4-бөлім: Дербес компьютерлер - жалпы мәлімет, құрауыштары және жіктелуі

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектеп,
Информатика пәні мұғалімі
Құрманбай Айгүл
Сабақтың тақырыбы: 4-бөлім. Дербес компьютерлер. 4. 1-тақырып. Дербес компьютер туралы жалпы
мәлімет. 4. 2-тақырып. Дербес компьютердің құрауыштары. 4. 3. -тақырып. Дербес компьютерді жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді
жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
- Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз не?
- Және, немесе, емес схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?
- Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады?
- Триггер схемасын көрсет.
- Қосындылауыш деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4-бөлім. Дербес компьютерлер.
4. 1-тақырып. Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға мәжбүр болды.
ЭЕМ түрлерінің ең маңызды сипаттамалары:
- Уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшаңдығы MIPS;
- операция орындайтын сандардың берілу түрі мен разрядтылығы;
- жадтайтын (есте сақтайтын) құрылғылардың сыйымдылығы мен шапшаңдығы.
Үлкен
ЭЕМ-дер
Мини
ЭЕМ-дер
Микро
ЭЕМ-дер
- Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
- Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар?
- ДК-дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?
- ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?
- ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығыңдар?
- Монитор неге арналған?
Үйге тапсырма:
Практикум 4. 6, 4. 7, 4. 8, 4. 9 тапсырмалар. Оқулық: 4-бөлім. Дербес компьютерлер.
Сабақты қорытындылау : Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.