Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұқағали өлеңдерінің құдіреттілігін таныту
№152 мектеп - гимназия
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Ақиық ақын-Мұқағали!
Сынып жетекші: Мұхамадиева Ботакөз
Ермеқбайқызы
4 <<Г>> сынып
Алматы - 2015
Тақырыбы: Ақиық ақын-Мұқағали!
Мақсаты : 1. Мұқағали өлеңдерінің құдіреттілігін таныту.
2.Поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Ақиық ақын Мұқағали жырларынан сусындатып ,ақынға
деген құрметті қалыптастыру.
Көрнектілігі: ақын туралы естеліктер , кітаптар, ақын суреті, интербелсенді тақтада слайд.
Өтілу әдісі : шағын әдеби - монтаж , өлеңдер оқу, сахналық көрініс.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
1.Сыныпты ұйымдастыру.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар ! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтің туғанына 84 жыл толуына байланысты
<<М. Мақатаев - біздің мақтанышымыз!>> атты ашық тәрбие
сағатында отырмыз.
Қарасаз , Қара шалғын өлеңде өстім.
Жақсы жыр жазсам , халқым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген
биіктік әкелген ақын . Кәусәр сезім мен тояттамас көңіл ,
шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат , буырқанған
шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы
ақын М . Мақатаевтың туғанына биыл 84 жыл толып отыр.
Ендеше бүгін тәрбие сағатымыз атынан танылып тұрғандай,
Хан тәңірінің мұзбалағы атанып , өлең өлкесінде шамасына
Шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын М . Мақатаевқа арналмақшы.
Сөз кезегінде ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік
(слайд көрсетіледі)
Сәнді:
М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз
деген ауылда 1931 жылы дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызы
және әкесі Сүлеймен Мұқағали , Тоқтарбай , Көрпеш есімді үш ұл
тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары . Мұқағалидің 10 жасында
әкесі майданға аттанады . Он жасар болашақ ақын майданға кеткен
әкесін аңсап арнаған өлеңін Аружан оқиды:
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен ,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен
Мінеки көп ай болды хабары жоқ
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді ,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді
Мінеки , көп ай болды хабар жоқ
Біз дағы әкемізге зармыз енді.
Қуаныш:
Әже баласы болған соң анасы Нақа деп атаған . Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектептегі интернатта оқып бітіреді .
Оқушылар кезекпен Ана туралы өлеңдер оқиды.
Руслан:
1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы .
Еңбек еткен жылдары : 1948 жылы Алматыда шет тілдер
Институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан,
Оқуды еріксіз тастап , ауылға оралады . М . Мақатаев Киров
Атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді .
Оқушылар кезекпен омір туралы олең оқиды.
Бақытжан:
Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді
Табиғатты сүюге үйретеді . Оның өлең - жырлары : <<Отан>>
<<поэзия>> <<жас қайың>> <<аққулар ұйықтағанда>> көптеген шығармалары бар
Мұкағали - халқын , ана тілін , Отанын қадыр тұтқан азамат
Ақын. Ол <<Үш бақытым>> атты өлеңінде кеиінгі жас буынды
Халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Оқушылар кезекпен Отан , табиғат, тіл туралы өлеңдерін оқиды.
Оқушылар хормен Мұқағалидың әнін орындады.
Ақбота:
Мұқағалидің да аяғын көп шалдырғаны рас. << Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат>> . Қазір ол ең көп оқылатын ақын . Мұқағали мұрасы мәңгілік . Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.
Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Мұғалім:
<<Таудан алыстаған сайын оның биіктігі айқындала түседі>> демекші , күн де өткен сайын Мұқағали ағамыздың ұлы тұлғасы шыңдала түспек !
Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай шарықтасын аспанда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспанға!
<<Батырды - батыр жеңер белдескенде>>,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.
Ұрпағы бар кезде ақын тойы жыл сайын тойланбақ!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz