Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Математика және біз. 7 сынып
«МаТЕМАТИКА ЖӘНЕ БІЗ» Тапқырлар сайысы
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық
ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу
дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін
кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет
форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме
карточкалар, интерактивті тақта, компьютер
Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -
бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”
Н.Назарбаев
Орыс ғалымы М.Ломоносов
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу
керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты
да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер.
І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.
Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға
өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс
орындауларың қажет.
ІІ: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты,
ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
1) Топтардың таныстыруы.
2) Топ мүшелерінің сайысы.
3) «Жұмбақтар шешейік!»
4) Адасқан әріптерден сөз құрау.
5) Викториналық сұрақтар.
6) Топ жетекшілерінің сайысы.
7) Қорытындылау.
І. « Пропорция » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
« Функция» тобы:
Осындай алғыр достар кез-келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
ІІ. Топ мүшелерінің сайысы. Сұрақтарға екі топ бірдей жауап
береді.(Жауапты жазу үшін қағаздар таратылып, оған жазған жауаптары әділ
қазыларға тапсыралады)
1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді
8-4-3=1 (8+4):3=4 8:4+3=5
8:4·3=6 8-4+3=7 8+4-3=9
(8-4)·3=12 8+4+3=15 8·4-3=29
8·4+3=35 (8+4)·3=36 8·4·3=96
2) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды.
Торғайлардың қаншасы қалды? (10 торғай қалды, ал қалғаны ұшып кетті)
3) Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы
уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (12)
4) Түйе, бота маң басқан
Төр аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген
Қос ешкі туған егізден
Үш қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15)
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бір ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
5) Бір – бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім біледі? (8)
5 ) Дүкеннен мен сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бәрі? (6)
6) Тақтада көрсетілген 81 санынан 63 – ті алып, 86 санына 12- ні қосу
керек. Сонда біріншідегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне
жазбастан қалай көрсетуге болады? (сандар жазылған карточкаларды 900 – қа
бұру керек.)
7) М нүктесі С және Д нүктелерінің арасындағы орналасқан. МС = 4 дм, ДС
=6 дм болса, МД кесіндісінің ұзындығын тап (2)
8) Квадраттың қабырғасы 5 см болса, оның ауданы неге тең?
(25 см 2 )
9) Есептеңіз: -12 + (-2)3 ( - 20 )
10) Салыстыр: а) 9990 және 99990 ( 9990 = 99990 )
б) 23 және 32 ( 23 < 32 )
ІІІ. «Жұмбақтар шешейік!»
1.Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.
( Х )
2) Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Барайын қайда дегізді.
( ∞ шексіздік )
3) Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды.
( циркуль )
4)Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
(жүз-100)
5) Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады.
(Дәреже)
6) Егіз тұған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді,
Бір мәреге келмейді.
(Паралель түзулер)
7) Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай.
(Натурал сан)
8) 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.
(Жыл,12ай,52апта,7күн)
9) Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не?
(0мен 9 арасындағы сандар)
10) Оң сандарға қолшатырдай,
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасың сен оны.
(Квадрат түбір)
IV. Адасқан әріптерден сөз құрау.
1-топқа:
А Н С
Л Е С У Ә
К И Р Ь Л У Ц
А П Р Е Л Ь Л Л А
2-топқа :
У К Б
З У Ү Т
Ұ Р Ш Ы Б
Н У К Я И Ф Ц
V. Викториналық сұрақтар.
1) “Пропорция” тобына
1) 10- ның кубы
2) 1 Км – де қанша метр бар
3) Геометрия сөзінің мағынасы.
4) 3х= -15 теңдеуінің шешімі
5) – 7 санының квадраты
6) 18 және 12 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші
7) – 3 және -5 сандардың көбейтіндісі неге тең
8) Бұрышты өлшеуге арналған құрал.
9) 16 саны 2 санының қандай дәрежесі
10) 2-1 дәрежесі неге тең
11) Өзара қилыспайтын түзулер қалай аталады?
12) N әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді
13) -5 және 10 сандардың қосындысы неге тең ?
14) Жазыңқы бұрыштың өлшемі неше
15) Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
16) Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
17)Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800 )
18)Үшбұрыш төбесінен қарсы қабырғасына жүргізілген перпендикуляр ( биіктік
)
19) Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
20)Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
“Функция” тобына
1) 3 санының кубы
2) 1 кг қанша грамм бар?
3) Геометрия пәнінің негізін қалаған математик
4) -5х=20 теңдеуінің шешімі
5) – 6 санының квадраты
6) 6 және 4 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші
7) – 4 және 5 сандардың көбейтіндісі неге тең
8) Шеңбер салуға арналған құрал
9) 27саны 3 санының қандай дәрежесі
10) 3-2 дәрежесі неге тең ?
11) Сызықтың функцияның графигі қалай аталады?
12) Z әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді
13) -4 және -3 сандардың қосындысы неге тең?
14) Тік бұрыштың өлшемі неше
15) Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)
16)Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800 )
17) Үшбұрыш төбесінен қарсы қабырғасының ортасына жүргізілген кесінді
( медиана )
18) Негізгі геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, жазықтық)
19)Вертикаль бұрыштар қандай (тең)
20)Үшбұрыштың бір іщкі бұрышына сыбайлас бұрыш (сыртқы бұрышы)
VІ. Әр топтың топ жетекшілерінің сайысы.
1) а) Қабырғалары 12см, 7см және 9см болатын
в) бұрыштары 500, 800 және 700 болатын үшбұрыш бола ма?
( а) иә, в)
жоқ )
2) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың
жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
3) дің бөліндісі нешеге
тең? (40)
VІІ.Қорытынды.
Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Осымен «Тапқырлар сайысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-
саламат болыңыздыр!
Мына смайликтің қайсысын таңдайсың?
[pic]
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай аудан
Аршаты ауылы
Аршаты орта мектебі
Математика пәні мұғалімі
Абильмажинова Мақташ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz