Шылаудың емлесі: жазылу ережелері және тыныс белгілерін қою

Сабақтың тақырыбы: Шылаудың емлесі
Сабақтың мақсаты: Шылаудың жазылуына мән беріп, тыныс белгілерін қоюға үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс, демонстрация, талқылау, сөзжұмбақ шешу, деңгейлік тапсырма
Негізгі дерек көздері: оқулық, қосымша әдебиеттер, үлестірмелі карточкалар, постерлер, деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ, презентация.
Сабақтың нәтижесі: Шылаудың жазылуын үйренеді, тыныс белгілерін қояды.
Шылауды толық сипаттай алады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті /Психологиялық ахуал туғызу/
Оқушыларды кабинеттің алдында жақсы көңіл-күймен қарсы аламын.
Бүгінгі күн тамаша екенін, ауа райының өте жақсы болуын және күннің көзінің жарқырап тұрғанын еске саламын.
ІІ. Сергіту сәті /Осы кезде бағалау парақтарын таратып қоямын/
Қалай оқу керектігін үйрету
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлану
Диалогтік оқыту
Бағалау
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру
3 мин
2 мин
1 мин
1 мин
10 мин
3 мин
10 мин
2 мин
5 мин
5 мин
1 мин
Сыныпты жұпқа бөліп, үй жұмысын тексеремін.
Өткен материаоды қайталау мақсатында және жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде «миға шабуыл» әдісін қолданамын.
Ең алдымен тақтадан « Отанымды барлық жаулардан әрқашан өлеңмен және мылтықпен қорғауға менің дауысым мен қолым әлі де қуатты».
- Сөздерді не байланыстырып тұр және қалай?
- Осы сөздерді қалай сипаттар едіңдер?
- Сөйлемде бұл сөздер қалай жазылып тұр?
- Егер демеулік шылаулар болса ше?
- Сұраулы шылаулар болса ше?
Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін сабақтың ұранын табу, сөзжұмбақ шешу
Сөзжұмбақтың шешімі бүгінгі сабақтың ұраны
Инсерт әдісі арқылы сабақтың мақсатын анықтау.
Топқа бөлу /бойларымен тұрғызып, 1, 2, 3, 4 санау, төрт топқа бөлу/
1 тапсырма - Зигзаг әдісі
Әр оқушы құрылған топта берілген тапсырма бойынша талқылап, жинаған ақпараттарын өздерінше қағаз бетіне түсіреді де, ақпаратты өзінің тобына апарады, ол үшін тек түстерге қарай бөлінеді. Мысалы:
І топ - қызылмен жазылған 1, 2, 3, 4 жиналады
ІІ топ - көкпен жазылған 1, 2, 3, 4
ІІІ топ - сарымен жазылған 1, 2, 3, 4
ІУ топ - жасылмен жазылған 1, 2, 3, 4
Кейін бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі бағалайды.
Келесі тапсырма - стикердегі он сұрақ
Бір оқушыны ортаға шығарып, өзі түсінген бойынша
W-6 әдісі бойынша сұрақ қояды.
Деңгейлік тапсырма - тақтаға шығарып қоямын.
Сәйкестікті тап тапсырмасы - тақтаға шығарамын.
Синквейн
Сабақты қорыту мақсатымен және осы сабаққа рефлексия жасау үшін мен оқушыларды ортаға шақырамын.
«Уақыт шеңбері» пікір-талас жүргізу
Бағалау /бағалау парақтарын жинап аламын/
Үй жұмысы
336 - жаттығу және тіл, мәдениет тақырыптарына ақпарат жинастырып, картография әдісіне түсіру