Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тірі табиғат экожүйесі

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№2 жалпы білім беретін орта мектеп
Каймулдинова Айгүл Әдетқызы

Факультатив сабақты экология бағытында
ұйымдастыру жолдары.

Кіріспе.
<<Табиғат бәріне жеткілікті байлық берді. Осы жер райын адамдар тозаққа айналдырды. Халықтар аға-қарындас болып, өздерінің ақылдарын тіршілікте еңбекке пайдаланса, табиғат берген байлықты ақылмен игерсе ешкім таласпас еді, дүние- бұл жұмбақ!...>>
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Негізгі пәндермен қоса факультативті сабақ ретінде жүретін қосымша пәндердің өзіндік рөлін көтере дұрыс, қызықты ұйымдастыра білу бала білімін толықтыра жан-жақты дамуына ерекше әсер етеді. Өйткені, бұндай факультативті сабақтарда стандартты түрде белгіленген оқу жүктемесінің болмауы балаға да, мұғалімге де еркіндікбереді. Сол себепті ұстаз өз ізденісі мен мүмкіндігіне қарай факультатив ретінде күнделікті тіршілігімізге де, ғылыми-білімділік жағынанда балаға қажеттілік туындататын бағытты алуға және оны жүйелі түрде ұйымдастыра білуге ұмтылады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі ретінде факультативті сабақты экологиялық сабақ беру мақсатында жоспарлау адам мен қоршаған орта арсында үйлесімділік жасайтын болады. Баланы жас кезінен тіршілік ететін ортасын бағалай білуге, оны аялап қорғай білу жолдарына оқытып-үйретудің маңызы зор.
Сол себепті оқытудың бұл үрдісі дұрыс жоспарланған, бағыт-бағдар белгіленген, көрнекілігі жасақталып, оқулығы көрсетілген экологиялық білімге сүйенгені жөн.
Экологялық сауаттылық- табиғат сұлулығына масаттанумен қатар, онымен дұрыс қарым-қатынасқа түсу, табиғатты қорғай білу деген сөз.
Эколгия пәніне балалар не үйренгісі келеді, оларды табиғатқа қатысты не қызықтырады, табиғатқа қамқоршы болу жауапкершілігін қаншалықты сезінеді тағыда басқа сұрақтарды жүйелеп факультативті сабақта табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізін меңгеру үшін ізденуге тура келді.
Мақсаттары:
табиғатты пайдалану мен қорғаудың ғылыми теориялық негізіне сүйене отырып білім беру;
экологиялық мәдениетін, сауаттылығын насихаттай білу дағдысын дамыту;
тіршілік ететін ортасын қорғау, жауапкершілікпен қарау, жауапсыздыққа жол бермеуге тәрбиелеу;
Міндеттері:
экологиялық алған білімін қолдана білуге үйрету;
табиғатты қорғау ережесін бұзушыларды анықтап, ескерте білу;
көгалдандыру жұмыстарына қатынастыру;

ІІ. Экологиялық тәрбиенің маңыздылығы.
1. Экологиялық тәрбие беру бастамасы.
Экология-тірі ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
Қоршаған орта- ол ағзаны қоршап тұрған және оның тіршілігіне әсер ететін тірі және өлі табиғат.
1886 жылы неміс биологы Эрнст Геккель <<экология>> деген атау ұсынды. Грек тілінде <<экос>>-үй, баспана, тірішілік ортасы, ал <<логос>>-сөз, ғылым дегенді білдіреді.
Экология ғылымы
Тірі ағза
Тіршілік ортасы
ХХІ ғасырда адамның тірі және өлі табиғатқа әсері өте күшті деңгейде. Адамның табиғатқа әсерін антропогендік әсер деп атайды. Грекше <<антропос>>-адам, <<генес>>-туылған,туылды.
Адам табиғаттың бөлінбес бөлігі болғанымен бұндай антропогендік әсер табиғатқа үнемі пайда әкелмейді. Эколог ғылымдар адамның табиғатқа әсерін қадағалап зерттеп отырады.
Экологиялық тәрбие беру қажеттілігі- жас баланың жас шыбық тәрізді жаңа ғана гүлдене өсіп келе жетқан кезде тамылжыған табиғатқа, соған қатысты көркем, тыйым сөздерге денқойғыштығын, әсерленгіштігін дер кезінде пайдалана білуден туындайды.
Жалпы мектепішілік жоспарда экологиялық тәрбиеге басты назар аударылса, экология пәнін модельдік-ұйымдастырудың 3-түрінде қолдануға болады.
2-ші модель-бірпәнділік, экологиялық факультативті түрде ұйымдастыру.
Жоспарлауды 2 бағытта жасау.
1-ші бағыт: өлі, тірі табиғат экологиясы;
2-ші бағыт: жер,адам экологиясы.
Өлі, тірі табиғат экологиясы бағытында қарастырылатын мәселелер: күн жүйесі, планеталар, мұхит, құрлық, ауа райы, климат, өсімдік және
жануарлар әлемі.
Жер, адам экологиясы бағытында қарастырылатын мәселелер: адамның табиғаттағы орны, әсері, табиғаттың адамға әсері, табиғи және адам әсерінен туындайтын апаттар, катастрофалар.
Жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
белгілі бір тақырып алып талдау,пікір-сайыс ұйымдастыру, ұсыныс беру, мәлімет жинау;
түрлі гүл, ағаш көшеттерін үлескеде отырғызу жұмыстарына қатынастыру;
өз туған жеріміз - Орал өңірінің экологиялық жағдайы жөнінде мәлімет беру, жинақтауды тапсыру;
табиғатқа зиян келтіруші, ережені бұзушылармен күрес, ескерту жұмыстарын жүргіздіру;
экологиялық шаралар, акциялар, сайыстар өткізу;
экологиялық мұражайға бару, жас натуралисттер орталығына көмектесу;
ғылыми-экологиялық жұмыстар жазу.
Білім дағдысын қалыптастыру және бағалау үшін:
экобасылымдар жасату(газет, кітапша, альбом т.б);
экокарточкалар жасату(экотыйым, мазмұнды суреттер, сызбалар, нұсқаулар, үлестірме тапсырмалар);
экологиялық ертегі, әңгіме, өлең құрастырту;
экологиялық мәліметтер жинақтатып, зерттеулер жүргізу;
табиғат аясына жорық ұйымдастыру;
1. Табиғатты қорғаудың ғылыми-теориялық негізі.
Жұмыстар біріншіден баланың бұл пәнге қызығушылығын, ынтасын, білуге ұмтылуын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек. Ол үшін тақырыптардың өзі бала қызығушылығын оятатындай етіп алу қажет.
Тақырыптар.
1. Гүлді жұлуға, көбелекті аулауға неге болмайды?
2. Сөйлейтін ағаштар.
3. Біздің үйімізге су қайдан келеді, қайда кетеді?
4. Динозаврлар қайда кетті?
5. Үндеместер әлемі.
6. Қышқылдық жаңбыр.
7. Ғарыштағы қоқыс.
8. Банан неге бізде өспейді? т.б.
Екіншіден ғылыми-теорияға негізделген экологиялық сауаттылықты көздейтін экотерминдерге сүйене құрастырылған жұмыстар топтамасын құрастыру керек.
Экотерминдер
Экологиялық жүйе- ортақ территорияда не ортақ кеңістікте тұратын өлі және тірі табиғатпен әсерлесетін ценоздар жиынтығы, қысқаша экожүйе.
Ценоз- тіршілік иелерінің бір территорияда тұру (зооценоз, фитоценоз, биоценоз).
Популяция-тіршілік иесінің бір территорияда, яғни не құрлықта не суда ұзақ тіршілік етуі.(Латынша <<популяция>>-халық).

1.
... т.б. =
зооценоз
фитоценоз

Биогеоценоз немесе экологиялық жүйе.

Экожүйе

2.

Өзен-көл экожүйесі
Мұхит экожүйесі

Дала экожүйесі
Орман экожүйесі

3.
Тірі табиғат
экожүйесі
Өлі табиғат экожүйесі

Глобальдық экожүйе
Мұхит экожүйесі
Күн сәулесінен фитопланктон, балдырлар өседі. Оларды ұсақ балықтар жейді. Ұсақ балықтармен теңіз құстары және жыртқыш балықтар қоректенсе, ал жыртқыш балықтармен ірі жыртқыш балықтар, теңіз құстары қоректенеді. Өлген балық қалдықтарынан түзілген органикалық заттардан балдырлар қорек алады. Міне, экологиялық жүйе деген осы.
Экожүйедегі тіршілік иелері арасындағы мықты байланыс экологиялық тізбек деп аталады.

Орман экожүйесі
Күн

Ағаш
Қоян
Түлкі
қаңқа
Ағаш тамыры
Мұхит экожүйесі.

Батпақ экожүйесі

4. Экологиялық тізбек пен экожүйедегі жылдар бойғы тербеліс, өзін-өзі реттеу.

Экологиялық жүйенің бұзылуына әкеліп соғатын ірі оқиғалар экологиялық катастрофалар немесе экоапаттар деп аталады.

Экологиялық апаттар

1
Атом бомбасы
Хиросима
Нагасаки оқиғасы
2
Полигон
Семей-Невада қозғалысы. Нарын трагедиясы
3
Атом станциялары
(көрінбейтін қауіптер)
Чернобыль апаты
4
Мұхит бетіндегі мұнай
Аляска түбегіндегі Эксон Валдиз танкерінің қайраңдауы
5
Ғарыштағы қоқыс
Француздардың Ариан зымыранының жарылуы
6
Озон тесігі
1-шісі Оңтүстік полюс,
2-шісі Солтүстік полюс үстінде
7
Қышқылдық жаңбыр

Бұл құрастырылған кестелер мен суреттер ғылыми-теориялық мәліметтерді факультатив өтетін сынып оқушыларының қабылдау деңгейіне сәйкес болуы ескеріліп жасалынады.

1. Жұмыс түрлері.

1. Машықтық жұмыстар
Істелетін
тәжірибе
а)Нәрсеге күн көзін ұзақ түсіруден болатын өзгерісті бақылау.

ә)45 минут тамшылап тұрған кран астына стақан қою

б) Суға бор, бояу жуғыш сұйық заттар, қышқыл араластырып нәтижесін қорыту
Ғылыми-теория

Озон тесігінен жер сәулесі жерге тіке түседі.

Табиғаттағы суды үнемдеу. Медиктердің пайымдауынша аурудың 80% лас суды пайдаланудан болатындығын атап өту.

Қышқылдық жаңбырдан біз қорғанамыз, ал басқа тіршілік иелері не істейді?Орман тұрғындары тұщы суға үйренгендіктен олар өледі, яғни орман экожүйесі бұзылады.

2. Ассоциация әдісі.

Уақыт өткізу

Өлім Қауіп
Аңшылық

Мергендік Қару

Қан

Аңшылықты қандай түспен белгілер едің?

1. Қызыл түспен - аң жараланды, қан ақты.
2. Сары түспен - аңды аяу.
3. Қара түс - қатыгездік, қару түсі, қайғы.

Аяу Қамау
Тор

Уайым Жалғыздық

Торды қандай түспен белгілеуге болады?
1. Сары түспен - сарғайып, күні бойы жалғыз отыру.
2. Қара түс - қамау, еркіндік жоқ.

3. Экологиялық мазмұндағы жұмбақтар.
Қақаған қыста, Қар үстінде ысқырып,
Өседі тыста. Құйын қуған сиқыршы.
Өзгертпей өңін, Суық желі үскірік,
Сақтауға ұста. Сақылдайды күлкісі.
(Қырау) (Боран)
Айналаны нұр етіп, Тұз сықылды аппақ,
Жадыратып, түлетіп. Жерде біраз жатпақ.
Өңірімді гүл етіп, Одан соң су болады,
Өте шықты дүр етіп. Онан соң бу болады.
(Нөсер) (Қар)

Тамылжыған күн баршаға ұнайды,
Ал мына тас күнді көрсе жылайды. (Мұз)
Бас жоқ, аяғы жоқ, Аузы жоқ үреді,
Сонда да баяны жоқ. Аяғы жоқ жүреді.
Бар байлығын бойдағы, (Жел)
Қара жерден аяры жоқ.
(Бұлт)
Керегені жағалар, Жарқ-жұрқ етеді,
Арып-азып жоғалар. Бұлтты тесіп өтеді.
(Сүңгі) (Найзағай)
От емес,
Өзегіңді қуырады.
(Аяз)
Егер де осы табиғат құбылыстарының бірі болмаса не болар еді?

Бұл жағдайда экологиялық теп-теңдік бұзылып, климат өзгеріске ұшырайды.

4.Экожүйедегі бір тіршілік иесі жойылса не болады?

Әуеде жаңбыр жаумаса,
Далада егін болмаса, Үйімізде шай қайнап,
Кемелер жүзіп суларда Тіршілік нұрға толмаса
Арықтар суға толмаса, Күніміз не болар еді?

Оқушылардың дәлелдемелері.
Қасқырлар жойылса, онда қояндар көбейіп кетеді. Олар бақшада сәбіздерді, шөптерді жеп құртады. Ауру, әлсіз қояндарды қасқыр жемеген соң олар ауру таратады.

Гүлдер болмаса, көбелек, аралар қайда қонады? Ара содан бізге бал бермейді, өздері де ашығады.

Бүркіт, қыран т.б құстар болмаса тышқандар толып кетеді. Олар бәрін тесіп, кеміріп тесіп-тесіп тастайды. Олардан және ауру таралады. Мұғаліміміз ол өте қауіпті ауру деді.

Елік, қояндар болмаса қасқырларға қорек жоқ. Әрі олар шөп жейтіндіктен шөптер қаулап өсіп кетеді. Сондықтан жерге күн сәулесі жетпей батпаққа айналады.

Жануарлардың қаңқалары да пайдалы. Егер жануар қаңқасы болмаса, өсімдік тамырларына қорек жоқ.

Экотыйым

5. Жас натуралисттер станциясында барғанда...(оқушылар жазбаларынан)

Мен сыныптастарыммен бірге жас натуралистер станциясына барып қайттым. Онда әртүрлі хайуанаттар бар. Мұнда маған аю мен қонжық аянышты болып көрінді. Тар торда, күн ыстықта көлеңке, салқын іздеп тұр. Ұнағаны дөңгелек айналдырған тышқандар.

Торларда қасқыр, аю 2-3 тен отыр. Ал түлкі жалғыз отыр. Ол қу аң ғой, сондықтан 2-3-ін ұстау қиын болған шығар.Жалғыз өзі іші пысатын болар.

Маған ауладағы көп гүлдер ұнады. Құстар қандай көп! Біздің Туымыздағы қыран құста бар. Ол Туда қанатын жайып ұшып барады. Ал, мұнда торда отыр. Торда оның түсі Тудағыдай сап-сары емес.

Аквариумдегі балықтарға жем шаштық. Қонжықтарға ағай су шашты, қонжықтар темірге жабысып тұр. Ол жер маған қатты ұнады, жақсы әсер алдым. Әсіресе пони деген кішкентай ат еркін жайылып жүр.

Неше түрлі бөлме өсімдіктері өсірілген жылыжайда болдық. Оларды өсірудің ерінбесең еш қиындығы жоқ екенін апайымыз түсіндірді. Жыландарды тышқанмен
қоректендіргенін көрдік

6. Балаларға ескертпе

Қуаныш бола түсті әр күн, Отырғыз ағаш көктемде,
Күтеді сені мол несіп. Жөн болмақ еңбек еткенің,
Ұясын бұзба, құстардың Келмесе шамаң еккенге
Балапан жатыр онда өсіп. Сындырма жұрттың еккенін.

Өспеген көкті жұлмайды, Көз жіберсең қайда да
<<Көктей орыларсың>>,- деп Қарбаласқан тіршілік
Құс ұясын тонамайды, Өссе екен деп аулаға
<<Ұрпағыма мін боларсың>>,-деп Отырғыз сенде бір шыбық.

7. Орал өңірінің экологиясы туралы мәлімет жинақтау.

Үйрек атып қайтайық?
<<Жануарлар әлемін қорғау, өсіру, пайдалану туралы>> Заңына сәйкес, тек аңшаруашылығында құс атуға ғана рұқсат етіледі. Облысымыздың аумағы 12 млн. гектар болса, оның 1/3 бөлігі аңшаруашылығы еншілігінде. Бүгінде бұл шаруашылықта 14 инспектор мен 70-тен астам қорықшы еңбек етеді.

Қабан кімге бұйырмақ?
10 шақты жыл аң басы азайып кетуіне байланысты қабан атуға толық тыйым салынып келген еді. Осы жылдары түз тағылары жақсы көбейді. Қабан басқа жануарларға зиян келтірмейтіндей есеппен атып алуға рұқсат етілді.

Табиғатқа қамқор болайық.
Қазіргі уақытта облыста ауаның ластануына <<өз үлесін>> қосып жатқан 1000 астам кәсіпорын бар. Ауаның ластануы Орал, Ақсай қалаларымен Қарашығанақ аймағында орналасқан елді мекенінде байқалуда. Капустин Яр, Азғыр полигондары аймағындағы 12 елді мекендердің жер-суы мен өсімдіктеріне радиациялық, химиялық тексеру жүргізілді. 1000 астам адам медициналық, генетикалық тексеруден өтті. Бүгінде облыста улы өндіріс қалдықтарын көметін полигон құрылысы жүргізілуде.

Орман шаруашылығы.
Бұрын Жәнібек жерінде тәжірибелік стационар болатын. Басты міндеті-құмның астындағы жарамсыз ащы суды тұщыту негізінде шөлейт жерлерді көгалдандыру. Облыс аймағының 10 пайызы ғана жасыл желекпен көмкерілгенін ескерсек, стационар жұмысын жүргізудің маңызы зор.
Бөрлі ауданында 116 гектар жерді алып жатқан орман питомнигі бар. Қарағайдан басқа тал-тобылғы тектестердің 15 түрі өсірілуде.
<<Орал өңірі газетінен.>>

Киік көбейе ме?
Облыс инспекторлары жыл басынан бері аңшылық тәртіп бұзған 28 оқиға тіркелген. Тәртіп бұзушылардың басым бөлігі белгіленбеген жерден аң-құс аулауға барған. Киікті киелі аңға теңеу тегін емес. Санақ бойынша 3500-4000 шамасында киік қалған екен. Киік аулауға тыйым салғанан бері киік саны 10500-ден асты.
<<Орал өңірі газетінен.>>

Барбастаудың басынан бақ тайды.
Әп-әдемі бақтың әрбір тал терегі Барбастау аулындағы тұрғындарға тегін отын, тегін олжа болуда. 673 гектарлық әйгілі алма бағы бүгінде жетімсіреп, құрып кетудің алдында. Соңғы 10 шақты жылдың ішінде қайран алма бағының базары тарқап, көзден бұл-бұл ұшты.

Қара уылдырық жейсіз бе?
Бекіре тұқымдас балықтар Каспий теңізінде 40 пайызға азайған. Негізгі себептердің бірі - браконьерлік. 12-15 мың тонна балық заңсыз жолмен аулануда. Каспийге барып құятын Жайық өзенінің 815 шақырымы біздің облыс аумағына жатады. Бекіре балығының уылдырық шашып, өсіп-өнетін аймағының экологиялық жағдайы нашарлап бара жатқаны шындық. Тазалау көрмеуі бүгінде әлеуметтік маңызы зор мәселені туындатып отыр.
<<Орал өңірі газетінен>>

8. Оқушылардың ғылыми-теориялық іздену жұмыстарынан үзінділер.

Табиғи таза экологиялық өнім өндіру.
Өсімдіктерді жейтін зиянкес жәндіктерге қарсы өсімдіктердің өзін не жәндіктерді пайдалануға болады екен. Мысалға кәдімгі пиязды- таскенені, темекіні- орамжапырақ ақ көбелегін жоюға қолдануға болады. Эколог-ғалымдар колорад қоңызы картопта көбейіп кетсе, қанқызды немесе ызылдауық қоңызды қарсы жіберуді ұсынады. Олар колорад қоңызын жеп құртады. Бірақ колорад қоңызын құртып жіберген соң, өздері картопты жей бастайды. Сондықтан олармен қоректенетін <<жаулары >> құстар мен қоңыздарды қолдану керек. Сөйтіп пестицид, яғни тыңайтқыш сеппей-ақ табиғи таза экологиялық өнім алуға болады. Ол үшін табиғатты түсініп, экологиялық тізбекті білу керек.

Қызыл кітапты адам қалай жазады?
Өте ерте заманда адамдар аз болды, олар өте нашар қаруланды. Зауыттар мүлде жоқ болды. Сондықтан адамдар табиғатқа көп қауіп төндірмеді. Антропогендік әсер Табиғатқа онша көп болмады.
Уақыт өте адам түрлі қару ойлап тапты. Табиғатты өз пайдасына пайдалана бастады.ауылшаруашылығы және өнеркәсіп дамыды. Адам табиғаттан көп алып, көп қоқыс шығарды. Сондықтан табиғат айналымы бұзылды. Пластмасса, шөлмек т.б қалдықтарды табиғат не істерін білмейді, ал өсімдік пен жануар қалдықтарын шірітіп қорек үшін микроэлементке айналдырады.
Адамдар ағаштарды кесіп, қағаз, жиһаз жасады. Суға химиялық қоспа қосылып <<таза су>> азая бастады.
Бір сөзбен айтқанда экожүйені бұзды. Сол себепті 100 деген,1000-ған жануар, өсімдік жойылды.
Олар - киттер, теңіз тасбақасы, мүйізтұмсық, тырна, қара үлек, ақ поляр аюы, уссурий жолбарысы т.б. Эколог- ғалымдар әр күн сайын планетада жануар мен өсімдіктің ондаған түрі жойылады дейді.
Оларды <<Қызыл кітапқа>> жазады. Оданда бұндай кітап болмағаны қандай жақсы.

<<Қызыл кітап>> шындықты,
Айтуға да арналған.
Жою керек сұмдықты,
Жойылмасын бағалы аң.

10. Тесттік тапсырмалар.

1. <<Экос>> деген сөздің мағынасы қандай?
а) табиғат ә) үй б) қорғау
2.Экология нені зерттейтін ғылым?
а) аң-құс құрлысын ә) ауа-райын б) адамның қоршаған орта әсерін
3. Экологиялық лас нүкте деп қандай жерлерді атаймыз?
а) табиғаты бүлінген ә)қылмысы көп аудан б) құрлыс көп салынған аудан.
4. Қайсысы экологиялық апат?
а) жер сілкіну ә) су тасқыны б) атом станциясының жарылуы.
5. <<Жасыл ел>> қозғалысы немен айналысады?
а) ағаш отырғызу ә) үй салу б) аң-құсты қорғау
6. Орманда неге тыныштық сақтау керек?
а) жапырақ дыбысын естуге ә) аң-құсты үркітпеуге б) адамдар даусын анық есту үшін
7. Құс жұмыртқасын неге ұстауға болмайды?
а) жарылады ә) шіриді б) құс жұмыртқаны баспай қояды.
8. Қоқысты қайда тастау керек?
а) қоқыс салғышқа ә) кез-келген жерге б) шұңқырға
Тесттік тапсырмалар.
1. Тіршілік иесінің бір территорияда ұзақ тіршілік етуі.
а) популяция ә) экожүйе б) ценоз
2.Бір тіршілік иесі жойылып кетсе не болады?
а) еш нәрсе болмайжы ә) экотізбек бұзылады б) басқа бір тіршілік иесіне жақсы болады
3. Зооценоз деген не?
а) өсімдіктер жиынтығы ә) жануарлар жиынтығы б) адамдар жиынтығы
4. Балықтар қай экожүйе мүшесі?
а) орман экожүйесінің ә)теңіз,көл экожүйесінің б) дала экожүйесінің
5. Таза экологиялық табиғи өнім алу үшін нені қоспаймыз?
а) пестицид ә) құс, мал қиы, ағаш күлі б) ешнәрсе
6. Ең қауіпті жаңбыр?
а) қышқылдық жаңбыр ә)нөсер б) ақ жауын
7. Атом станциясы жарылуынан апат болған қала
а) Киев ә) Житомир б) Чернобль
8. Экотыйым қайсысы?
а) ақ жолақпен жүр ә) қоқыс тастама б) көше қиылысы
9. Семей- Невада қозғалысы қандай қозғалыс?
а) наркотикке қарсы ә) полигонга қарсы б)қару-жараққа қарсы

11. Экологиялық тәрбиедегі халықт педагогиканың маңызы.

Табиғаттың өзі - тепе-теңдікті сақтаушы.
Егер мал, жан да белгілі бір өлім жетімге ұшырап отырмаса жер бетіне симай кетіп, жер бетіндегі тіршілік өзінен өзі тоқталмақ екен. Сондықтан малды және жанды бірдей қырғынға ұшыратып отыратын <<Қоянның жұты>>, <<Иттің қысы>>, <<Тышқан жылы>> сияқты табиғи апаттар болып тұрады.
Табиғаттағы тіршіліктің өзін табиғат - ана өзі реттеп отырады екен. Мысалы: тасбақа жер асты ұйқысынан оянып, жер үстіне сәуір айының ішінде шығады. Сол кезде 2-3 күн соғатын алапат дауыл-жел, боран <<тасбақаның дауылы>> деп аталады. Тасбақа оянғанда әлсіреп, аунап не сілкініп түсуге қауқары жетпейді. <<Тасбақа дауылы>> оның үстіндегі үйілген топырақты тазалау үшін соғады.
Мамыр айының ішінде бір жеті күн бұлттанып, күркіреп жаңбыр жауады. Киіктің лағы құралай жаңа туылған уақытта ұйықтап қалып сыз өтіп ауырып өліп қалмасын деп,оларды шошытып оята, өз аяқтарымен тіршілікке ілесіп кетуі үшін найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ол уақытты <<киіктің лақ өргізері>> не <<құралай салқыны>> деп атаған.
<<Итбалықтың кіндік қатары>> - ақпан айында бір жетідей болатын қатты аяз, боран. Итбалық осы аязда балалап, кіндігін мұзға қатырып үзеді. Теңіздің ащы
суы 410-450 аяз болмаса қатпайды. Табиғат өз перзентінің кіндігін осылай кеседі.
Міне, табиғат ананың жер бетіндегі тепе-теңдікті
сақтап отыратынын, әлемде есепсіз ештеңе жоқ екенін біле тұра адам ақыл-ой иесі болсада табиғат тепе-теңдігін жиі бұзады.
Орман да сиреп барады,
Барады сиреп аңдар да.
Тауына түскен жараны,
Жазатын, балам, жан бар ма?
Адам өзін <<Табиғат патшасымын>> санады. Ал шынында солай ма? Адамға аңдарды өлтіріп, ағашты кесіп, батпақты құрғату қиынға түспейді. Адам бір жағынан өзіне пайда келтірсе, екінші жағынан өзі зиян шегіп жатады.Өйткені, адам - табиғаттың бөлінбес бір бөлігі. Ғалымдар егер адам табиғатпен көп қарым-қатынасқа түссе қайырымдылығы мол болатындығын байқаған. Мысалға, үйінде ит мысығы бар жанұядағы балалар қайырымды болып келеді. Аквариумдағы балықтарды бақылау қан қысымын реттеп, жүйке жүйесін тыныштандыратыны белгілі.
Табиғат өзіне жасаған қатігездікті кешірмейді, ол да табиғи апаттар мен қырғындармен жауап қайтарады. Балқан тауларындағы, Шешенстандағы, Таяу Шығыстағы толастамайтын шиеленстер табиғатқа қаншама зиян әкелді, қаншама тірі ағзалар опат болды десеңізші...

Қандай әсем жер беті

Алуан бояу баулары
Аппақ басты таулары
Аң мен құстың қорғаны
Жасыл жайлау орманы
Түрлі түсті келбеті
Қандай әсем жер беті

Қырмызы гүл қырлары
Сары алтындай құмдары
Бозғылт селеу белдері
Көкшіл мөлдір көлдері
Сұрғылт шағыл шөлдері
Бұйра соғым өңдері
Түрлі түсті келбеті
Қандай әсем жер беті.

Қорытынды.

<<Жер-қазына, су- алтын, мал- байлық >> деп халқымыз аспаннан қар, жаңбыр жауып су болса ғана жер көктеп, көгеріп төрт - түлік мал азығының мол болатындығын қалай тамаша жеткізген?!
Тал түсте желек саясында отырған адамның күні бойғы шаршағаны бір сәтте басылмай ма? Сондықтан аталарымыз: <<жасыл-желек жанға сая>>, <<қораңда малың болсын, көлеңкеде талың болсын>>, <<өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!>> дейді.
Экология сабақтарында балалар: <<табиғатқа біз қалай көмектесеміз?>> деп сұрайды.
Оларға біздің берер бағытымыз бір қарағанда қарапайым болса да, үлкен экологиялық тәрбиеге ие.
Оларға мынадай ескертпелер береміз:
қоқысты кез-келген жерге лақтырма;
су кранын жауып жүр, суды үнемде;
күндіз жарықты жақпа, электр энергиясын үнемде;
қағаз қалдықтарын жинап, тапсыр;
ағаш, гүл ек;
орманда болсаң от жақпа, айқайлама, музыка тыңдама, құс-аңдарды үркітесің;
тірі жәндіктерге тиіспе.

Сынып
Тақырып
Білетінім
Алған ғылыми-теориялық мәліметім

5
Жер-ортақ үйіміз.
Жер-дөңгелек.
Ол планета.
Глобус-латынша шар. Бүкіл әлемдік тартылыс күші әсернен біз жерден құлап

Жер бетінде мұхиттар, құрлықтар бар. Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс.
кетпейміз, тартылыс күші әсерінен айда күннен алыс кетпей айналып жүреді.

6
Табиғатты қорғау
Қорықтар.
<<Қызыл кітап.>> Экологиялық таза өнеркәсіп. <<Жасыл ел>>-елді көгалдандыру.
Табиғатты қорғаудағы БҰҰ-ның рөлі. Ортаны қорғайтын халықаралық ұйым ЮНЕП, Жасылдар партиясы, Green Peace - Жасыл әлем.

Егер оқушы теориялық мәліметті қызығушылықпен меңгерсе экологиялық бағыттағы әрекеттерді ынтасымен істеп, табиғатты сүюге, түсінуге ұмтылады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Рянжин С.В. Экологический букварь для детей и взрослых. Санк-Петербург. Печатный Двор. 1994 г.
2. Манкеш. А.Е. Алиякбарова А.Р. Айналаны қоршаған орта. Экология. Хрестоматия. <<Алматыкітап>> 2003 ж.
3. Ақаев С. <<Экология әліппесі>> Журнал <<Балдырған>>
4. Тұяқов С. <<Қара уылдырық жейсіз бе?>> Газет <<Орал өңірі>>
5. Савран А. <<Табиғатқа қамқор бола алатын жағдайға жеттік.>> Газет <<Орал өңірі.>>
6. Акимушкин И.И. Следы невиданных зверей. Москва, Географгиз, 1962 г.
7. Трайтак Д.И. Книга для чтения по ботанике. Москва, Просвещение, 1978 г.

Орал қаласындағы экологиялық мұражай

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылармен сәлемдесу
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Тіршілік ету ортасы
Өсімдік-тірі организм. дүниетану, 2-сынып
Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Жанды және жансыз табиғат
Тірі табиғат бұрышы
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдік- тірі организм туралы
Мұз патшалығына саяхат
Пәндер