6-сынып әдебиеті сабағы: Сайын Мұратбековтың Қылау әңгімесі - достық, қайырымдылық және өмір қауіпсіздігіне тәрбиелеу

Түсініктеме

Қазақ әдебиеті пәні, 6-сынып, сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі. Бағдарлама бойынша екінші сабақ. Сыныпта 20 оқушы бар, оның 11-і қыз, 9-ы ұл балалар. Сыныпта 5 үздік, 7 екпінді оқушы бар.

Сабақ Кротвелл таксономиясы бойынша құрастырылған (классификаторды қара)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Музыка ойнап тұрады. (Көңіл толқыны күйі) май шамды жағып оқушыларға жылу туралы, жүрек жылуы жайында сөз қозғап, топқа бөлу. (4минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар кабинет ішінде әр жерге жасырылған сұрақтарды іздеп, тауып алып жауап береді.

1. Сатайдың қыстыгүні жолға шығуы қауіпсіз бе?

Ол қиындыққа тап келуі мүмкін бе?

2. Егер ол қиын жағдайға кезіксе, әкесі кінәлі бола ма?

3. Сатайға мінездеме беріңдер.

4. Рабиғаға мінездеме беріңдер.

Оқушылар жауабына (5минут)

Бүгінгі сабағымызда Сатай мен Рабиғаның бейнелерін қарастыра отырып, өздерің сияқты балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерді дәріптеуге. Қиын жағдайларда қол ұшын беруге, қасымыздағы, айналамыздағы адамдарға немқұрайлы қарамай, қолымыздан келгенше көмек беруге дайын болуға үйренеміз.

Сабақтағы табыс критерийлері:

1. Дос бола білу.

2. Қайырымдылық жасай алу.

Табыс критерийлеріне қарап оқушылар сабақтың мақсатын айтады.

Бірінші тапсырма әр топқа жеке беріледі, оның мақсаты балаларға өмір қауіпсіздігін сақтауды үйрету арқылы, әр адам үшін ең басты құндылық ол адамның өмірі екенін ұғындыру.

№1оқу тапсырмасы «Көңіл толқыны» күйімен көркемделеді.

Үзіндіні оқып, ат қойыңдар:

1 топ - әкесінің айтқан ақылдарын ағаш сызбасы түрінде жазып, қыста жолға шығу ЕРЕЖЕСІН жалпылаңдар.

2топ - Үзіндіні оқып, ат қойыңдар:өмір мен өлім туралы ойлауына не түрткі болды, оны ненің белгісі деп түсінуге болады, кластер сызбасы түрінде жалпылаңдар.

3топ - Үзіндіні оқып, ат қойыңдар: суретін салып, кесте түрінде жалпылаңдар.

4топ - Үзіндіні оқып, ат қойыңдар:жолда кездескен қызға неге алаңдады, Сатай қандай бала, Қожамен салыстырып, венн диаграммасын жалпыла.

Оқушылар жауаптарын айтып, магнитті тақтаға іліп қояды. (10минут)

Әр топтың жауабынан кейін формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беріледі, қол шапалақтап оң эмоциялар алады.

Келесі тапсырмада оқушылар образдарға кіру арқылы өздерімен жасы шамалас балалардың өмірінде болған жағдаятты шешеді.

«Ертегілер» (-) әуені ойнап тұрады.

Оқу тапсырмасы№2

1топ-Сатай мен Рабиғаның кездесуі жайында көрініс қойыңдар

2топ-Сатайдың қызды қайта іздеп баруы жайында көрініс көрсетіңдер

3топ-дос, достық жайында ақындардың өлеңдерін есіңе түсір, өзің өлең шығарып жаз.

4топ- достық жайында мақал-мәтел жаз, мерекелерде сен досыңа қандай сыйлық сыйладың, суретін сал. (магнитті тақтаға іледі)

Көріністерді көріп, оқушылар қол шапалақтап, оң эмоциялар алады. (10минут)

Көңілдері көтеріңкі оқушылар келесі тапсырмаға көшеді. Жарылқасын Даулетовтың «Дос туралы жыр» клипін қарай отырып тапсырма орындайды.

Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды қайырымдылық жайында ойлантып, өздерінің тәжірибелерімен үйлестіру.

Оқу тапсырмасы№3

Шағын топта «Біз қайырымды балалармыз» атты микрозерттеу жүргізіп, қайырымдылық жасау құзыреттілігіңді жақсарт, нәтижелеріңді плакат түрінде ұсын, сыныптасыңа көмектес.

Оқушылар жауаптарын айтып, магнитті тақтаға іліп қояды. (6минут)

Балалар, «Қылау» әңгімесі сендерге өте қызықты болды, оқиғаны қалай аяқтауға болады, өз ойларыңды ортаға салыңдар. «Көңіл толқыны» күйі орындалады.

Бұл тапсырма оқушылардың фантазиясын өрбітуге, ойлануға жағдай жасайды.

Оқу тапсырмасы№4

«Автор ізімен» стратегиясы бойынша, жалғастыр, аяқта.

Топтан бір оқушы шығып оқып береді, магнитті тақтаға іліп қояды. (6минут)

Оқу тапсырмасы№5

Қайырымды болу үшін сен өзіңді қашан, қалай, өзгертесің, параққа жаз. (3минут)

Қайырымды болу үшін өздерін қалай өзгертетіндерін ортаға салады (өз еріктерімен айтады)

Ән ойнап тұрады, оқушылар өздерін қалай өзгертетіні жайында жазып отырады.

Сабақтың аяқталуына 1-2минут қалғанда мұғалім үн-түнсіз сыныптан шығып кетеді, оқушылар өз ойларымен жеке қалып қояды. (Сабақтың шарықтау шегі)

Топ мүшелері жауап парағында бірін-бірі бағалайды. (5-жасыл түс, 4-сары түс, 3-көк түс)

Үй жұмысы презентацияда жазылып тұрады «Мен достықты қалай түсінемін» ой толғау жазып келу.

Бұл сабақтың маңызы оқушыларды ойландыруға, ойларын жинақтап түйін шығаруға жетелейді. Баланы шынайы өмірге дайындауға, әлеуметтік ортаға бейімделуге, оның функционалды сауаттылығын арттыруға көмек береді. Сабақта көптеген видео, аудио материалдар, презентация пайдаланылды. Сабақ жоғары эмоционалдық деңгеде өтті.


Ұқсас жұмыстар
Қайырымдылық пен достық құндылықтарын қалыптастыру: 6-сыныпта Сайын Мұратбеков Қылау әңгімесі негізінде сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтың Қылау әңгімесінің мазмұны мен композициясын талдау
Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы: Жусан иісі мен Қылау шығармаларының талдауы
6-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтың Қылау шығармасын сын тұрғысынан талдау сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін талдау бойынша сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесіне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы бойынша 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін оқыту: екінші сабақ - композициялық талдау мен кейіпкертану
7-сыныпта С. Мұратбековтың Қылау әңгімесіне арналған үлгілі ашық сабақ: жоспарлау, әдістемелік талдау және формативті бағалау
4-сынып әдебиеті сабағы: Қауын мен Қарбыз - ертегіні мазмұндау және достық пен бірлікке тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz