Сөздерден сөйлем шығар

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған
үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп
Шахманова Қарлығаш Қанатқызы
3-сынып
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: Қызықты қазақ тілі әлемі
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі :интерактивтік тақта, слайд көрмелері
Жоспары :
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту. Топтарға бөлу.
Сынып оқушыларын топқа бөлемін. Шарларда зат есімге, сын есімге, етістікке, сан есімдерге байланысты суреттер болады. Осы шарларды сынып оқушылары бөліп алады. Сол суреттерге байланысты зат, сан, сын есім және етістік тобы құралады.
Кіріспе .
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды таңылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
ІІ. бөлім. «Жұлдызды сәт» Блиц-турнир.
- Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы (Фонетика)
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
- Қазақ тіліндегі буын саны (3)
- Заттың көпше түрін білдіретін жалғау? (көптік)
- «Аласа» сөзіне қарама-қарсы сөз? (биік)
- Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс? (у)
- Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (леп белгісі)
- Қазақ тілінде неше септік жалғауы бар? (7)
- «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб)
- Тілдің ең кіші бөлшегі? (дыбыс)
- Әліпбидегі оныншы дыбыс қандай? (ж)
- Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? Ата. (3, я, ю, е)
- Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
- Сөздің әрі қарай бөлінбейтін мағыналы бөлшегі? (түбір)
- Зат, сын, сан есімдердің орнына қолданылатын сөз табы? (есімдік)
- «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді атаңыз? (ержүрек)
- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша? (жалғау)
- Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2тұрлаулы, тұрлаусыз)
- Дыбыстың таңбасы? (әріп)
- 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби, алфавит)
- Әліпбидегі алғашқы жетінші әріп қандай? (Д)
- Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі )
- Сұраулы сөйлемнің аяғына не қойылады? (сұрақ белгісі)
- Жуан дауыстыларды ата (а, о, ұ, ы)
- Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
- Сан есімнің сұрақтары (Неше? Нешінші? Қанша? Нешеу?)
- Мәтіннің неше түрі бар? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
- Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
- Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
ІІІ. «Ұғымдар шеңбері» стратегиясы бойынша сөз таптары туралы білгендерін топта талдап, қорғайды.
1-топ «Кілт пен құлып» Зат есім 2-топ «Тақта мен бор» Сан есім
3-топ «Әуе шары» Сын есім 4-топ «Қағаз бен қалам» Етістік
ІҮ. Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Ү. «Кубизм» стратегиясы
Мәтін тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады. «Атап бер», «Ойластыр», «Мысал келтір», «Сипатта», «Түсіндір», «Салыстыр».
Сынып оқушылары өздері ? ! . тыныс белгілерімен формативті бағалайды.
ҮІ. «Бәрі керісінше»
- Теңге тиыннанқұралады.- Сөз әріптенқұралады.
- Бұлақ-суанасы. -Сәлем-сөзанасы.
- Білімдіден ақылшығар. -Сөздерден сөйлемшығар.
- Өзенкөркі-тал. -Сөзкөркі-мақал.
- Қысың қарлыболса, жерің ылғалдыболады. -Сөзде дауысты дыбыстар жуан болса, сөз де жуан болады.
- Отан от басынанбасталады. -Сөйлем, жалқы есім бас әріптен басталады.
- Ынтымақты елде бақтұрады. -Лепті сөйлемнің соңында леп белгісітұрады.
- Ер тәуекелшілкеледі. -Қос сөздердің арасында дефискеледі.
ҮІІ. «Ойланып, жауап бер»
Баяндауыш, сөйлем, тәуелдік, жұрнақ сөздерінің әріптері шашылып жатады. Сол шашылған әріптерден сөздер құрау керек.
ҮІІІ. «Синоним сөздерді тап» «Тіл-өнер»
- Тіл атадан қалған асылбайлық. -Тіл атадан қалған асылмұра.
- От ауызды, орақ тілдіоратор. -От ауызды, орақ тілдішешен.
- Сөз -көмек, тіл - құрал. -Сөз-қолғабыс, тіл-құрал.
- Тіл - асыл ойдыңбұлағы. -Тіл-асыл ойдыңкөзі.
- Тіл - өлшеусізқазына. -Тіл-өлшеусізбайлық.
- Туғанел-тұғырың, Туған тіл-қыдырың. -Туғанхалық-тұғырың, туған тіл-қыдырың.
- Ең тәтті де тіл, еңащыда тіл. Ең тәтті де тіл, еңқышқылда тіл.
- Сөз-көмек, тіл-жабдық. -Сөз-көмек, тіл-құрал.
ІХ. Қорытынды. Бағалау.
Сабақ соңында оқушылар смайликтермен бағалайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz