Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Гипсті сумен

Түйіндеме

Аты-жөні: Кенжебаев
Өрікбай
Туған жылы: 16.05.1955ж
Ұлты: қазақ
Жұмыс орны: Сайрам ауданы

Ақсукент ауылы
№20 С.Сейфуллин атындағы

мектеп-гимназиясы
Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
Ақсукент ауылы
Бимурзаева Көшесі №106
Сымтетігі : 20-288
Білімі: Арнаулы
Мамандығы: Технология пәні мұғалімі
Бітірген оқу орны: Түркістан қаласындағы ТИПТ
Еңбек өтілі: 31 жыл
Қосымша мәліметтер: Қолөнер бойынша оқушылврым аудандық , облыстық
жарыстардан бас жүлдеге ие болған. Материалдарым аудандық, облыстық
баспасөз бетінде және республикалық әдістемелік «Мектептегі технология»
журналында жарияланды.

Нұрын шашқан Түркістан

Білімділік мақсаты: Оқушыларға түркі халықтарының ордасы-Түркістан
туралы мағлұмат беріп, Қожа Ахмет Иассауидің өмір жолымен таныстыру,
кесенесінің макетін жасату.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жалпы іскерлігі мен сәндік
қолданбалы өнерді үйрену, жоспарлы ойлау іс - әрекетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың өз елін қорғау рухын көтеруге,өнер
арқылы өз халқын, мәдени мұрасын, ұлттық қол өнерін сүюге, салт дәстүрін
дәріптеуге, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, имандылыққа, адалдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қожа Ахмет Иассауи» кітабы, авторы Б.Т.Тұяқбаева
Қожа Ахмет Иассауи мовзелейінің суреті, Қожа Ахмет Иассауи суреті, нұсқау
карта, үлгі, газет-журналдарға шыққан материалдар.
Түркістан - қазақ халқының мақтанышы. Тіпті күллі түрік кие тұтар
қара шаңырақ Түркістан түгел түрік әлемінің Темірқазығы, рухының рауаны
Түркістан ислам әлеміндегі екінші Мекке. Орта Азияда теңдесі жоқ ғажайып
ғимарат. Түркістан ежелден теңдік пен әділеттікке , тыныштық пен рухани
бірлікке, әлемдік бейбітшілікке үндейтін, ынтымақ ұялаған жер.
Алауыздықтың салдарынан жауынан жеңілген сәттерде Түркістанға
келіп, әруаққа тағзым етіп, есін жинап, ынтымақ тапқан Алладан медет сұрап,
күш-жігер жинап, бас біріктіріп, жауға қайта шапқанда жеңіске жетіп
отырған.
Міне, бұл елдіктің, бірліктің белгісі еді. Ер еңсесін көтеріп,
елдікке жеткізген Түркістанды тәбәрік Шаһар дейміз.
Қожа Ахмет Иассауи ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық құрып
ашқан діни ағартушы сопылардың пірі (ұстазы) болған. Иассауи Сайрам
қаласында туып, Иассыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген
атпен танымал. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибрахимнің мазары Сайрамда,
алғашқы ұстазы Ақ-Ата, ұстазы Арыстанбаб. Ахмет Иассауидің 90 мың шәкірті
болған. Олар ұстазының сапалық білімін Орта Азия, Анадолы- Түркістанға
дейін таратып алып кеткен. Қожа Ахмет Иассауи үлкен кешенін тұрғызуға Әмір
Темір небір сәулетшілер, зергерлермен шеберлерді жинап, 1397-1404 жылдары,
яғни жеті жылда ең соңғы үздік үлгісімен тұрғызылды. Қожа Ахмет Иассауидін
қабірі жатқан Әзірет Сұлтан топырағы қазақ халқының әйгілі хандары, даңқты
батырлары, мұнда Есім ханның, Жәңгір ханның, әз Тәуке ханның, Абылай
ханның, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қанжығалы Бөгенбай Батырдың сүйектері
жерленген.
Түркістан тұла бойы тұнған тарих. Түркістан музей қала. Тайқазанның
салмағы 2 тонна, асыл құймадан, сыйымдылығы 3 мың литр сұйық, диаметрі 242
см, биіктігі 162 см. 2003 жылғы маусымда Қожа Ахмет Иассауи мазары
ЮНЕСКО–ның Бүкіл дүние жүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Береке мен ынтымақтық белгісіндей қасиетті қазан. Иманды болуға үндейді,
адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақыратынын айта отырып, біз Қожа Ахмет
Иассауй мавзолейінің макетін жасауға оқушылармен ұйғардық.Өзіміз жасаған
технологиялық картаны басшылыққа ала отырып, өлшемдерін (1) ағаш тақтаға
белгі сызамыз. Сызғаннан кейін қол бұрғымен ойып,(2) жұқа ағашты ойылған
жерге қағамыз. Оны қада (2) есебінде пайдаланамыз. Себебі ортасы қуыс, тай
қазан тұратын болғандықтан, алдыңғы екі бұрышына (3) қағаз Ø8 түтікті
қоямыз жан-жағына опалка жақтау (4) қойып, гипсті (5) дайындап, айналдыра
қалыңдығы 30 см өлшем бойынша құйып, 30 минуттан соң жақтауларды алып, жан-
жағын қырғышпен қырып, тазалаймыз. Жұқа ағашпен төбесін (6) жауып, гипсті
жұқалап жағамыз және қағаз түтіктің жан-жағына , ішіне құямыз, (7)
жаматхана, өлшем бойынша төрт бұрышын шығарып, гипс кепкен соң, (7) алты
бұрыш қылып құямыз. Ортасы қуыс бос болады. жаматхананың күмбезін дайындау
үшін (9) үлкен кесеге, мешіт дайындау үшін кішкентай кесеге май жағамыз да,
(5) гипс құямыз. Кепкен соң аударып, дөңгелек сұлбасы шығады. Майдың
пайдасы тез түседі. Сұлбаның ішін ойып, өлшем бойынша орын-орнына қойып,
жиегіне бұранды шегемен бекітеміз. Қалған жерлерін гипс жағып, кепкен соң
қырып, күмбез өрнектерін саламыз, зімпара қағазбен тазалаймыз. Күмбездерін
бояу падаланып әшекейлеп, лактеп қоямыз. Ортасына тай қазанның макетін
қоюға және 12в ток көзімен жарықтандыруға болады.

Технологиялық карта

|р/с|Жұмыстың орындалу |Сызба түрінде нұсқа |Қажетті |
| |реті | |құрал-сайманда|
| | | |р |
|1. |Дайындалған ағаш | |1.Метрлік, |
| |тақтай | |сызғыш, |
| |60см х 85см | |карандаш, |
|2. |Өлшемі | |бұрыштама |
| |50см х 75см сызық | |2. Қол бұрғы, |
| |түсіру, тесу. | | |
| |Қада қағу, қағаз | |3. Қол бұрғы, |
|3. |түтік 8 см | |қада, балға |
| |қоямыз | | |
|4. |Жақтау | |4. Балға, шеге|
| |Қалыңдығы 30 мм | | |
| | | | |
|5. |Гипсті сумен | |5. Гипс, су, |
| |араластырып құю. | |пластмасса |
| | | |ыдыс |
|6. |Жұқа ағашпен | |6. Ара, балға,|
| |төбесін жабу. | |сызғыш, |
| | | |бұрыштама, |
| |Түтік 8 см,| |егеу, карандаш|
| |ұзындығы 40 см | | |
|7. |Жаматхана | |7. Гипс, су, |
| |23см х 23см | |пластмасса |
| | | |ыдыс, өсімдік |
|8. |Алтыбұрыш | |майы, |
| | | |8. қырғыш, |
|9. |Күмбез 18 | |егеу,құмқағаз.|
| |см | |9. Ою |
| | | |түсіретін |
| | | |пышақ |
|10 |Гипсті кесеге құю | |10. Қашау, |
| |арқылы күмбез | |қырғыш, егеу, |
| |сұлбасын жасау | |құм қағаз, |
| |,кептіру, тазалау,| |баяу, лак |
| |ою-өрнек салу , | | |
| |лактеу | | |

Жасалынған макеттердің суреттері

Кенжебаев Өрікбай
Технология пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы , Ақсукент ауылы
№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы
-----------------------

Ұқсас жұмыстар
Дендерім - байтақ мекенім
Жанартаулар, ыстық бұлақтар мен гейзерлер
Бисермен жұмыс
Металдардың коррозияға ұшырауы
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Сусыз тіршілік жоқ
Жалпы химиялық қасиеттері
Сусыз тіршілік жоқ. дүниетану. 3 сынып
Оксидтер түз түзбейтіндер
Су - таңғажайып зат. сабақ жоспары
Пәндер