Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер

Карашинов Каскырбай Серікбайұлы
Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін №1 мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы
Арқалық қаласы
Сабактың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы тарауын қайталау
Сабактың түрі: «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны
Сабактың максаты: оқушылардың алған білімдерін бекіту.
Ойынның шарты:
Құрал-жабдығы:
- Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған жетондар.
- Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген шеңберлер.
- Сандар жазылған төртбүрыштар.
- Сары («3» бағасы), жасыл («4»бағасы), көк («5»бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты көк түсті фишкалар.
- Үстелдердің сілтемесі.
- Ортақ бағалау парағы.
- Үш деңгейдегі тапсырмалар жазылған карточкалар.
- Жауап үлгілері жазылған карточкалар.Ойынның жүру барысы:
Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде - үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген шеңберлер; осы қатарлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында - бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сүрақтары (2), ен үстіне үшінші деңгейдің сүрақтары (1) . Әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сүрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұраққа дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрактардың жауабы күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші сандар жазылған төртбұрышты жаяды. Мысалға, «2» түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді.
Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Барлық топқа бірдей тапсырмалар даярланады.
Билеттер орналасатын шеңбер (4 адамнан тұратын топқа)
Ойынға қатысушылар жетоны
Ойынның тапсырмалары:
III деңгей тапсырмасы:
- Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
- Программа дегеніміз не?
- Кодтар тілі дегеніміз не?
- Транслятор дегеніміз не?
II деңгей тапсырмасы:
- Алгоритнің қасиеттерін ата және түсініктеме бер.
- Алгоритнің өрнектелу жолдарын ата және түсініктеме бер.
- Алгоритмді өңдейтін шамаларды ата және түсініктеме бер.
- Блок-схема құрудың ережесін ата жәнемысал келтір.
I деңгей тапсырмасы:
- Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің жұмыс ерекшеліктерін ата.
- Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер.
- Күрделі шарттарды пайдалану жолдарын ата.
- Компьютерде есеп шығару кезеңдерін ата. Толық түсініктеме бер.
II. Практикалық жұмыс
Шарты: оқушылар 5 топқа бөлінеді және топқа байланысты тапсырмаларды алып, орындайды. Жылдам және қатесіз орындаған топ оқушылары марапатталады. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын мұғалім қадағалайды және бағалайды.
Жұмыс тапсырмалары:
I топ тапсырмасы:
- y=a2+d2формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.
- ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін қүрыңдар.
II топ тапсырмасы:
- х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.
- у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойьшша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.
III топ тапсырмасы:
- а =80, в=12 бүтін сандарының ЕҮОБ-ын тап және Евклид алгоритмінің үш қадамы (А=В, А>В, А< В) неше реторындалатынын анықтаңдар.
2. х=4у /(2у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тіңмәнін есептеу алгоритмін жазыңцар.
ІҮ топ тапсырмасы:
1. х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тін мәнін есептеу алгоритмінің блок-схемасын қүрыңдар.
2. у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойынша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схема түрінде күрындар.
V топ тапсырмасы:
- Екі үшбұрыш қабырғалары х, у, zжәнее, f, һ деп берілген. Қайсы үшбүрыштың ауданы үлкен екенін анықтау қажет.
- х, у, zжәне һ төрт түзу сызығының ұзындықтары берілген. Осылар шаршының немесе тіктөрбүрыштың қабырғалары бола ала ма? Соны тексеріңдер.
Қорытынды: ойын және практикалық жұмыстары бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: өткен тақырыптарға шолу жасау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz