Ішкі құлақ

Кіріктірілген сабақ (физика+ биология) 10-сынып

Биология пәні мұғалімі: Төрежанова Светлана Кеңшілікқызы

Физика пәні мұғалімі: Қуанова Айгүл Күнпейісқызы

Тақырып : Тірі табиғаттағы дыбыстық құбылыстар

Тақырыпты меңгертудің мақсаттары :

Білімділік :Құлақтың құрылысы туралы толық меңгеруіне жағдай жасау арқылы естудің әртүрлі ағзалардағы ерекшеліктерін өз бетімен меңгерту, жеткен деңгей нәтижесін әділ бағалау.

Тәрбиелік: Мазмұнды тәрбиелік мәні бар тапсырмалармен толықтыру арқылы белгілі көзқарас қалыптастыру, физикалық және биологиялық білімдерін өмірде қолдана білу.

Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмаларды орындатуға жағдай жасау, сөйлеу, ойлау, салыстыру қабілеттерін ұштау.

1 кезең

Пункт а) ұйымдастыру сәтін өткізу;

Пункт ә) үй жұмысын тексеру

Пункт б) көпір тапсырмалары

1. Акустика ғылымы нені зерттейді?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Дыбыс сипаттамаларын ата

4. Адам қандай жиілік диапазонында дыбысты қабылдайды?

5. Дыбыссыз дыбыс түрлері қандай?

6. Қандай тіршілік иелері 20-30-мың Гц-ке дейінгі ультрадыбысты қабылдай алады?

7. Биоакустика ғылымы нені зерттейді?

2 кезең

(топтық жұмыс арқылы құзіреттілікті біртіндеп қалыптастыру бөлімі)

Пункт а) Мақсаты:жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу(5-7 минут)

Әдісі: оқулықпен жұмыс

Формасы : жұптық

Мазмұны:

ІІ кезең

1. Есту мүшесінің қандай маңызы бар?

2. Есту мүшесінің құрылысы

Сыртқы құлақ
Ортаңғы құлақ
Ішкі құлақ
Сыртқы құлақ:
Ортаңғы құлақ:
Ішкі құлақ:

3. Осы дыбыс толқындары қайда беріледі?

4. Дыбыстың үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы қайда талданады?

5. Тепе-теңдік мүшесінің орналасқан жері . . .

6. Неліктен ортаңғы құлақ ауамен, ал ішкі құлақ сұйықпен толы болады ?

Пункт ә) Мақсаты:жоғарыдағы а) пункті тапсырмаларынмұғалім көмегімен бірге талқылап, оқушылардың өзіне қорытынды шығарту сәттері

Әдісі: сұрақ-жауап

Формасы : жалпы

Мазмұны:

7 . Адам алтыбақанда ұзақ ойнағанда неліктен басы айналып, тепе-теңдікті сақтай алмайды?

8 Не себепті самайдан соққы тигенде есту қызметі бұзылады?

9 Насекомдар, құстар, балықтарда есту қызметі қандай?

10. Көртышқан, мұртты кит, дельфиндерде неге құлақ қалқаны болмайды?

11. Африкандық фенек түлкісінің өзінің ұзындығы 40 см, ал құлақ қалқанының ұзындығы 15 см-ге тең. Бұны қалай түсіндіруге болады? Ал пілдің ше?

12. Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы кестесімен танысайық .

Қоңырауды бос ыдыста, содан кейін суы бар ыдыста қағып көр. Шыққан дыбыстардың қаттылығы бірдей ме?Кестені пайдаланып су мен ауаның дыбыс өткізгіштік қасиеттерін салыстыр

Табиғи орта
20 0 с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы
Табиғи орта: ауа
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 340 м/с
Табиғи орта: су
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 1490м/с
Табиғи орта: болат
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 4380 м/с
Табиғи орта: темір
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 5850 м/с
Табиғи орта: шыны
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 5600 м/с
Табиғи орта: сутек
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 1280 м/с
Табиғи орта: каучук
200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы: 50 м/с

13 Эксперимент жүзінде құлақтың құрылысын тексер

14. Электрондық оқулықпен жұмыс.

Рефлексия

Білемін
Білдім
Білгім келеді
Білемін:
Білдім:
Білгім келеді:

Пункт ә) Мақсаты:жоғарыдағы меңгерген білімдерін мысалдармен бекіту сәті

Әдісі: тәжірибелер орындау

Формасы :жеке және топтық

Мазмұны:

Жаңа сабақты бекіту жұмыстары

1. Тәжірибе №1 Адамда, жануарларда неге екі құлақ болады? Түсіндір.

2. Тәжірибе №2 Қалың қағаздың бетіне тарақты тісімен жүргіз. Дыбыстың неге шыққанын айт. Осы тәжірибені физика тұрғысынан түсіндір.

3. Тәжірибе №3 Орындық аяғына гитара не домбыра шегін керіп байлап, дыбысын шығарып көріңдер. Тәжірибені түсіндір

4. Тәжірибе №4 Үнтаспадан үрленген шарды 10 см қашықтықта қойып, тыңда . Қандай құбылысты байқайсыңдар?

ІІІ кезең(кері байланыс)

(әр оқушының қалыптасқан құзіреттілік деңгейін айқындап бағалау үшін)


Ұқсас жұмыстар
Есту мүшесі
«есту мүшесі. құлақтың құрылысы»
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті. 7 сынып
Есту мүшесі туралы
Есту мүшесі және есту анализаторы
Ішкі энергия
Иіс сезу орталығынан
Сүйекті балықтар
Адамның дене мүшелері. Дене мүшелері туралы
Сүтқоректілер класы. тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz