Сөздердің байланысу түрлерін табу

C:\Users\Жазира\Documents\Гүлнұр сурет\SAM_5148.JPG

Қойшыбаева Гүлнұр Төреханқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Түркістан қаласы, «Шорнақ» жалпы орта мектебі

7-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Сөздердердің байланысу түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты: Сөздердің байланысу түрлері мен жасалуы, ерекшеліктері жайлы білімдерін кеңейту. Топтық жұмыс арқылы өзара үйретуге дағдыландыру. Даналық сөздерді оқу арқылы өз ойын жеткізуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: диалог, СТО, топтық жұмыс, рефлексия

Күтілетін нәтиже: Сөздердің байланысу түрлеріне тапсырмалар орындайды, талдау жұмыстары арқылы сыни ойлауға дағдыланады. Топтық жұмыс арқылы өзара ой бөліседі.

Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сабақ кезеңдері: Білім
Мұғалім әрекеті:

Үй тапсырмасы

Сөздердің байланысу түрлерін табу

1-топ

Құдіретін «құдайымның» көресің бе?

Не жеміс өсер өзен дөңесінде . . .

Арыстан демалуға суға кірсе,

Балықтар шымшып ойнар терісінде. .

2-топ

Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла көңіл бөліп.

3-топ

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Топқа бөлу

Қиысу, матасу, меңгеру болып үш топқа бөлінеді.

Оқушы әрекеті:

Дөңесінде өсер, терісінде ойнар

Демалуға кірсе, суға кірсе, меңг

Балықтар ойнар-қиысу,

Біліміне серік, жанға көрік, ойды жұмса-меңгеру,

Адамның білімі, істің ақыры-матасу, ақыл серік-жанасу

Адамның қызығы-матасу, баланы оқыту-меңгеру, оқуды жек көрмедім-меңгеру, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек-қабысу

Сабақ кезеңдері: Түсіну
Мұғалім әрекеті:

Венн диаграммасы

Қабысу мен жанасудың ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Оқушы әрекеті: Қабысу-жалғаусыз байланысады, орын тәртібі, ілік септіктен басқа анықтауыштар мен сын-қимыл пысықтауыштар анықталатын мүшелермен байланысады.
Сабақ кезеңдері: Қолдану
Мұғалім әрекеті:

Ойлайық та, жазайық

Төмендегі сөздерді негізге алып, сөз тіркесін жаз, байланысу түрін тап

1-топ абырой, бедел, қадыр, айыр

2-топ ақ, қамыс, түтік, химия

3-топ мектеп, абырой, ұстаз, ғажайып

Оқушы әрекеті:

Адамның абыройы, беделді адам, атамның қадірі

Киімнің ағы, қамыстың қалдығы, түтіктің басы

Мектептің табалдырығы, абыройлы ұстаз

Сабақ кезеңдері: Талдау
Мұғалім әрекеті:

Оқулықпен жұмыс

256-жаттығу

Қабыса байланысқан тіркестерді жаз

1-топ Жолға шыққанша төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді.

2-топ Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүріп кетті.

3-топ Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмеді.

Оқушы әрекеті:

Ұзын бойлы, қапсағай қара шал, төртінші күн

Салқын ызғар, көне шекпен, шырқау биік,

Жалаңаш жота, қалың жыныс, қалжыраған қарт

Оқушылар сөз тіркестерін талдайды.

Сабақ кезеңдері: Жинақтау
Мұғалім әрекеті:

Талдау -табыс кілті

Сөз тіркестеріне талдау жаса, кестеге орналастыр.

1-топ темір күрек, кітаптың мұқабасы, тазалыққа үйір, үлкендер айтады, бүгін келді, мен көрдім

2-топ биік тау, аттың жүйрігі, ісімен жақсы, біреу алып кетті, жоғары өрледі, ол барған

3-топ таудай талап, мамырдың сегізі, ерге сын, Құнанбай ұқтырды, жорта айтты, алтын сақина

Оқушы әрекеті: Оқушылар сөз тіркесіне талдау жасап, кестені толтырады.
Сабақ кезеңдері: Пайымдау
Мұғалім әрекеті:

Ұлы сөзде ұлағат бар

Даналық сөздердің мағынасын аш, сөз тіркестерін тап

1-топ Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге. Абай

Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. А. Чехов

2-топ Ақыл бітсе дәулетке

Дәулет бітпес келбетке. Абай

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

3-топ Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек. Абай

Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Оқушы әрекеті: Ғұламалардың сөздерін оқу арқылы сыни ойлауға дағдыланады. Мағынасын ашады, сөз тіркестеріне талдау жасайды.
Сабақ кезеңдері: Қорытынды
Мұғалім әрекеті:

Үй тапсырмасы

264-жаттығу

Кесте сұрақтарына жауап беріп, кестені толтыру

Бағалау

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Оқушы әрекеті: Өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады. Сабақтан алған әсерін бөліседі.

Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің түрлерін ата
Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу. Матасу. Жанасу
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай құрылысы
Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар. 7 сынып
Сөздердің байланысу түрлері
Сөз тіркесіне талдау
Сөз ілік септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Сөздердің байланысу түрлері. 7 сынып
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz