
. - жабайы қоян
. - қояндардың түрлері
. - иттердің жыртқыш тістері
. - иттердің аязға төзімділігі
. - иттердің адамзатқа үйренуі
. - иттердің иіскеу сезімі
. - Прежевальскийдің жабайы жылқысы
. - Жылқылардың қолтұқымдары
. - Жылқының тұяқтары
. - үй тауықтарындағы жұмыртқасалғыштық
. - тауықтардың жұмыртқамен көбеюі
. - Алма ағашының жынысты көбеюі
. - мәдени алма ағашының ірі және тәтті дәмдері
. - ақ қоянның бүркеніш реңі
. - қоянның таза ақ жүнді қолтұқымы
3. Жаңа материалмен танысу
3.1. Табиғатта ұдайы сұрыпталу болып жатады. Пайдалы белгілер белгілі бір
факторлар әсерінен сақталып, қалғандары жойылады. Осыған байланысты
Ч.Дарвин ағзалардың көбеюін зерттеді. Қорытынды: түр даралары неғұрлым
көбірек қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, ал қарқынды даму түрді сақтап
қалудың «құралы».
3.2. Табиғи сұрыпталу – белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап
бейімделуі.
3.3. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі
қарым-қатынастың жиынтығы.
3.4. Тіршілік үшін күрес түрлері: түрішілік күрес, түраралық күрес және
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.
3.5. Түраралық күрес – бір түр мен екінші түр арасындағы күрес. Жыртқыштық
жағдайдағы бәсекелестік. Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Антагонизм.
3.6. Түрішілік күрес – бір түрге жататын даралар арасындағы күресті айтады.
Түрішілік күресте бәсекелестік басым болады. Түр ішінде жыныстық сұрыпталу
да жүреді. Ол табиғи сқрыпталудың формасы.
4. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар
Оқулықтың 49-50-беттеріндегі сұрақтарға жауап беру;
Оқулықтың 49-51-беттеріндегі тақырып түйінін қорытындылау.
Қосымша тапсырмалармен жұмыс:
Тапсырма№1: Бақ-бақ өсімдігінің жер бетін басып кетпей, тіршілігін жою
себептері мынадай:
- жемістері шөппен бірге малға азық
- жемістерімен құстар қоректенеді
- өсімді мүшелерімен өсімдікқоректі жануарлар қоректенеді
- адамдар, көліктер, тракторлар басады
- басқа биік өсімдіктер әсер етеді
- өсімдіктердің өз бәсекелестігі
- тұқымдары шөлде, жартастарда тіршілігін жояды
- тұқымдары қолайсыз жағдайға түседі
- өсімдіктер аяз бен құрғақшылықтан жойылады
- өсімдіктер аурудан өледі (вирус, бактерия)
Сұрақ: қандай тіршілік үшін күрес түріне жатады?
. 5. Оқушылардың білімдерін бағалау.
6. Үйге тапсырма: § 12-13 оқып келу, суреттермен жұмыс жүргізу;
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz