Оқушылар пікірі

Мұханова Гүлден Тұңғышбайқызы,

Қарағанды қаласындағы

№36 орта мектеп мұғалімі.

«Қазтуған жыры- таза далалық поэзия»

(Қ. О. Бітібаева әдістемесі бойынша 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары)

Мақсаты: білімділік - жыраулар поэзиясы өкілі Қазтуған жыраудың оның ақындық құдіретін танытатын шығармаларының тақырыптық мазмұнын ашу; дамытушылық - Қ. Бітібаеваның жыраулар поэзиясын оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау, шығармашылық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыту; тәрбиелік - Қазтуған жырлары негізінде ұлттық рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, ерлік пен елдікті дәріптеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, болжау, дәлелдеу, ой бөлісіу, модель құрастыру.

Оқыту формасы: топтық, жеке

Типі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кестелер, сызбалар, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Асан қайғы - ерекше жаратылған жан»

а) Мәнерлеп оқу сатысы;

б) Тақырыптық талдауды тексеру(3 топқа үш түрлі кесте толтыру берілген) .

Кестелер үлгілері

№1

Жырау
Толғаулары
Тақырыбы
Маңызы, мәні
Жырау:
Толғаулары:
Тақырыбы:
Маңызы, мәні:

№2

Жырау
Аңыз
Шындық
Қорытынды
Жырау:
Аңыз:
Шындық:
Қорытынды:

№3

Жырау
Қай хан тұсында өмір сүрген
Қандай қызмет атқарған
Басты шығармалары
Даналық ойлары
Жырау:
Қай хан тұсында өмір сүрген:
Қандай қызмет атқарған:
Басты шығармалары:
Даналық ойлары:

ІІІ. Жаңа сабаққа көшу : «Қазтуған жыры - таза далалық поэзия»

  1. Жаңа тақырып бойынша алдын-ала дайындап келген тапсырмаларын тексеру.

а) Қазтуған туралы оқып келу, қосымша дерек жинау;

ә) Зерттеушілердің Қазтуған туралы үш пікірін дайындау;

б) Үш топқа парақша тарату, оны толтыру.

№1

Зерттеушілер пікірі
Оқушылар пікірі
Зерттеушілер пікірі:

«Қазтуған поэзиясы-табиғат аясындағы көңілі таза, сәби көшпендінің поэзиясы. Таза далалық поэзия».

М. Мағауин

«Қобыз сарыны»

Оқушылар пікірі:

№2

Зерттеушілер пікірі
Оқушылар пікірі
Зерттеушілер пікірі:

«Көшпенділір поэзиясының өкілі Қазтуған жыраудың қазақ тарихы мен әдебиетінде алатын орны ерекше »

Ш. Уәлиханов

Оқушылар пікірі:

№3

Зерттеушілер пікірі
Оқушылар пікірі
Зерттеушілер пікірі:

«Жыраулар -ғасырлар бойы жан-жағынан қаптаған жауына қолындағы найзасымен, аузындағы өткір жырымен жауап беріп қорғана білді . . . »

І. Есенберлин, «Алмас қылыш»

Оқушылар пікірі:

2. Тапсырмалар негізінде сұхбат-әңгіме, пікірлесу

а) Өз жобаларын қорғауы, талдау, жинақтау .

ә) Пікірлерін айта білуі, қорғай білуі.

3. Жаңа білімді игеру.

а) Поэзия сәті. 1) . Толғауларын үнтаспадан тыңдау. 2) . Мәнерлеп оқу.

ә) Сараптама - талдау жұмыстары негізінде оқушы мұғалім іс-әрекеті.

Автор туралы мәлімет
Толғаулары
Тақырыбы, айтар ойы
Көркемдік ерекшелігі
Қорытынды
Автор туралы мәлімет:
Толғаулары:
Тақырыбы, айтар ойы:
Көркемдік ерекшелігі:
Қорытынды:

IV. Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

Оқулықпен жұмыс ( 3 топқа үлестірме парағы арқылы арқылы өзіндік талдау жұмысын жүргізу

Болжау
Дәлел
Қорытынды
Болжау:
  1. «Қазтуған - жорық жырауы»
Дәлел: «Балдағы алтын құрыш болат»
Қорытынды: Батырлықты, елдікті, ерлікті дәріптейді.
Болжау:
  1. «Қазтуған-нәзік лирик»
Дәлел: Салп-салпыншақ анау үш өзен» (туған жерге деген махаббат)
Қорытынды: Жырларының арқауы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері.
Болжау:
  1. «Қазтуған-шебер суреткер
Дәлел: «Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да алаң, алаң жұрт».
Қорытынды: Теңеу, метафораларды шебер пайдалана білген: «Қарғадай мынау Қазтуған», «ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай . . . », «Балығы тайдай . . . » т. б.

V. Жинақтау, қорытындылау.

(Жаңа білімді меңгерудің 5 кезеңі бойынша мәліметтерін саралау, талдау)

Қазтуған жыраудың моделін жасау, қорғау. (Ол кім?)

Жырау

Казтуған Ақын

Шешен

Ойшыл

Нәзік лирик

Қазтуған Суреткер

Жорық жыршысы

Батыр

Әскербасы

«Сөйлесе сөздің көсемі»

«Қызыл тілдің шешені»

Қазтуған «Қарға бойлы Қазтуған»

«Отты би»

Данагөй

VI. Үйге тапсырма.

1-ші топ. Ойтолғау жазу «Білімді туған жақсылар»

2-ші топ. Аманат хат жазу. «Қазтуған бабадан»

3-ші топ. М. Мағауиннің «Қобыз сарыны » еңбегі бойынша ғылыми сипаттағы реферат дайындау

VII. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі
Мәдени ескерткіштермен таныстыру
Сұрау есімдігінің түрленуі
Туберкулез-қатерлі дерт. 8 сынып
Ақсақ құлан, жошы хан, 5 сынып, қазақ әдебиеті
Қытай шаруашылығы
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Мәтінге талдау жасау
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп..
Диалогтік оқытудың тиімді жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz