Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Экономика міндетін ата

Қызылорда қаласы,
№ 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі,

Физика -экономика пәні мұғалімі:

Ахметова Мейрамкул

Алтын сақа танымдық ойын (экономикалық сайыс)
Барысы: 1-жүргізуші:

Міне, залда тыныштық,
Естілмейді
дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз,

№ 4 мектепте экономика жайында
Кешімізді
бастаймыз

2-жүргізуші:

Келдік міне біз бүгін

Түсейік деп сайысқа

Тайсалмай да, жалықпай

Келіңіздер жарысқа.

1-жүргізуші:Ойынға қатысушы бірнеше топ келіп отыр, әр
топта 4 оқушы бар.Ойынға қатысу үшін сұрақтар беріледі.

1. «Табалдырық»

1-жүргізуші:1-сұрақ.Экономика нені зерттейді?
2-жүргізуші:2-
сұрақ.Экономиканың мақсаты не?
1-
жүргізуші:3-сұрақ.Экономика міндетін ата.
2-
жүргізуші:4-сұрақ.Сауда деген не?

1-жүргізуші:4 топта «Әудемжерге» көшеді.Әр топта 5 баллдан бар.
2-жүргізуші:Жауап
берген оқушылар шығады.Асықтың көмегімен әр топтың кезігін анықтайды.Әр топ
конверттің түсін өзі анықтайды.Әр сұраққа бір минуттан уақыт беріледі.

II.«Әудемжер»

1-сұрақ.Ақша деген не? (қызыл)

2-сұрақ.Балама құн деген не? (сары)

3-сұрақ.Өндіріс деген не?
(көк)
4-сұрақ.Банкроттық
деген не? (жасыл)

1-жүргізуші:Біреу озса жарыста,

біреу артта қалад

Ренжімей тараса, озбағандар жарады деп

бір топ ойыннан шығады.Үш топ «Қозыкөшке» өтеді.

III «Қозыкөш»

1-сұрақ.Тұтынушы деген кім?Сауатты тұтынушы дегенді қалай түсінесің?
2-сұрақ.Ресурстар түрлерін ата.

3-сұрақ.Сұраныс,сұраныс
заңы.
Жауап
бере алмаған топ ойыннан шығады.Үшеуі де жауап берсе асықпен анықтайды.
2-жүргізуші:Жиналған ылғи,
дарындар
Жүрекке от, көздерінде жалын бар

Қол соғып қарсы алайық

Білімді
экономистерді.

1-жүргізуші:1-сұрақ.Жарнама деген не?Әр топ қалаған
тауарлар, қызмет көрсетулерге жарнама жасайды.(плакат, фломастер,уақыт 5
мин.)

IV. «Беласар»

2-жүргізуші:Экономика сырларын,

Білсек достар жалықпай.

Ақыл-оймен кеңескен,

Білімпаздар шықты алға,

1-сұрақ.Сауда себептері
кедергілері Экономикалық есеп:100 гр теңіз суынан 4 гр тұз алынады.50 гр
тұз алу үшін қанша теңіз суы қажет?Шешуі:100:4*25*100=2500 гр т.с.
2-сұрақ.Бизнес-жоспар деген не? Есеп:1-жүмысшы
өзіне көмектесуге жалқауды көндірді.Жалқау – 30 күн. 1-күнге 8-доллар
алады.Егер келмей қалса шарт бойынша 10-доллар қайтарады.Мерзімі біткен
кезде жалқау 1-цент ақша таппаған.Жалқау неше күн жұмыс істеп,неше күн
жұмыстан қалған?Шешуі:30*8 =240 $

2-240:10=24 күн қалған. 30-24=6 күн келген.

1-топ. «Жолайырыққа»
өтеді.
Тапшылығы бар бюджет,
баланстанған бюджет түсіндір
Есеп :Қазақстанда жылына 110 тн жүн өндіріледі.1 кг
жүннен 1 м мата дайындайды. 1-костюмге 2,5
м мата кетсе, республикада өндірілген жүннен неше костюм шығады?
Шешуі:110*1000 кг=110000 м мата 11000:2,5 = 440 костюм.
1-
жүргізуші:Қымбатты әділ қазылар,
Әділдікпен шындықтың

Туын биік
тіккендер

Білімді экономистердің

Берсеңіздер есебін

2-жүргізуші:Ұтсақ
егер ұтылсақ

Ренжулер болмасын.

Музыкалық сәлеммен

Жанкүйерлер қолдасын.Әр топ оқушылары өз өнерлерін
көрсетеді. 1-
жүргізуші:Әділ қазылар есебі тыңдалады.Ойын аяқталып жеңіске жеткен топқа
сыйлық тапсырылады. «Петро Қазақстан» демеушілігімен «Жастар Жетістігі»
қоғамдық қорының бағалы сыйлықтары тапсырылады.Интерактивті тақта арқылы
анаграмма шешіледі.Жауаптарын дұрыс тапқан оқушылар марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Мата өңдеу технологиясы
Күй атасы кім
БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ
Физика және эксперимент
Мемлекет және экономика
Жұмысқа орналасу
Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Экономика әлемінде
Қазақ тілінен қолданбалы курстарды жүргізу
ШЫҒЫН ТАБЫС
Пәндер