Австралияның табиғат зоналары

Сабақтың тақырыбы: §55. Австралияның табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналсу заңдылықтары туралы түсінік беру;
ә) Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру;
б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерінің сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың оқу жабдығы:
Австралияның табиғат зоналар картасы, интерактивті тақта, слайдтар, кроссвордтар.
Сабақ түрі: аралас
Пән аралық байланыс: биология пәні
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру ( психалогиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Логикалық сызбадағы бос орынды толтыр
2. Австралия климат белдеулерінің әр қайсысына сәйкес келетін ерекшеліктерін ірікте
1) жауын-шашын аз жауады; 2) жауын-шаын көп жауады; 3) жыл бойы пассаттар соғып тұрады; 4) жыл мезгілдеріне қарай желдер өзгеріп отырады;
5) жазда экваторлық, ал қыста тропиктик ауа массалары басым болады; 6) жыл бойына ылғалды және ыстық; 7) жазда тропиктік, ал қыста қоңыржай ауа массалары басым болады; 8) материктің солтүстігінде орналасқан; 9) температурасы мен жауын-шашын мөлшерінде маусымдарға қарай елеулі айырмашылықтар болады; 10) криктердің пайда болуына ықпал етеді; 11) материктің басым көпшілігін алып жатыр; 12) материктің оңтүстік батысында орналасқан;
3) Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары -
4) Австралияда өзендер мен көлдердің аздығы неліктен деп ойлайсың?
ІІІ. Қызығушылықты ояту:
Қызықты деректерге көңіл аударайық.
Киви жемісі - Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішінде қоңыр-жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустары күңгірт жылтырайды. Әп-сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып, әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес кәдімгі
киви
екендігін дәлелдейді.
Киви - жемісін жинау бүкілхалықтық мереке Жаңа Зеландияда, Те-Пуке-кивидің астанасы, 0 ْْ С температура жағдайында киви дәмді және хош иісті күйінде жарты жыл, ал уйдегі тоңазытқышта бір неше апта бойы сақталады, ол 30 елге тасымалданады.
Эвкалипт ағашы
ауыр әрі тығыз сүрегінің өте беріктігі, ол әсіресе кеме жасауда, телеграф бағаналарын, жапырақтарынан дәрі-дәрмек алуда пайдаланады. Тез өседі, ылғал көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындаңы суды сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті
«безгекке қарсы»
ағаш деп те атайды. Эвколипт өскен жерде батпақ болмайды. Сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрғынның өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерді құрғату үшін эвкалипті отырғызады.
Үйрек тұмсық
- су астында көрмейді де, естімейді де. Ол су астында бір минутқа жақын шыдай алады, тәбеті адам айтқысыз күшті. Ол күніне 1 кг, яғни өзінің жеке салмағының жартысындай ас жейді, бірақ оның тісі жоқ, ол асты таңдайына ысқылап, ұсатып жейді, 2 см-дей 2-3 ақ дөңгелек жұмыртқа салады, 10 күннен кейін жұмыртқа жарып шыққан балаларын бес ай сүтімен асырайды екен.
Молох кесірткесі
- оның денесіндегі тікенекті бездер ауадағы ылғалды жеткілікті жұтып отыруға бейімделген.
Коала аюы -
эвколиптің жапырағын жеп күнелтеді, 1 ағашты жеп біткенше түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса коала аштан өледі, басқа азық жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болатын көрінеді. Австралиялық тайпа коаланы «су ішпеу» деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салмағы 10 кг жуық. Жаңа туылған баласының ұзындығы 2 см, ал салмағы 5 г болады. 5-6 ай сүт емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын «қолына алып» тербетіп қамқорлық жасайды екен.
IV. Жаңа сабақ.
Жоспары:
- Табиғат зоналарының орналасуы.
- Өсімдігінің ерекшелігі.
- Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, оның өзгеше болуының себептері.
V. «Мағынаны тану» кезеңі
Әр топқа тапсырмалар беріледі, талдап мағынасын түсіндіреді.
1-тапсырма: Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?
Оқушылардың табиғат зоналарының бірін-бірі ауыстырып отыруының себебін түсіндіру (Слайд №1) .
2-тапсырма: Өсімдіктер дүниесінің ерекшелігіне тоқталу.
1) Ағаштар өздерінің . . . емес, қабығын жоғалтады.
2) Австралияның жартылай шөл аймақтарында тікенекті акациялардан тұратын биіктігі - . . . метрге дейін жететін қопалар кездеседі, ол . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz