Өлі табиғат факторы

11 “а” сыныбында биология пәнінен ашық сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия
алмасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : табиғаттағы тірі және өлі заттар арасында алмасу процестері туралы түсінік беру арқылы, оқушылардың қоректік тізбек, зат және энергия алмасу туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық : адамның іс-әрекетінің табиғаттағы зат және энергия алмасуына әсері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік : адам әрекетінен пайда болған экологиялық апаттар туралы мәлімет жинақтау арқылы, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға, сүюге және әр түрлілігін сақтап қалуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жұппен жұмыс
Әдісі : Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Эпиграф: «Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады» (Гете)
Барлық тіршіліктің қоныс мекені, құт-берекесі - табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы.
Ой сергіту сәті ( өткен сабақты қайталау, жинақтау) ( 5 мин)
- «Экология» терминін ғылымға енгізген ғалым? (Э. Геккель)
- Зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен оны қоршаған абиотикалық ортаны біріктіретін жүйе? (биогеоценоз)
- Экологияның негізгі бөлімдері: (аутоэкология, синэкология, демоэкорлогия)
- Жеке организмдерді қоршаған ортамен байланыстырап зерттейтін бөлімі:(аутоэкология)
- Популяцияның арақатынасын, даму заңдылықтарын табиғи ортамен байланыстырып зерттейтін
бөлімі : ( демоэкология )
- Бірлестік экологиясы, түраралық өзара қатынасты зерттейтін бөлімі: (синэкология)
- Адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы: (экологиялық саналылық)
- «Табиғат, адам - олардан құпия не бар?» - деп толғанған жаҺангер ағартушы : (Ш. Уәлиханов)
- Жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі:(георграфиялық қабық)
- Геграфиялық қабықтың жоғары деңгейдегі табиғи жүйесі: (ландшафт)
- «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігіььі қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - деген кім еді?
I деңгей (алгоритмдік деңгей) (10 минут)
Үй тапсырмасын тексеріп, тақырыпты бекіту алгоритмі
« Біліміңізді тексеріңіз »
1-тапсырма : кестені толтыр
2-тапсырма . Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет
А. Организмдердің жер бетіне кең таралуын шектеп отыратын факторлар: қолайлы, қолайсыз, шектеуші
Ә. Ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер : інжугүл, элодея, теріскен, селеу. Б. Топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдіктер тобы: криптофиттер, терофиттер, эпифиттер
3-тапсырма:
Абиотикалық фактор дегеніміз не? (сызбаны толтыр)
1. Пойкилотермді 1. Ксерофиттер
2. Гомойотермді 2. Суккуленттер
3. Мезофиттер
4. Гигрофиттер
5. Гидрофиттер
Биотикалық фактор дегеніміз не?
Биотикалық фактор деп тірі ағзалардың біріне-бірінің себепші болған факторларын айтады. Бұған жыртқыштық, селбесу және паразатизм жатады.
Зат айналымы дегеніміз не?
Табиғаттағы заттардың азды-көпті айналымы мен олардың бірінің орнын бірі басуды қайталайтын үдерісті заттар айналымы деп атайды. Заттар айналымында тірі ағзалар орасан зор рөл атқарады.
Биосфераның тұрақтылығына ағзалардың үш тобының - автотрофтылар, гетеротрофтылар мен сапротрофтылар себепкер болады.
II деңгей ( эвристикалық деңгей )
Жаңа тақырыпты өз бетімен м еңгеріп көруге мүмкіндік туғызу (5-7 минут)
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
1-тапсырма. Тірі ағзалардың экологиялық топтарын тізбелеп беріңіз .
Продуценттер (түзушілер) Консументтер (тұтынушылар) Редуценттер (ыдыратушылар)
2-тапсырма . Организмдерді қоректенуіне қарай жіктеңіз:
III деңгей ( логикалық деңгей)
1-кезең: 1-тапсырма:
Пирамида ережесін тақырып мәтінінен тауып жаз.
10г - 4 трофикалық деңгей (редуцент) ;
1 кг - ___3 трофикалық деңгей (консумент - 2) ;
100 кг - 2 трофикалық деңгей (консумент -1) ;
10 т - 1 трофикалық деңгей (консумент)
2-тапсырма: Популяциялардың биологиялық өнімділігінің формуласын жазып түсіндір:
Р=(В - В ) + Е
Р- өнімділік; В - және В - алғашқы және соңғы биомасса;
Е - кірістер мен шығыстар.
3-тапсырма:
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз:
А. Белгілі бір аумақта нақты көлем бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің
биомассасы деп аталады.
Ә. Жануарлардың қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға кетуін
деп аталады.
2-кезең: тестік жұмыс
Тест сұрақтары:
1. Экология нені зерттейді?
А) Тірі организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым-қатынас жасайтын табиғи ортаны.
Б) Тірі организмдерді.
С) Тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын.
Д) Тірі организмдердің тіршілік ортасын.
Е) Тірі организмдердің өзара байланыстарын.
2. Экология терминін енгізген ғалым:
А) Ж. Буффон Б) Ч. Элтон С) Ж. Ламарк Д) А. ГумбольдЕ) Э. Геккель
3. Жеке ағзаның арасындағы қарым- қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі:
А) Аутэкология Б) Демоэкология С) Синэкология Е) Экожүйе туралы ілім.
4. Бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі:
А) Аутэкология Б) Демэкология С) Синэ Д) Биосфера туралы ілім Е) Экожүйе туралы ілім
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz