Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүз бес

Сан есім 1-нұсқа
1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А) Ілік септік.
В) Барыс септік.
С) Көмектес септік.
Д) Жатыс септік.
Е) Атау септік.
2. <<2>> санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) - дан.
В) - тен.
С) - нші.
Д) - еу.
Е) - ні.
3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Не істеді?
В) Кімнің?
С) Қай?
Д) Кім?
Е) Қанша?
4. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Бесінші.
В) Екі.
С) Алты.
Д) Үш жүз жетпіс.
Е) Төртеу.
5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) - нші.
В)-нші, -інші.
С) - ншы.
Д) - інші.
Е) - ншы, -ыншы.
6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.
А) Он-он бес.
В) Екі бүтін оннан үш.
С) Он бір.
Д) Он бірінші.
Е) Отыз тоғыздан.
7. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
А) Екі бүтін үш ондық.
В) Екінші.
С) Екі-екіден.
Д) Екі.
Е) Екеу.
8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Отыз бесінші.
В) Екі кітап.
С) Жүз алты.
Д) Жиырма.
Е) Оннан төрт.
9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екіде.
В) Екіден.
С) Екіні.
Д) Екімен.
Е) Екінің.
10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) - ншы, -нші.
В) - нші, -ыншы.
С) - інші, -нші.
Д) - ыншы, -ншы.
Е) - ыншы.
11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.
Атам 70 тен асты.
А) Нүкте.
В) Қос нүкте.
С) Дефис.
Д) Жақша.
Е) Үтір.
12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.
А) Жеті.
В) Он.
С) Отыз тоғыз.
Д) Жүз бес.
Е) Сегіз.
13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден.
В) Мың.
С) Он.
Д) Тоғызыншы.
Е) Біреу.
14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.
А) - ау, -еу
В) - ау, -тан
С) - еу, -інші
Д) - ау, -ыншы
Е) - інші, -ыншы
15. Сан есімді белгілеңіз.
А) Тиісті.
В) Қызыл.
С) Елу бір.
Д) Ішті.
Е) Өрік.

Сан есім 2 -нұсқа

1. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А)Қандай? Қай?
В)Неше?
Қанша?
С)Нешінші?
Қаншасыншы?
Д)Нешеден? Қаншадан?
Е)Нешеу?
2. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Үшеу.
В) Екінші.
С) Сегіз.
Д) Он екі.
Е) Бес.
3. Дара сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі жүз сегіз.
В) Жиырма.
С) Он төрт.
Д) Жиырма бес.
Е) Бестен үш.
4 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.
А) Сегізінші.
В) Жетінші.
С) Он бірінші.
Д) Тоғызыншы.
Е) Оныншы.
5. <<Он бес>> сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
А) Дара.
В) Толық.
С) Күрделі.
Д) Жай.
Е) Көптік.
6. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.
А) Бір.
В) Төрт.
С) Он тоғыз.
Д) Үш.
Е) Алты.
7. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Күміс қасық.
В) Алтын сағат.
С) Ағаш күрек.
Д) Екі жолдас.
Е) Жібек жолы.
8. Бір айда неше апта барын табыңыз.
А) екі
В) алты
С) бес
Д) үш
Е) төрт
9. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.
А) Жетеу.
В) Белбеу.
С) Белгілеу.
Д) Істеу.
Е) Нешеу.
10. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі.
В) Жеті.
С) Тоғыз.
Д) Жиырма бір.
Е) Бес.
11. Дара сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес.
В) Жетпіс бес.
С) Бес-алты.
Д) Жиырма.
Е) Бір жүз отыз.
12. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Жүз бір.
В) Жүзден.
С) Жүзінші.
Д) Жүздей.
Е) Жүз.
13.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.
А) Еңбек адамның екінші анасы.
В) Қырықтың бірі қыдыр.
С) Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
Д) Жеті рет піш, бір рет кес.
Е) Мың қосшыға бір басшы.
14. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес.
В) Бестік.
С) Төрт.
Д) Үшеу.
Е) Үштен екі.
15. Есептік сан есімді табыңыз.
А) Жетпісінші.
В) Жетіден үш.
С) Жетпістей.
Д) Жетеу.
Е) Жетпіс.

Сан есім. 3 -нұсқа.

1. Реттік сан есімді атаңыз.
А) Жетеу.
В) Үш-үштен.
С) Тоғызыншы.
Д) Төрт.
Е) Он екі.
2. Бірінші қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.
А) 5 қыркүйекте
В) 23 қарашада
С) 1 қыркүйекте
Д) 25 қазанда
Е) 22 қыркүйекте
3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.
А) 26
В) 23
С) 18
Д) 24
Е) 35
4. <<1989-ый>> сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы.
В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.
С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы.
Д) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.
Е) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыздай.
5. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?
А) Тоғызыншы
В) Сегізінші
С) Он бірінші
Д) Жетінші
Е) Оныншы
6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
В) Заттың реттік санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді.
Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
7. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Бес-бестен.
есімді атаңыз.
А) Жеті.
В) Үштен бір.
С) Біреу.
Д) Төрт.
Е) Бесінші.
9. Жинақтың сан есімді табыңыз.
А) Төрттен бір.
В) Бір.
С) Жетеу.
Д) Үшінші.
Е) Сегіз.
10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
А) Он-оннан.
В) Оннан.
С) Он екі.
Д) Оныншы.
Е) Ондаған.
11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А) Кім? Не? Кімдер? Нелер?
В) Не істеді? Не қылды?
С) Қанша? Неше? Нешінші?
Д) Қалай? Неге?
Е) Қайтіп? Неістеп отыр?
12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А) Қырықыншы.
В) Елу мың.
С) Жеті жүз.
Д) Біреу.
Е) Жетіден бес.
13. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Жетпіс тоғыз.
В) Алтау.
С) Жүздеген.
Д) Қырықыншы.
Е) Мың.
14. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Бесеу.
В) Жетінші.
С) Он бестен.
Д) Он жеті.
Е) Сегіз.
15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А) Тоғыз жүз.
В) Бір жарым.
С) Екі жүз елу.
Д) Он мың.
Е) Алтыншы.

Ұқсас жұмыстар
Сан есім зат есім
Сан есім. сан есімнің мағыналық түрлері
Зат есім сұрақтары
Дара және күрделі сан есім
Сан есім жайлы
Сан есімнің дара жіне күрделі түрлерімен таныстыру
Төрт бұрыш
Дара және күрделі сан есімдер
Қазақ тілі. Сан есімнің түрленуі
Санды цифрлармен жаз
Пәндер