Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлттық валютаның әлемдік экономикада алған рөлі мен даму стратегиясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
<<Жас дарын>> мамандандырылған мектебі
Тақырыбы: <<Тұрақты теңге - уақыт тынысы>>
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және
болашақ дамуы бар саяхат маршруттар.
Секция: Тарих
Орындаушы: 6 <<Д>> сынып оқушысы-
Амангелді Дияр
Павлодар қаласы 2016 жыл
Мазмұны
Аннотация 3 бет
Кіріспе 4-5 бет
Негізгі бөлім 6-9 бет
Қорытынды 9-10 бет
Пайдаланылған әдебиет 10 бет
Қосымша 11-12 бет
Аннотация
Ұлттық валютаның әлемдік экономикада алған рөлі мен даму стратегиясы.
Роль и стратегия развития в мировой экономике национальной валюты.
The role and strategy of development in the global economy of the national currency.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән, себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.Уакыт зымырады, жылдар өтті, алайда әлемдік дағдарыстан ешкімге аяушылық жоқ екенін түсіндім.23 жыл арасында ұлттық валютамыз талай ірі толқындардан өткенін тағыда бақыладым. Сонымен, 2015 жылдың тамыз айындағы келесі теңгенің құлдырауы ел экономикасына қатты соққы берді. Форекс ресми сайтына кіріп, талай валюталардың өмірбаяндарымен таныса отырып, теңгеміздің экономикалық тұрғыдан тұрақтылығын және беделін көтеруге мүмкіндіктер баршылық екеніне қөзім жетті.Кувейт динары, америкалық доллар немесе қытайлық юань тәрізді алып валюталар деңгейіне теңгенің де барлық мүмкіндіктері бар екеніне бірден бір күмәнім жоқ.
Зерттеудің мақсаты: Ғасырлар тоғысындағы алмағайып кезеңде пайда болып, жаңа ғасырда жаңа реңк алған төл теңгеміздің әлемдік валюта деңгейіне шығуына жолдар іздеу, позитивті және негативті мүмкіндіктерді айқындау.
Зерттеудің міндеттері:Теңгенің тарихы мен бүгінін таразылау.
Зерттеу нысаны:Ұлттық валюта - теңге.
Гипотезасы: Дамыған 30 мемлекеттер қатарындағы <<Мәңгілік елдің>> ұлттық валютасының ерекше әлемдік орны және тұрақтылығы.
Зерттеу әдістері: Теориялық - ақпарат көздерін талдау, тәжірибелік-бақылау, құжатнама.
Зерттеу ұсынысы:Ұлттық теңгеміз АҚШ долларындай немесе Еуроодақтың евросындай болмаса да өз тұрақтылығын сақтап, құнызданбау үшін ұлттық өнімдерді көбейтсек.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру - ең маңызды шаруалардың бірі болды .
Негізгі бөлім
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы өткен-кеткенді бажайлап, атқарылған шаруаны қорытындылап, алдағы мақсаттарды нақтылайтын кезең іспеттес. Іргелі елдің құрамынан ажырап бөлек шығу, 17,5 миллион халқы бар мемлекетті жаңа бағытқа салу оңай шаруа емес. Рас, бұл талай ғасыр ата-бабамыз аңсаған еркіндік еді. Білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін қан төгісіп, келер ұрпаққа ұлан-ғайыр даланы алып берген батыр ұлдардың ұрпағы күндердің-күнінде өз тізгінін қолына алды. Көк туын желбіретіп, әлемге Тәуелсіздігін жариялады. Бірақ шаруа көк туды желбіретіп, егемендікті жариялаумен тамамдалмаса керек. Қазақстан кеңес өкіметіндегі алдымен шикізаттық орталық еді. Сан жылдардан бері жеріміздің асты мен үстіндегі байлығы өзгенің игілігіне жарап келді. Тәуелсіздігімізді алғанда алдымен осы байлығымыз өзімізде қалды. Бірақ оны өндіретін өндірісіміз тұралай бастаған. Экономикадан мән кетті. Өндіріс тоқтады. Ал тауар мен қызмет бағасы шарықтай түсті. Уақыт өте келе барлығы іске қосыла бастады, көш жүре түзелді. Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сай-ын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын (зейнетақы қорлары арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.
Тұрақты ұлттық валютаның болуы нарықтық қатынастардың дамуы мен елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Теңге елдің қаржы секторының жалпы жай-күйін көрсетеді. Теңгенің тәуелсіз мемлекеттің валютасы ретінде орнығуы дау тудырмайтын факт.Кез келген валюта үшін ең басты маңыздылық - оның қорғалуы. Жалпы алғанда, сатып алу қабілеттілігінен және тұрақтылығынан бастап қолдан жасаудан қорғалуына дейінгі мағынада. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан теңгесі мақтаныш етуге тұрарлық. Теңге әлемдегі неғұрлым барынша қорғалған валюталардың бірі болып отыр. Мұнда ең озық технологиялар пайдаланылған.
Алайда,2014 жылдан бастап теңге доллар курсына шаққанда әлемдік ең төмен валюталар қатарына шықты. Кувейт динары, америкалық доллар немесе қытайлық юань тәрізді алып валюталарын зерттей отырып, теңгенің соншалықты құнсыздану жолдарын айқындадым.
1. Ұлттық банкінің тұрақсыздық саясаты, яғни <<шексіз оптимизм>>. Қосымша №1.
2. Мықты бағдарламаларының толық орындалмауы. Мысалы, Қытай елінде юаньді тұрақты ұстау үшін мемлекет және Ұлттық Банк реформаларды өзгерте бермейді екен. Ұлтқа тән міңезбен, сабырлықты сақтайды және де АҚШ долларын ығыстыруғада асықпайды, адами ресурсы алып болсада. Конфуцийдің сөздеріне қытай халқы сүйенеді екен:<<Өзен жағасында асықпай күтіп отырсан, асыққан дұшпанының құлағанын көресін>>.
3. Мемлекеттік айналымда ұлттық валютаның әлсіздігі. Еліміздің экономикасы АҚШ долларына тәуелділігі, яғни ірі салаларда сату, сатып алу саясаты халықтың арасында доллармен есептелетін, мысалы пәтерлер, ірі ғимараттар және т.б.
4. 25 жыл ішінде экономика саласындағы тәжірибенің аздығы. Ірі кәсіпорындарда, өндірісте және өнеркәсіп салаларында шетел мамандарының алғашқы уақытта басым болуы, өз арамызда білімнің төмеңгі деңгейі және жоғары сапалы мамандардың аздығы.
5. Отандық өнімнің жоқтығы және ішкі айналымның төмеңдігі . Бізде экспорт төмен деңгейде де, импорт жоғары. Оның ең басты себебі шетел тауарларын қызықтай отырып сатып аламыз, еліміздің отандық өнімін шығаруға мақсат қоймаймыз. Жан жақтан ат салысып, кең байтақ жеріміздің байлығын пайдалана отырып, алуан түрлі өнім шығаруға болатынына күмәнім жоқ.
Орыс тіліндегі экономикалық ресми сайтардан осы сұрақты зерттеу барысында көптеген әдебиеттермен таныстым. Мемлекеттік тілде әдебиеттер жеткіліксіз. Зерттей келе,Ұлттық валютаны жоғары экономикалық деңгейге көтеру үшін мен көптеген мүмкіндіктерді бар екеніне көз жеткіздім:
1. Қазақстан Республикасының тиімді физикалық-географиялық орны, яғни алып континенттің тең ортасында орналасуы .
2. Жер көлемі. Мысалы, Кувейт мемлекетінің жер көлемі бойынша 152 орында, Қазақстан 9 орында. Әлемде ең қымбат валюта - кувейт динары. Біздің жер қойнауымызда Менделеев кестесіндегі 111 элементтің 99 кездеседі, яғни табиғат ресурстарының алуан түрлілігі.
3. Адам саны. Әлемдік статистика бойынша Қазақстан 64 орында, соның ішінде еңбекке жарамды 10,7 млн адам бар. Бұл жалпы адам санының 62 %.
4. Отандық өнімді кең дамыту. Ауыл шаруашылығын, өндірісті, өнеркәсіпті жаңғырту үшін еңбек ресурсының жеткілігі, табиғи ресурстардың молшылығы, климаттың тиімділігі.
5. Каспий теңізіндегі мұнайдың үлесі. Мұнай қоры бүгінгі таңда 17 млрд тонна құрайды. Әлемдік валюталардың күшіне ең бастысы осы мұнайдың бар жоқтығы әсер етед.
6. Бәсекелестік. Барлық салаларда бәсекелестік шетелдегідей жоғары болса, онда тауарлардың саныда, сапасыда көтеріледі.
7. Салық. Қазақстан Республикасында кез келген сала бойынша мемлекеттік салықты әрбір азамат уақытында төлесе, нұр үстіне нұр жауар еді.
8. Ең маңыздысы - халықтың ұлттық валютаға сенімі. Халық депозиттерді, қомақты жинақтарын өзге валютада ұстаса, онда ұлттық валютаға сұраныс аз болып, оның құнсыздануына әкелуі әбден ықтимал, ал егерде барлық осы қаражаттарды теңгеде ұстаса, онда Ұлттық банккеде, теңгегеде үлкен сенім бар деген сөз.
Сонымен,Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің бастыатрибуты - ұлттық валюта күні.<<Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны>> деп,Н.Назарбаев айта кетсе,<<Өткен күн -- бұл тарих, ертеңгі күн -- құпия, ал бүгінгі күн -- бұл сый>> деп, кез келген дүниені өз қолымыздан жасай алатынымызға сенімдімін.
Қорытынды
Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Өз валютамызды енгізу - біздің халықтарымызды бөлетін ТМД елдері арасына қойылған ешқандай жасанды кедергі болып табылмайтынын ашық жариялағанымыз. Тауарлардың, адамдардың барыс-келісінің, капиталдың өзара еркін қозғалысына да тосқауыл болмайды.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық жіне Азия даум банкілерімен, сондай - ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.
Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі бұрынғыдан да нақты әрі тәуелсіз жоспар бойынша әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ақша реформасын дәйекті жүргізу бізге көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі.
Ақырында біздің ұлттық Теңгеміз ТМД-да ең тұрақты валюталалардың бірі болып отыр. Ол әрі қарай алтын-валюталық резервтердің өсуімен, экономикалық нығаюымен ұлттық әлемдік ауқымда да бұдан да бетер орнықты болады деп үміттенеміз.
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Бүгінде осы аумақта Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл - айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге - дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. -- Алматы: Жеті жарғы, 2011.
2. <<Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы>> Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.
3. <<Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы>> Қазақстан Республикасының Заңы. 13.12.1993.
4. Қазақстан Республика Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті;
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк ресми сайты;
6. Қазақстан Ұлттык энциклопедиясы. Алматы, 1998.
7. www.forexpf.ru/
Қосымша №1
27.09.2016 жылғы теңгенің кувейт динарына катынасы
1 КУВЕЙТ ДИНАРЫ
KWD / KZT
1121.09
27.09.2016 жылғы теңгенің АҚШ долларына катынасы
1 АҚШ ДОЛЛАРЫ
USD / KZT
337.56
27.09.2016 жылғы теңгенің қытай юаньына катынасы
1 ҚЫТАЙ ЮАНІ
CNY / KZT
50.62

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz