Үйкеліс коэффициенті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Бірлік ауылындағы

№102 орта мектебі

физика пәнінің мұғалімі

Жанназарова Салтанат Нурадиновна

Сыныбы: 7

Пәні: физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: §32. Үйкеліс күші

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, тұрғы, жүк, жіп.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІY. Оқулықпен жұмыс

Y. Жаңа сабақты бекіту

YІ. Сабақты қорытындылау (бағалау)

YІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

4. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу

І топ ІІ топ ІІІ топ
1. Қали А 1. Тілектес Ш 1. Алмас Ж
2. Қылышбай Н 2. Бекназаров О 2. Байзақ Д
3. Есенгелді Ж 3. Кеңес Е 3. Рахи Н
4. Қуанышбай Е 4. Қали Г 4. Тілеген Ж
5. Совет А 5. Әбсаттар Н 5. Нағыметулла Н
6. Шынтемір Д 6. Жақсымұрат М

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Ауырлық күші» тобына

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы қандай шама?

3. Дененің салмағын қандай әріппен белгілейді және оның өлшем бірлігін ата?

4. Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?

«Серпімділік күші» тобына

1. Ауырлық күші дегеніміз не?

2. Ауырлық күшінің белгіленуі және оның өлшем бірлігі қандай?

3. Денелердің салмақсыздық күйіне мысалдар келтіріңіз?

4. Массасы 1 кг денеге Айда 1, 6 Н ауырлық күші әрекет етеді. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?

«Үйкеліс күші» тобына

1. Тіректің реакция күші дегеніміз не?

2. Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?

3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?

4. Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы g Ай = 1, Н/кг

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама - қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Үйкеліс күшін 𝐅 ү й к \overset{\rightarrow}{\mathbf{F}_{\mathbf{үйк}}} әрпімен белгілейді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Оны 𝐍 \overset{\rightarrow}{\mathbf{N}} әрпімен белгілейді.
𝐍 = 𝐦 𝐠 \mathbf{N}\mathbf{= mg}

Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал:

𝐅 ү й к = 𝛍 𝐍 \mathbf{F}_{\mathbf{үйк}}\mathbf{= \mu N}

𝐅 ү й к \mathbf{F}_{\mathbf{үйк}} - үйкеліс күшінің модулі;
𝛍 \mathbf{\mu} - үйкеліс коэффициенті;
𝐍 \mathbf{N} - қысым күшінің модулі.

Әр түрлі материалдар жұбы үшін сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәндері

Үйкелісетін денелер
Үйкеліс коэффициенті
Үйкелісетін денелер: Ағаш мұз бетімен
Үйкеліс коэффициенті: 0, 0035
Үйкелісетін денелер: Болат мұз бетімен
Үйкеліс коэффициенті: 0, 015
Үйкелісетін денелер: Ағаш ағаш бетімен
Үйкеліс коэффициенті: 0, 07-0, 50
Үйкелісетін денелер: Металл ағаш бетімен
Үйкеліс коэффициенті: 0, 1
Үйкелісетін денелер: Металл металл бетімен
Үйкеліс коэффициенті: 0, 15-0, 20

Техникада үйкеліс әрекетін ескеру


Ұқсас жұмыстар
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші туралы
Үйкеліс күшінің пайда болу себептері
Үйкеліс күші. Сілтеме
Инерциялық санақ жүйелері
Үйкеліс күші,Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Күш анықтамасы
Сабақты қортындылау
Қысым тарауы бойынша қайталау
Үйкеліс күші. үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz