Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың көрнекілегі

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала- әдепті бала.
Сабақтың мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-Білімділік: Ұқыптылық, жинақылық, әдептіліққе туралы түсінік беру.
-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептіліқ тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Сыпайлық қарым- қатынастратын дамыту.
Сабақтың көрнекілегі: Оқылық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат.
Сабақтың типы: Білім, іскерлі, дағдыны дамыту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Қызығушылықты.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Әңгімелесу;
- Жағдаяттар кезінде ойлану;
- Шығармашылық жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс;
- Сергіту сәті;
- Шығармашылық жұмыс.
ІІІ. Қорытындылау:
- Есінде сақта;
- Рефлексия;
- Қорытындылау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені:
- Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін.
Қызығушылықты ояту:
Бүгінгі сабағымызда <<Ұқыпты бала- әдепті бала>> тақырыбын жалғастрамыз. <<Мен әдепті баламын, өйткені...>> ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын білдіру аркылы алғашкы баладан басталып соңғы оқушыға дейін жалғасады.
Негізгі бөлім:
Әңгімелесу
Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамы бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.
<<Өзара сыйластық>>дегенді қалай түсінесіздер?
(адамдар бірін бірі сыйлап, құрметтеу).
Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіндер?
(адам, бойындағы жақсы қасиет).
Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсете аласындар? (ата-анамызға үлкен кісілерге, достармызға, жақындарымызға).
Адамның әдептілігін қалай білуге болады?(оның іс-әректетінен).
Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай-ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен <<Сіз>> деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. <<Жалғыз ағаш орман болмас>> деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдағы адамдармен бірге көрінісі.
Жағдаяттар кеінде ойлану:
І-жағдаят:
Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетер кезінде:
Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, -деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге онын достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды утбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешісініңтапсырмасын орындарын немесе достарының көнілінен шығу керек екенінбілмей дал болды.
Ұланның орнында болсан не істер едің?
Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тындап, оларды құрметтеуміз керек екен.
ІІ-жағдаят:
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:
Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, -деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсідіре бастады.
Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсындар?
Ернардың орнында болсаң нем істер едің?
Иә, балалар, үлкен-кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тындау, сөзге тоқтау-инбаттылық, сыпайылықтың көрінісі.
Шығармашылық жұмыс:
Қәзір сендер <<Ұқыпты болу үшін>> не істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде ойланып отырып, кеңестер мен қағидалар жазасыздар.
Мәтінмен жұмыс: Оқулықтан М. Гумеровтың <<Дәме>> әңгімесін оқу.
Мәтін бойынша сұрақ:
*Ал сендер қалай ойлайсындар? Мүмкін бе? Неліктен?
Сергіту сәті:
1,2 басымыз тік
3,4 қол созамыз
5- дегенді қолды сермеп
6- деп партаға отырамыз
Әдептілік сақтап ойлаймыз
Әдептілік сақтап өрлейміз
Шығармашылық Жұмыс:
Оқушылар 3 топқа бөлінеміз.
1- топ <<Ұқыпты бала>>
2- топ <<Ұқыпсыз бала>>
3-ші топ <<Мен әдепті баламын>> берілген тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру.
Есіңе сақта:
Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.
Сыпайы достык пейілмен сәлемдес.
Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.
Рефлексия:
Ал балалар осы сабақтан не үйрендік?
Өздеріңе қандай ой түйдіндер ?
Кімнен үлгі алар едіндер?
Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтасырайықшы:

Тәртіптілік Көмектесу

Сыйласу Ата-анаңды тыңдау
Әдептілік

Шыншыл болу Кешірім сұрау

Адамгершілік Өтірік айтпау

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
Қай түзу перпендикуляр түзу
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Сабаққа мақсат қоюдың бірнеше тәсілдерінің мінездемесі
Өлең құрлысына талдау
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Пәндер