Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көміртектің табиғаттағы айналымы

«Георгиевка орта мектебі» ММ

Тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы

Сыныбы: 9 «Г»

Химия пәнінің
мұғалімі

Мурзагулова Мейрамгуль Далеловна

Қалбатау ауылы

2010- 2011 оқу жылы

Сыныбы: 9 «Г». Күні 30.11.10

Тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы.

Мақсаты:

Білімділік: Көміртектің физикалық және химиялық қасиетімен таныстыру,
аллотропиялық түр өзгерісі жайлы түсінік беру және айырмашылығын анықтау.
Көміртектің табиғаттағы айналымы және көмірқышқыл газының тірі организмдегі
айналымы туралы мағлұмат беру. Адсорбция және фотосинтез ұғымдарына түсінік
беру.

Дамытушылық: Химиялық элементке жалпы сипаттама беру, реакция теңдеуін құру
және кристалдық тор ұғымын қайталап, тереңдете түсу. Оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, тез ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбектену іскерліктерін арттыра отырып, оқушылардың танымдық
белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа,
тиянақтылыққа, ізгілікке және экологиялық ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, периодтық жүйе. Зертханалық құрал-
жабдықтар.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.

Әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма: §21. №4,5,6. 95 бет

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІV. Жаңа сабақ:

1. Хат оқу.

Кімге: 9 «Г» сыныбына

«2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін

Химияны оқу парызымыз.»

Кімнен: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат, 6 пәтерінің тұрғыны.

Бұл қай элемент екен? Периодтық жүйеден қарап көрейік.

- Көміртек.

Көміртек метал ма, бейметалл ма? - Бейметалл.

Алмаздың кристалл торындағы (тетраэдр пішінді) әрбір көміртек атомы,
айналасындағы бірдей қашықтықта орналасқан басқа төрт атоммен ковалентті
байланысады. Бұл байланыстардың беріктігі барлық бағыттарда бірдей,
сондықтан алмаз - өте қатты, мөлдір, түссіз, электр тогын өткізбейді. Алмаз
өте қатты зат болғандықтан бұрғы, егеу, шыны кескіш ретінде қолданылады.Ал
мөлдір болғандықтан асыл тас ретінде әшекейлік бұйымдар жасауға
пайдаланылады.

Графиттің – алтыбұрышты призма тәріздес кристалл торында атомдар
қабатталып орналасады және бір жазықтықта орналасқан атомдарға қарағанда,
әртүрлі жазықтықта орналасқан атомдардың арақашықтығы әлдеқайда үлкен
болады. Осыған сәйкес графит жұмсақ мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр
түсті зат, электр тогын біршама жақсы өткізеді. Графит, оңай үгілетін зат,
қағаз бетіне ізін қалдырады. Сондықтан қарындаштың өзегін жасауға,
электродтар жасауға, техникада «құрғақ май» ретінде қолданылады.

Карбин – қара түсті ұнтақ. Көміртек атомдары бір түзудің бойында
тізбектеліп орналасқан.

Көміртек- суда ерімейді, ағаш көмірі – құрылысы кеуек болғандықтан өз
бетінде газдарды, сұйықтарды сіңіреді. Осы қасиетін адсорбция деп атайды.

Көміртек – тірі табиғатта маңызы зор элемент. Фотосинтез процесі
нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға
айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қоректенеді және тыныс алу арқылы
қайтадан атмосфераға шығарады.

Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары әрі қарай шіру процесінің нәтижесінде ,
жанғыш кенге . яғни тас көмір , мұнай және табиғи газға айналады.Оларды
өндіріп, отын ретінде пайдаланып жаққанда түзілген көміртек диоксиді тағы
да атмосфераға қайтады. Осылайша табиғатта көміртектің айналымы үздіксіз
жүріп жатады.

Көміртектің табиғаттағы айналымы.

Көмірқышқыл газының тірі организмдегі айналымы.

Көміртектің табиғаттағы айналымы тіршілік үшін өте маңызды процесс –
фотосинтез арқылы іске асады.

Ғылымдағы жаңалықтар туралы баяндама оқу.

V. Деңгей бойынша тапсырмалар.

VI. Бекіту.

VІI. Қорытынды, бағалау.

-----------------------
* Адсорбция дегеніміз не?

* Көміртектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар?

1. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка

түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру

арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?

2. Техникада “құрғақ май” ретінде қолданылатын зат.

1. Көміртектің металдармен қосылысы қалай аталады?

2. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай?

Ұқсас жұмыстар
Көміртектің қосылыстары
Бағалау бетшесі
Нуклидтер тобы
Топта талқылау
Тау түзілу үдерісі
Тірі табиғат
Су. табиғаттағы су айналымы жайлы ақпарат
Суқоймаларды қорғау
Тиімді жоспар - нәтижелі сабақ
Азоттың табиғаттағы айналымы.Оқушылардың азот топшасындағы азот атомдарының қасиеттерi мен қосылыстары туралы
Пәндер