Әлімнің әлегі арқылы шыншылдықты қалыптастыру және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Тақырыбы : "Жаман әдетен жирену"

Мақсаты: пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп Е. Домбаевтың "әлемнің әлегі" көрінісімен байланыстыра, оқушылардың әдептілігін, сыпайлығын, шыншылдығын өзара сыйластығын орнатуға, ата-ана, достарын қастерлеуге, сыйлауға жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. "Әлімнің әлегі" көрініс
  3. Ой-пікір
  4. Қортындылау

Жаман әдетермен жанаса, жең ұшынан жалғаса әмпей-жәмпей жүретін, кісілікке жатпайтын, абыройсыз, қылықтардың бірі-өтірік айту. Оны арғы-бергі заманда өмір сүрген ақылман, дана адамдар ен жексұрын кемістік адам деп санайды. Халық өтініші суайт адам қатарына қоспайды. "Өтіріктің құйрығы -бір-ақ тұтам"-деген халық мақалы өтірік сөзінің түбінде шикілігін асығып оны айтушының масқара болатыны мензейді. Ондай кісіде мейлі жас, мейлі жасамыс болсын мұндай абырой бедел болмайды. Халықта бар "өтіріктің өтірігі де, шыны да өтірік", "өтірікшінің шын сөзі-зая"-дейтін мақалдар соған дәлел сонау ерте заманда римдік шешен қазақ мақалдарын сөзбе-сөз дерлік қайталап " Өтірікшіге біз тіпті ол шындықты айтып тұрған кезде де сенбейміз"-депті. Л. Толстойдын оқу құралына енгізілген мынадай шағын әңгімесі бар. Бір қойшы бала күнде "қойға қасқыр шапты"-деп өтірігін айтып дүрліктіре беріпті. Кезекті бір сондай "аттан"-деп келгенде өтірігі ғой деп ешкім елен етіп қоймапты. Бұрақ бұл жолы шынымен қойға қасқыр шауып қырып кетеді. Мұның өзі өтірікшінің жұртты сенімнен айырылып қадірлігін болмайтынын көрсетеді екен. Ал адамдардың қадірсіздігінен өткен не бар?! "Өтірікке әбден үйреніп калған адам шын сөз айта алмайды"-деген де бар. "Айтса айта берсін, аузын аяйсын ба ешкімге содан келіп жатқан зиян жоқ"-деп қарайтындар табылады. Бірақ оларды жөн деуге болмайды. Беті бүлк етпей өтірік соғатын адамды қандай сылтаумен болса да ақтап инабатты, тәрбиелі салмақты кісі қатарына қосу мүмкін емес. Өтірігін өтірікшіге ғана емес, оны тындаушығада зиянын тигізеді.

"Бір құламалақ бір қарынды шірітеді"-демекші зиянсыз өтірік болмайды. Ол алған сөзбен ортаны бүлдіреді, елге ірткі салады. Жұртты алаң қылып адамның бір-біріне күдігін күшейтеді. Ал сенімсіздік жайлаған қоғамның ғұмыры, қысқа. Өтірік құбыла сапасын өзгерте келіп, мүләйімдік, көлгірсу, жағымпаздық, нақақ жала сияқты жағымсыз, кеселді әдеттерге істемегенін істеуі деп обал-сауапқа қарамай ақ адамды нақақ қаралап жала жабу барып тұрған мүләйімдік, құдайдан безген имансыздық болып табылады. Ол өзі зиян мен зардабы, ауқымына қарамай қылмыстың әрекет ретінде заңда қарастырылады.

"Жақ пен тілдің көркі-шын сөз".

Жаман әдеттер

Жағымпаздық, екі жүзділік, көлгірсу мен менсіздік, мақтаншақтық, мылжындық, нашақорлық, сәнқойлық.

"Арамдыққа құл болма, адал болсан

Нашақорды қинама адам болсан

Адал болса-сол ғажап, арам болса-ол азап"

"Жақсы мінез-құлық болып екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиет болып табылады" Әл Фараби

"Өтірік сөз жанға қас

әділ сөздің ізілі жоқ "

"Талапсыз адам-табансыз"

Қандай жаман әдеттер білісіңдер:

Күншілдік, жалқаулық, өзімшілдік, суайттық, екі жүзділік, өсекшілдік, сарандық, мас күнемділік, нашарқорлық, карта ойнау, көп ұйықтау

  1. "Мысалы қазіргі заманда зорлық, алдау, өтірік, нашақорлық, қанішерлік, мейірімсіздік, рақымсыздық т. б. жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек. Ең алдымен барлық адамдарды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып сол адамның бұйрығы арқылы бойынша заң шығару керек, сол заңдарды бұзғанды жазалау керек"
  2. "Адал еңбек, білім үйретумен қатар жаман әдеттерді жою үшін менімше "ар білімі" деген білім оқытылуы керек бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып күн ретінде жасаса әрі-бері күн ретінде жасаса, ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін болмасы да еді. "
  3. "Ал арлы ақылды адам, қианатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтан уды білмейді және істемейді"
  4. "Адамның адамшылығы-ақыл, ғалым, жақсы адам, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздын болуы меніңше Әлімнің айласы жақсы адамдар олар Әлімге жақсы жолға түсіруді деп есептеймін

Дулат . «Шындық бар жерде,

Өтірік байқап жүреді.

Шындық жоқ жерде,

Шіреніп жүреді. » (Қорқыт ата)

Инабат . "Суайттық-ең жексұрын кемістік" (М. Монтіль)

Ернар . "Зиянды әдеттерден ертен емес,

Бүгін құтылған жөн" (Конфунций)

Айару . "Өтірік жентектелген көбік қар сияқты неғұрлым

Ұзақ домалансаң соғұрлым қампия жүреді" (Лютер)

Асем. "Ұлттаң асар уя жок"

Аділет . "Кірдің кірлейтін жері жоқ

Суымнын жүрмейтін жері жоқ"

Сандуғаш . "Өзіңді-өзің тергей білсен егер де

Өз сотынан әділ сот жоқ бөгелме"

Гулжаз . "Өтірікті өтірікпен өңдеген

Аз сорлының несі қалды өлмеген!"


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Жаман әдеттерден аулақ болу және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу
4-сыныпқа арналған зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталған тәрбие сағаты
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы: Есентай Ерботиннің Даңғой мысалы - мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу
8-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болу және олардың алдын алу
Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын тәрбиелеу
Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру: дене шынықтыру және зиянды әдеттерден қорғау
6-сыныпқа арналған Үш пәледен аулақ бол - салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерден алдын алу сабақ жоспары
Тәрбие сағаты: зиянды заттардан аулақ болу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу
Қыстайтын құстарды тану және қамқор болуға тәрбиелеу: әдістемелік сабақ
Спорт - салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz