Сөздік жұмысы

Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым Министрлігі
Қарағанды облысының мұғалімдерінің білімін жетілдіру институты
Шет ауданының білім беру бөлімі
Ш. Батталова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Бекітемін: Келісілді:
Шет ауданының білім беру Ш. Батталова атындағы
бөлімінің меңгерушісі орта мектептің директоры
. . . Далабаев Қ. Б . . . Исаева А. Д.
« . . . » . . . 2008 жыл « . . . » . . . 2008 жыл
3 -орыс сыныбына арналған
«Тіл дамыту»
курсының бағдарламасы
Құрастырған : Шет ауданы Ақжал кенті
Ш. Батталова атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Құсайынова М. С.
2008 жыл
Түсінік хат
Бұл бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандарты» (2002 ж) сай түзетілген негізгі бағдарлама көлемінде алатын білімдерін бір жүйеге түсіре отырып, әрі қарай тездетуді көздейді.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.
Қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу - бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл болғандықтан, орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.
Қазақ тілін оқытудағы мақсат - оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.
Тіл дамытудың негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақ тілін оқытудағы мақсат - оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:
- Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
- Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал - мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
- Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.
- Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.
- Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
- Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.
Күтілетін нәтиже
Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:
Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен айтуға жаттыққан, мәтіннің мазмұнын баяндайтын, қазақша сөйлеуге жаттыққан, қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих
«Тіл дамыту» курсы бойынша бағдарлама
- орыс сыныбы
Аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz