7-сынып физикасы: Күш, жұмыс және қуат бойынша сапалық және мәтіндік есептер

Сыныбы: 7
- Пән атауы:физика
Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс «Сапалық және мәтінді есептер шығару»
Сабақтың мақсаты : Физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда, есеп шығара білуді уйрету.
Сабақтың міндеті:
- Оқушыларға дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысты, қуатты түсіне отырып, оқушылардың ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын арттыру. Теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
- Топта бірлесе, ынтымақтастықта, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау
- Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету.
5. Күтіліетін нәтиже:
- Оқушылар өтке тақырыпта өтілген формулалар мен теориялық ережелерді еске түсіреді
- Жұмыс және қуат тақырыбына есептер шығара білуді үйренеді.
- топпен жұмыс жасауды үйренеді, қорытынды жасауға дағдыланады
Ұйымдастыру
(5 мин)
- Сәлемдесу, түгендеп назарларын сабаққа аудару;
- Кәмпит арқылы топқа бөлу;
- ОЖТ: «досыңды кімге теңейсіз» тренингі
Үй тапсырмасын тексеру
білу
Миға шабуыл. анықтамалар мен формулаларды еске түсіруге жағдай жасау.
АКТ: таныстырылымдағы тапсырмалар беріледі:
Жаңа сабақ
түсіну
СТО ; Логикалық есептер беру
1. Бала жіпті тартқан сайын қайықтар жақындай түстеді. Қайықтар жақындаған сайын қайсысының жылдамдығы басымырақ болады? Неліктен?
2. Бала жүгі бар баржадан немесе жеңіл үрлемелі қайықтан тас лақтырды. Қай жолы тас алысқа ұшады?
СТО ; Кубизм әдісі бойынша әр топқа есептер беріледі.
Жеңіл қайықтың жылдамдығы көп болады, себебі оның массасы жеңіл болып келед
Бала жүгі бар баржадан тас лақтырған кезде алысқа ұшады, себебі оның массасы үлкен
Логикалық есеп беріледі, сол есептің жауабын бірлесе отырып ақылдасып жауаптарын айтты Әр топтың топ мүшелері болып жұмыстанады, тақтаға есеперін шығарып түсіндіреді басқа топ мүшелері дәптерлеріне көшіріп жазада. Әр топтағы көшбасшы өз топ мүшелерін кретерлер бойынша бағалайды
Демонстрациялық тәжірибе көрсеттім. Демострациялық тәжірибеден не байқадыңдар?-деген сұрақ қойдым.
1-топ. Күш
2-топ. Жұмыс
3-топ. Орын ауыстыру
Демонстраиялық тәжірибені талдай отырып, флипчартқа жаңа тақырыпты ашты.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысын талдап шықты. Белгілі бір күш әрекетінен дененің орын ауыстыруын механикалық жұмыс деп атайды.
(Дж)
Әрбір топ тапсырма байынша жұмыстанды Тапсырманы орындайды
Рефлексия толтыру