Есептер жинағы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар, химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі, зат құрамының тұрақтылық заңы

Сабақтың тақырыбы:

Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастыру

Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту.

Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Валенттілік туралы түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауға үйрету. Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: өзіндік жұмыс. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: есептер шығару.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты үй жұмысын тексеруден бастау .

  1. Төменде берілген заттарда элемент жайлы айтыла ма: а) оттек демалу үшін қажет; ә) оттек судың құрамына кіреді;
  2. Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.
  3. Таблицаны толтыру:
Формулалар
4H 2
3CH 4
3FeCI 3
2H 3 PO 4
Формулалар: Коэффициенттер
4H2:
3CH4:
3FeCI3:
2H3PO4:
Формулалар: Индекстер
4H2:
3CH4:
3FeCI3:
2H3PO4:
Формулалар: Әр атомның жалпы саны.
4H2:
3CH4:
3FeCI3:
2H3PO4:

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға есептер шығарып үйрету.

1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H 2 O) = 2Ar(H) + 1Ar(O) = 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН) 3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер. Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9 ׃ 16:1 =15

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий гидроксиді А1(ОН) 3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1) массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2) пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:

78 - 100 %,

3 •16 - у

\[\theta=\frac{3\star(\Re00)}{78}=61,59_{o}\]

3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 - 100 %,

3 • 1- z

\[z=\frac{3\lambda\lambda\lambda00}{78}=3.9q_{o}\]

Жауабы. ω(АІ) = 34, 6%, ω(0) = 61, 5%, ω(Н) = 3, 9%.

Жаңа материалды бекіту мақсатында жаттығулар мен есептер жинағы бойынша есептер беріліп шығарылады.

Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу, салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың салыстырмалы молекулалық массаны есептеу біліктерін химиялық формула туралы түсініктерін тексеру және бекіту мақсатында құрастырылған 10−15 минутқа есептелген өзіндік жұмыс ұсынылады.

1 - нұсқа.

1. Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;

2. Na 2 CO 3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

2 - нұсқа.

1. Төмендегі белгілер нені көрсетеді: 5Н; Н 2 ; 7Н 2 ;

2. HNO 3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

3 - нұсқа

1. Химиялық таңбалар арқылы жазып өрнекте: күкірттің бес атомы; сутегінің бір, молекуласы; судың үш молекуласы; сутегінің үш молекуласы;

2. Н 3 РО 4 химиялық формуласы нені көрсетеді?

4 - нұсқа

1. Төмендегі химиялық формулалар нені көрсетеді? 3О 2 ; 5О; О;

2. Күкірт қышқылының химиялық формуласы - Н 2 SO 4 . Осы формула бойынша, ,, ,, ,, ,, ,, , қышқылдың сандық және сапалық құрамын көрсет.

Жаңа материалды оқыту:

1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында атом валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H 2 S, PH 3 , SH 4 , CH 4 , H 2 O, NH 3 . Валенттілікке анықтама бергеннен кейін, жоғарыда көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың валенттіліктерін осы элементтер мен қосылған сутегі атомдарының жалпы саны бойынша анықтауға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

2. Егер бір элементтің валенттілігі белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға болатындығын Al 2 O 3 мысалымен түсіндіреміз.

Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте түрінде тақтаға іліп қоюына болады)

1. Қосылыстың формуласы жазылады: Al 2 O 3 ; ІІ

2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: Al 2 O 3 ;

3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу:

ІІ * 3 = 6; 6 : 2 = III; ІІІ ІІ


Ұқсас жұмыстар
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Динамика тарауы. омж. физика. 9-сынып
Сағат саны
Жоспар орта мерзім.6 сынып. математика
Химиялық реакциялар
Рационал бөлшектерді дәрежеге шығару
Орта мерзімді жоспар математика. 3 сынып
Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау
Оқушылар бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz