Құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Құрмалас сөйлем .
Мақсат:
1. Оқытушылық :
Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша мәлімет алуды ұйымдастыру.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың өздік білім алу, грамматикадан алған білімдеріін іс жүзінде қолдана білу машықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік:
Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілік:
интерактивті тақтада сабаққа арналған презентация: Ш. Уәлихановтың портреті, интернеттен алынған материалдар-Шоқанның орыс достары, ескерткіштері, дискіге жазылған мәтіндер, кесте, грамматикалық тапсырмалар.
І. Тақырыпқа кіріспе.
1- тапсырма. Салыстырып оқып шығыңдар.
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, іс қалады,
сөз қалады.
Цветы увядают, звёзды гаснут, люди умирают.
Только у человека есть одна особенность- после него остаётся след, дело, слово
ІІ. Пікір алмасу.
Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?( тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)
Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
ІІІ. Зерттеу жұмысы.
Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі - Шоқан Уәлиханов.
Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірімен, ғылыми қызметімен танысу үшін зерттеу жұмысын жүргіземіз.
Ол үшін сендерінге бірнеше мәтін ұсынылады. Мәтіндерді оқып, берілген кестені толтыру керек.
Тапсырма:
Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр оқушыға кесте таратылады(
Аты -жөні,
ғылыми қызметі
Орыс ғалымдарымен
байланысы
ІV. Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.
1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.
2. Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен ашылады.
3. Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд көрсетіледі.
Тапсырма:
1. Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар
Аты -жөні,
ғылыми қызметі
Орыс ғалымдарымен
байланысы
Шоқан
(Мұхамед-ханафия)
Уәлиханов.
Зерттеуші ғалым, этнограф, географ, тарихшы, саяхатшы,
ағартушы демократ,
суретші
1835 -1865
Қостанай облысы
Құсмұрын бекеті.
П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен,
Ф. Достоевскиймен
дос болған.
Омбыдағы
кадет корпусы.
Араб, шағатай, түркі, орыс тілдері.
1957жылы 22 жасында орыс география қоғамына мүше болып сайланды.
19 жасында Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік -шығыс аудандарын басқарды.
Генерал-губернатор Г. Х. Гасфорттың адьютанты болды.
Аңыз, әңгімелер, халық ауыз әдебиеті, Қазақ тарихы,
Түркістан тарихы, шығыстану,
география, қазақ, ұйғыр, қырғыз, дүңген, қытай халықтарының тарихы мен этнографиясы,
фольклор, сәулет өнері.
«Алты шаһардың жайы туралы»,
«Іле өлкесінің географиялық очеркі»,
«Жоңғария очерктері»,
«Ыстықкөл
сапарының күнделіктері»,
«Қырғыздар туралы жазбалар»,
«Манас» жырын алғаш қағаз бетіне түсірді.
V. Кесте бойынша диалог құру.
VI. Кесте бойынша әңгімелеу.
VII. Аудару жұмысы.
Тапсырма: Ұлы ғалым-Шоқан айтқан сөзді оқып, аударыңдар.
Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Сөздік құрастырып жазыңдар.
Шоқан Уәлихановтың сөзі.
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі - талап,
Шолушысы - ой,
Сынаушысы - халық,
Қорғаушысы - сабыр,
Қорғанышы -мінез,
Ең қымбаттысы - ар,
Таусылмайтыны - арман
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Сөздік:
Басшы -предводитель
ақыл - ум
Жетекші - руководитель
талап - стремление
шолушы - обозреватель
ой -мысль
Сынаушы - критик
Қорғаушы- защитник
сабыр - терпение, выдержка
Ең қымбаттысы - самое дорогое
мінез- харектер
Таусылмайтыны - несканчаемый
ар - совесть
Зерттеу жұмысына арналған материалдар
Шоқан Уәлиханов - суретші
Шоқанды замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Суретшілік өнер, тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы - Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томында және «Шоқан және өнер » атты кітапта басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқанның шын мәніндегі суретші екенін дәлелдейді.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүіндерге де ерекше көңіл бөлген. Оқазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі.
Сөздік
замандас-современник қайталанбас - неповторимый
саяхатшы -путешественник таныған - признали
дәлелдейді - доказывает
сегіз қырлы - всесторонне развитый тұлға - личность
шын мәніндегі - в действительности
Сәулет өнері үлгілері -образцы архитектурного искусства
Таңбалы тастар -камни с надписью
Тас мүсіндер -каменные фигуры
Қазақтың зерттеуші ғалымы - Шоқан
Ш. Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді.
Шоқан Уәлиханов с аяхатшы - ғалым. « Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі»
Шоқан - қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, с аяхатшы - ғалым. « Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектер жазған.
Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.
Сөздік
өнер туындылары - произведения искусства
ғасырлар бойы - веками
саяхатшы - путешественник
Шоқан Уәлиханов
Ш Уәлиханов - қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы- демократ.
Ол 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсіп, 1953 жылы бітірді. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқарды.
Генерал-губернатор Г. Х. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Бас штабта Азия департаментінде қызмет етті.
1857 жылы 22 жасында Орыс география қоғамына мүше болып са
VIII. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.
Тапсырмаларды орындаңдар. (Интерактивті тақтаны қолдану)
1. Сызба құру: «Құрмалас сөйлем», «Салалас сөйлем түрлері», « Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері»
2. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.
1. . Жаңбыр тоқтады . . . , күн жылынды.
2. Бүгін жақсы жауап бердім, . . . мұғалім риза болды .
3) Жиналыс бітті, . . . халық тараған жоқ.
4) Бүгін жол тайғақ, . . . кеше қар аралас жаңбыр жауған.
5) Қалаға . . . Айгүл барады, . . . мен барамын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz