Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біріңғай бірдей әріптен сөйлем құрау

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсоғым ауылы
Амирханова Сауле Уразаевна
Восход жалпы орта білім беретін мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс өтілі: 27 жыл
Аудандық <<Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі-2012>>
байқауының жеңімпазы, аудандық <<Ең үздік
тесттер жинағы-2013>> сырттай байқауының
ІІ орын иегері.

Тіл қаруы - сөз
(Ана тілінен сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Білімділігі: оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.
Дамытушылығы: сөздік қорларын молайту, логикалық ойлауға дағдыландыру. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Сабақтың ұраны: <<Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті>>.
Ғабиден Мұстафин.
Мұғалім. Қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев <<Қазақстанның болашағы қазақ тілінде>> деген. Олай болса, біз бүгін өз ұшқыр ойымызбен, өткір тілімізбен ана тілінің тұғыры биікке көтеретін ұрпақпыз.
Сайыс кезеңдері:
I. <<Жүзден жүйрік>>
II. <<Озық сәт>>
III. <<Ұшқыр ой>>
IV. <<Ойлан,тап>>
V. <<Шығармашылық сәт>>
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін біз топтарға берелік,
Арамызда, ұтқыр, тапқыр достар көп,
Енді олардың жауаптарын көрелік, - деп сайысымызды бастаймыз.
І кезең <<Жүзден жүйрік>> бұл кезеңде әр топқа 10 суреттен беріледі, сол суреттер бойынша мақал-мәтелдер айту. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
І топ. <<Ұтқырлар>>
1. Ағаш - Жалғыз ағаш орман болмас.
2. Тауық - Тауықтың түсіне тары кіреді.
3. Жігіт - Жігітке жеті өнерде аз.
4. Арба - Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
5. Ауыз - Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
6. Шебер - Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ.
7. Еңбек - Еңбек ер аттандырады.
8. Қой - Семіздікті қой көтереді.
9. Нан - Ат атасы - нан.
10. Тау - Көрінген таудың алыстығы жоқ.
ІІ топ. <<Тапқырлар>>
1. Бөрік - Жау жоқ деме, жар астында,
Бөрік жоқ деме, бөрі астында.
2. Ине - Оқу инемен құдық қазғандай.
3. Балапан - Балапан ұяда не көрсе, соны іледі.
4. Үй - Үндемегеннен үйдей пәле шығады.
5. Ет - Ет етке, сорпа бетке.
6. Ат - Ер қанаты - ат.
7. Жапырақ - Адам көркі - шүберек, ағаш көркі- жапырақ.
8. Тас - Таспен атқанды аспен ат.
9. Ит - Ит жоқта шошқа үреді.
10. Аққу - Аққуды атпа, досыңды сатпа.
ІІ кезең <<Озық сәт>>. Тақтада әр топқа бірнеше сөздер беріледі, жасырын сөзді ашып, сөздердің ішінен, сыңарын тауып мақал құрайды.
І топ <<Ұтқырлар>>
Жусан Теңіз
Есік Орман
Қар Қалау Жіп Құдық
Отын Өсімдік
Боран Мың
(Қалауын тапсаң, қар жанар) (Бір кісі құдық қазса, мың кісі рахмет айтар)
ІІ топ <<Тапқырлар>>.
Мектеп Жұмбақ
Бидай Газет
Тамыр Тас Қазан Құлақ
Еңбек Ұстаз
Әнші Елші
(Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен) (Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса)
ІІІ кезең <<Ұқыр ой>>. Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға мақал-мәтелдермен тез жауап беру керек.
І топ. <<Ұтқырлар>>
1. Бақыты қайдан іздейсің? (Бақыт кілті білімде)
2. Қойды не үшін ұстаймыз? (Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір)
3. Дастарханға нанды неге бірінші қоямыз? (Ас атасы - нан)
4. Бір үйдің балаларының мінездері неге әр түрлі болады? (Бес саусақ бірдей емес)
5. Автобуста бір бала үлкен кісіге орын бермеді. Ол қандай бала? (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала)
6. Біреуге жасаған жақсылығыңды мақтау үшін жасау әдетіңде бар ма? (Өзіңді- өзің мақтама, біреу мақтасын)
7. Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет? (Сақтықта қорлық жоқ)
8. Біреудің намысына тиетін сөздерді айтуға бола ма? (Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле)
ІІ топ <<Тапқырлар>>.
1. Досың ұрлыққа итермелесе не істейсің? (Ұрлық түбі - қорлық )
2. Кітапты құрметтейсің бе? (Кітап-алтын қазына)
3. Бір нәрсеге қатты ашулысың, не істейсің? (Ашу - дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос)
4. Өмірде қателескен адам өз қатесін түзетсе, кемшілігін бетіне басуға бола ма? (Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң)
5. Біреуге жамандық жасауға бола ма? (Біреуге ор қазба, өзің түсерсің)
6. Қыздарды неге гүлге теңейміз? (Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі)
7. Өзіңде барды өзгелермен бөлісе аласың ба? (Өле жегенше, бөле же)
8. Өз денсаулығыңа көңіл бөлмей ауырып, өкінбеу үшін не істеу керек? (Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде)

ІV кезең. <<Ойлан, тап>>. Тақтада жиырма ұяшық беріледі. Әр топ бес ұяшықтан таңдайды. Әр ұяшықта тапсырмалар бар. Ашықхаттан әріп суырып, берілген тапсырмаларға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру тапсырылады.
1
16
9
6
13
18
2

Әріптер
1115
8
12
14
7
20
17
3
4
5
10
19
Үлгі:
І топ <<Ұтқырлар>>
2 - Көлік түрі такси
6 - Қала Т Талдықорған
20 - Мінез-құлық тұйық
17 - Киім тон
15 - Табиғат құбылысы тұман
ІІ топ <<Тапқырлар>>
1 - Кісі есімі Жомарт
10 - Ағза Ж жүрек
15 - Өсімдік жусан
4 - Өнер иесі жыршы
8 - Зергерлік бұйым жүзік
V кезең. <<Шығармашылық сәт>>. Біріңғай бірдей әріптен сөйлем құрау.
І топ <<Ұтқырлар>>
Қ Қ қ қ қ қ.
Қойшыбаев Қанат қораға қойлардың қошақандарын қамады.
ІІ топ <<Тапқырлар>>
Ж ж Ж ж ж ж
Жасұлан жазда Жайық жағасынан жидек жинады.

VІ кезең. Қорытынды. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық. Өз ана тілімізді қадірлейік. Ұпай саны жоғары болған топ марапатталады.

Амирханова С.У.
Восход жалпы орта білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы,
Ақсоғым ауылы.

8

Ұқсас жұмыстар
Қыстырма сөзді тап
Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау
Туған күн
Сөйлем. 3 сынып
Алма жинау Дидактикалық ойын
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. паскаль заңы. Физика
Тапқыр достар ойын
Біріккен сөздердің жазылуы
Синтаксистік талдау
Сөздерден сөйлем шығар
Пәндер