8-сынып: Microsoft Excel ұяшықтарын форматтау және стандартты функцияларды қолдану

Барлық оқушы саны:16
Қатысқаны:16
- Mic. Excel бағдарламасында пішімдеу ұяшығымен танысып мәлімет алады.
- Mic. Excel бағдарламасының жұмыс жасау ережесіне бағынады.
- Mic. Excel бағдарламасында функцияларымен танысады . . .
Ақпараттық коммуникациялық технология(АКТ), Интерактивті тақта, Mic. Excel бағдарламасы.
Оқулық беттері, ресурс парақтары.
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
5 мин
3 мин
5 мин
“Тест сұрақтары” стратегиясы.
«Болжау» стратегиясы
Мәнмәтінде айқындау.
1. Ұйымдастыру
Топқа бөлу: «Mic. Office топтамасының пакеттері»: «PowerPoint», «Excel», «Outlook Express»
Шарттары:
- Әр үстелге 3 бағдарламаны қойып, сол бағдарламаға жаңадан өткен тақырыбының сөздері алынады, қатысты сөздерді тауып, оқушылар үш топ құрып орындарына жайғасады.
Жаңа сабақ. «Болжау» стратегиясы арқылы басталады. Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынан дай сұрақтар қойылады:
1. Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
2. Қандай тақырып маңайында өрбиді?
3. Excel бағдарламаcымен қандай жұмыстар жасауға болады?
4. Пішімдеу ұяшығынан қандай жұмыстарды іске асыруға болады? Жауабы жақындағандарға, дұрыс тапқандарға жұлдызша беремін.
Топ тапсырмалары:
I - Mic. Excel бағдарламасында ұяшықпен жұмыс.
II - Mic. Excel бағдарламасында пішімдеу ұяшықтың көмегімен сөздерді тасымалдау жолдарын жазу.
III - Mic. Excel бағдарламасында кестелермен жұмыс оны біріктіру, бөлу жолдарын қарастыру.
Оқушылар топқа бөлінеді. Топта өзара әрекет етеді. Бір-бірімен пікір алмасады. Іштерінен көшбасшы шығарады.
Оқушылар жаңа топпен жұмыс істейді.
Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады.
Әркім өз ойларын айтады.
Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады?
Болжау жасайды.
Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді.
Топпен жұмыс: әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі.
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
«Куббизм» стратегиясы. (5 сұрақ)
I-топ:
- Mic. Excel бағдарламасында кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп қалай форматтауға болады?
- Кестеде әр санды әр түрлі форматта қалай беруге болады?
- Ұяшықтар формат диалог терезесін қалай шақыруға болады?
- Егер берілген сан формулаға айналып кетіп тұрса, қандай команда орындасың?
- Кесте ішіндегі жұмыста біріктіруді қалай қолданады? . . .
II - топ:
- Пішімдеу ұяшық диалог қандай мүмкіндіктер орналасқан?
- Mic. Excel бағдарламасының пішімдеу ұяшығының диалог терезесіндеТуралау (Выравнивание) менюі қандай қызмет атқарады?
- Mic. Excel нені білдіреді?
- Ұяшықтарды неге кеңейту керек?
- Ауқымды ұяшық дегеніміз не?
III - топ:
- Ұяшықтағы мәтіндер мен сандарды көлденең және тік туралау үшін қандай команда орындайды?
- Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?
- Автоформат командасы не үшін арналған?
- Ұяшық аумағын автоматты түрде қалай форматтайды?
- Пішімдеу ұяшығында күн жадысын, уақытты қалай қоямыз?
Куббизм стратегия сұрақтар тапсырмасы көмегімен жұмыс жасау жолдарын түсініп, таниды, жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан-жақты талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипаттайды (түрі, түсі, көлемі)
Салыстырады (ұқсастығы, айырмашылығы)
Талдайды (қалай жасалған неден тұрады)
Ой толғау (бұл неден жасалған)
Ұсын (қалай, қай