Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балқашқа құятын өзендер

Тақырыбы: Туған өлке табиғатына саяхат (Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: а) Туған өлке табиғатына саяхат жасау.
в) Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. с) Қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан физикалық картасы, қанатты сөздер жазылған
плакаттар, буклеттер.
Жүмыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
<<Жетісу>>, <<Сарыарқа>> болып екі топқа бөліпіп, өз білімдерін ортаға салады.
Сайыс негізі мынадай кезеңдерден тұрады:
<<Қанат қақты>>
<<Самғау>>
<<Шарықтау>>
<<Шырқау>>
<<Жерұйық>>

<<Қанат қақты>> кезеңі (Команда капитанына 5 сұрақ)
<<Жетісу>> командасының капитанына
Қазақстандағы ең биік шың? (Хан-Тәңірі - 6995м)
Қазақстанның ең ұзын шекарасы қай елмен шектеседі? (Ресеймен)
Қазақстанда қанша әкімшілік облыс бар? (14 облыс)
ҚР елтаңбасының авторлары (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы (Ш.Уәлиханов)
<<Сарыарқа>> командасының капитанына
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылы (1991ж)
ҚР жер көлемі (2724,9 мың шаршы км-ге тең)
Қазақстандағы ең төменгі ойыс (Қарақия ойысы - 32м)
Республикадағы ең ұзын өзен (Ертіс)
ҚР туының авторы (Ш.Ниязбеков)
<<Самғау>> кезеңі (екі команда кезекпен жауап бсреді)
Бұл - адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Б.д.б. II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Бұл қай жол? (Ұлы Жібек жолы)
Қосымша көмек. Оның екі бағыты бар. Бірінші жол - Қытайдан басталып, Батыс елдеріне өткен. Екінші жол - ІІІығыс Түркістаннан басталып, Жетісу арқылы Жоңғар, Іле, Қырғыз, Талас Алатауларын жағалап, Ташкентке өткен.
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты қаланың орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналасқан. Бұл қай қала? (Сарайшық)
Қосымша көмек. Бұл қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.
Бұл қала жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Қала ХІІ-ХІІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Сонымен, бұл қай қала? (Тараз)
Қосымша көмек. X ғасырдағы араб географы әл-Макдаси бұл қала туралы былай деп жазды: <<Бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала>>.
Бұл қала Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасына таяу орналасқан.Қаланың аты VIII ғасырдан бастап аталғанымен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. (Отырар).
Қосымша көмек. Қала Оңтүстік Қазақстан обылысында орналасқан. Ақын М.Шахановтың поэмаларының біріне арқау болған қала.
<<Шарықтау>> кезеці.
Бұл жазық оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауымен, батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. (Балқаш маңы жазығы).
Қосымша көмек. Жазықтықтың негізгі бөлігі Алматы обылысында орналасқан.
Бұл ғалым Еуропа ғалымдарыпың ішінде 'Гянь-Шань тауын алғашқы зерттеушілердің бірі. 1856-57 жж. (Семенов Тянь-Шаньский)
Қосымша көмек. Ол Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасаған.
<<Шырқау>> кезеці.
1.Бұл жазық Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойнатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақдаламен шектеседі. (Сарыарқа)
Қосымша көмек. Бұл жазықпен аттас ұлы күйші Құрманғазының атақты күйі бар.
Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқырымен, оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген. (Жоңғар таулы өлкесі)
Қосымша көмек. Бұл өлкенің аты <<Ақтабан шұбырынды - Алакөл сұлама>> шапқыншылығымен байланысты.
Хан-Тәңірі тау массивінен батысқа қарай бірнеше жоталар тарайды. Олардың ең үлкені Теріскей Алатаудың шығыс тармағы арқылы Қырғызстанмен шектеседі. Бұл қай тау? (Тянь-Шань таулы өлкесі)
Қосымша көмек. Бұл өлкені орыс ғалымы Семенов зерттеген.
Бұл өзен Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, оның тек 1700 км-ге жуығы Қазақстан жері арқылы өтеді. (Ертіс)
Қосымша көмек. Бұл өзеннің сағасында Бұқтырма СЭС-і салынган.
Бұл өзен Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Оның ұзындығы 2212 км. Ортаңғы және төменгі ағысында республика жерімен отеді. Бұл қай өзен? (Сырдария).
Қосымша көмек. Бұл өзеннің Жаңадария, Қуаңдария сияқты құрғап қалған арналары бар.
Бұл өзен суының молдығы жөнінен Республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 472 м /сек. (Іле)
Қосымша көмек. Осы өзен негізінде Қапшағай су қоймасы салынды.
Бұл көл көлемі жағынан ТМД елдерінде екінші, дүние жүзінде төртінші орын алатын көл. Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Бұл қай көл? (Арал теңізі).
Қосымша көмек. Теңізде ұзақ уақыт бойы КСРО-ның бактериологиялық қару сынау алаңы болған.
Қазақстандағы ең үлкен мұздық. Іле Аалтауында орналасқан. Ұзындығы 12 км. Мұздықтың қалыңдығы 300 м. (Корженевский мұздығы).
Қосымша көмек. Бұл мұздық Республиканың ірі өзендері басталатын жерде орналасқан.
Қорық 1934 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 87,7 мың гектар жерді алып жатқан, орманды-дала зонасындагы қорық. (Наурызым)
Қосымша көмек. Қорық Қостанай обылысында орналасқан.
Бұл қорық Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Көлемі 16,8 мың гектар жерді алып жатыр. (Барсакелмес қорығы)
Қосымша көмек. Бұл қорықта негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық, құлан.
11.Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Олардың бірі фосфорит байлығы. Осы фосфоритті өңдейтін зауыт Қазақстанның қай қаласында орналасқан? (Тараз)
Қосымша көмек. Қала Қазақстанның оңтүстік обылыстарының бірінде орналасқан ежелгі қалалардың бірі.
Бұл - Азиядағы ең ірі тау жүйелерінің бірі.Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде жатыр. Қазақстанға солтүстік және батыс бөлігі кіреді. (Тянь- Шань)
Қосымша көмек. Қытай тілінде <<Тәңір шыңы, Аспан тау>> деген мағынаны білдіреді.
Бұл тау жүйесі Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді.
Қосымша көмек. Бұл тау жүйесінің ең биік шыңы - Мұзтау деп аталады. (Алтай)
Бұл шөл Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында орналасқан. Орташа биіктігі 300 м. Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен шөгінділерден құралған. Бұл қай шөл? (Бетпақдала)
Қосымша көмек. Бұл шөлдің ең биік жері - Желтау жотасының биіктігі 974 м.
<<Жерұйық>> кезеңі. (Командаларға бір сұрақтан қойылады, қосымша көмек болмайды).
<<Жетісу>> командасына сұрақ.
Іле Алатауының ең биік нүктесі. (Талғар шыңы, 4973 м)
<<Сарыарқа>> командасына сұрақ.
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік нүктесі. (Тастау, 2992 м)
Жанкүйерлерге сүрақ:
Балқашқа құятын өзендер. (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас)
Каспий теңізі алабына жататын өзендер. (Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл,

Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Балқаш көлі
Өзен түсінігі
Жерасты сулары. Өзен,көлдер
Өзеннің құяр жері
Құрлық сулары жайлы ақпарат
Еуразияның ішкі сулары. 7-сынып
Қазақстан өзендері. 8-сынып
Өзен және көл. 4 сынып
Еуразиның ішкі сулары
Пәндер