Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Paint графикалық редакторымен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редакторының сурет салу кезеңдерімен, құрал-саймандар тақтасымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасау арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Сабақтың түрі: теориялық-практикалық
Сабақтың типі:білік пен дағдыны қалыптастыру
Оқыту әдісі: Практикалық, теориялық, сұрақ - жауап, көрсете отырып түсіндіру.
Технологиясы: ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта, PowerPoint слайдтары, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақты бастамас бұрын бір қорапшада әр түрлі гүлдер бар , сол гүлдерді бір-бірден алайық. Ал енді бәріміз шеңбер құрып тұрайық. Ал балалар бұл гүл жәй гүл емес <<Сәттілік гүлі>> , тізбек бойы әдемі тілектерімізді, жақсы сөздерімізді бір-бірімізге арнай отырып , гүлдерді бір-бірімізге таратайық.
Бүгінгі сабақта сынып оқушылары барлық сабақ бөлімдеріндегі тапсырмаларды мұқият орындап, ұпай жинауы тиіс. Сол ұпайларына байланысты сабақ соңында кімнің жақсы қатынасқаны анықталып, топ оқушылары бағаланады. Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1.Білеміз
2. Біліміңді пайдалан
3. Сиқырлы қалам
4. Компьютер мүмкіндігі
5. Бәріміз бірге
6. Нәтиже
Сабаққа дайын болсақ бірінші <<Білеміз>>бөлімі. Біз бұл бөлімде үйге берілген тапсырмағы қаншалықты дайындалғанымыз туралы білетін боламыз.

Сұрақ: Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Paint графикалық редакторының қызметі қандай?

Paint графикалық редакторы терезесінің элементтерін белгіле

<<Білгеніңе сенбе, біліміңе сен>> дей отырып келесі <<Біліміңді пайдалан>> бөлімін бастаймыз. Сынып оқушылары жұмбақты шешіп, сурет қиындыларының ішінен суретін таңдап алып компьютерге бейнесін салу, кезек-кезек компьютерге келіп тапсырманы орындайды.
Жұмбақтар
1. Жазда жатсаң көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң жаның рахат табады./Ағаш/

2. Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді./Доп/

Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. /Алма/

3. Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада
Оған ұқсар жоқ құлақ ./Қоян/

4. Қалың майдан маймаңдап,
Қар астында қалған қап.
Көп ортайып көктемде,
Тұрды орнынан айқайлап./Аю/

5. Алдымда әр түрінен жібек жіптің
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім /Кемпірқосақ/

6. Аппақ дала, қара дән,
Дәні сепкен түсінуге жараған /Әріптер/

7. Сырт - сырт соғады
Уақыт озады /Сағат/

8. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама /Кітап/

9. Жауын жауса тысқа шығады,
Жаумаса оны бұрышқа тығады. /Қолшатыр/

10. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады/ Пияз/

11. Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте /Шырша/

12. Жұрттың бәрі сүйеді
Бірақ қарай алмайды/ Күн/

13. Өмірдің бұл шырағы,
Әрі жүйрік көреген/ Көз/

14. Ұшып жүрген гүл көрдім
Қонғанда ұстап үлгердім. /Көбелек/

15. Тәтті жемістің бірі
Қауақтың кішкентай түрі
Айыбы бұтаққа ілінеді
Айтыңдаршы, кім біледі?/ Алмұрт/
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл, шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай. /Қарбыз/
Оқушылар компьютерде жұмыстарын аяқтағанша мынадай сұрақтарға жауап берейік.
Мәтіні бар суретті қалай саламыз?
/жазу құралы арқылы/
Суреттің белгілі бөлігін өшіру үшін не істеу керек?
/өшіргіш құралын пайдалану керек/
Тұйық контурды бояу үшін не істеу керек?
/құю құралын пайдалану керек/
Шеңбер салу үшін қандай құрал пайдаланамыз?
/эллипс құралы/
Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орындалады?
/кескін түсі қара, фонның түсі ақ/
Палитра не үшін қолданылады?
/Графикалық редактор терезесінде салынғансуреттерді негізгі және фондық түске бояу үшін/
Жеке үзінділерді үлкейту үшін не істеу керек?
/масштаб құралы қолдану керек/
Кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызу үшін не істейміз?
/қарындаш құралын пайдаланамыз/
Тұйық көпбұрыштарды қалай саламыз?
/Көпбұрыштар арқылы/

Жеке тапсырмалар <<Жұбын тап>> ойыны
Paint графикалық
тақтасы
Түзу
палитрасы
Ерікті аймақты
бұрыш
Түстер
сызық
Көп
редакторы
Құралдар
алаңы
Сурет салу
белгілеу құралы

Сиқырлы қарындаш
Практикалық жұмыс
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен гүрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбдырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдымызға елестетіп көріңізші. Бұл өлеңде Абай нені айқын, айшықты тілмен бейнелеген. Тамаша табиғатты. Желсіз, тынық түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсыған ай, сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Ағаштың қалың жапырағы да сыбырласып, манаураған түн тыныштығына құлақ салғандай. Жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге бөленіп, ерекше сұлулық танытқандай.
<<Желсіз түнде жарық - ай>> әні орындалады.
Бейнелеу өнері Paint графикалық редакторы
сурет саламыз

Компьютер мүмкіндігі
Өздері салған суреттерден құрастырылған мультфильм кадрларын көрсету. Винни Пух
Қорытындылау
Бәріміз бірге
Сурет салу процесі қандай кезеңдерден тұрады?
/Құралды таңдау, сызықтың қалыңдығын, типін, кескіннің түсін , фонның түсін таңдаймыз/ Кескіннің түсін қалай таңдаймыз?
Тышқанның сол жақ батырмасын басу керек.
Фонның түсін қалай таңдаймыз?
/тышқанның оң жақбатырмасын басу арқылы/
Paint графикалық редакторында неше құрал бар?
/16/
Үйге тапсырма:
Өткен тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлері тақырыбында суреттер дайындау.
Бағалау:
Аты -жөні
Ұпай саны
Бағасы

Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу тәсілдері
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс
Paint редакторының терезе
Түстер палитрасы
Paint сурет салу программасы
Paint графикалық редакторы жайлы ақпарат. 7-сынып
Құралдар жиыны
Мәтін бойымен жылжыту
Adobe Рhotoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу, құралдарымен жұмыс
Microsoft Word редакторының негізгі элементтері
Пәндер