Сабақтың барысы. Сабақ кезеңі

Астана қаласы

№54 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі

Рахлетова Шынар Төлепбергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

Мақсаты: модельдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • модель туралы түсініктерін толықтырады;
  • нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады;
  • модель қасиеттерін анықтайды;
  • модельдерді түрге ажырата біледі;
  • компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады.

Сабақтың көрнекілігі: Модельдердің суреттері, ватман, А4 қағаздары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі
Оқушылардың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақ кезеңі:
  1. Ұйымдастыру кезеңі (3мин. )
Оқушылардың іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылар назарын аудару, жақсы көңіл-күйге бұру.

Бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақ кезеңі:
  1. Миға шабуыл: МОДЕЛЬ дегеніміз не? (3 мин. )
Оқушылардың іс-әрекеті: Түсініктерін айтады, басқаларды тыңдайды
Мұғалімнің іс-әрекеті: Тыңдайды, қолдау көрсетеді.
Сабақ кезеңі:
  1. Жұптық жұмыс: Бұл модельдер қандай мақсатпен құрылған? (10мин. )
Оқушылардың іс-әрекеті: Берілген модельдің құрылу мақсатымен таныстырады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: әр жұпқа модель суреті, А4 парақтарын таратады. Жұмыс барысын бақылайды
Сабақ кезеңі: 4. Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау (5мин. )
Оқушылардың іс-әрекеті: қорытынды ойларын ортаға салады
Мұғалімнің іс-әрекеті: мұғалім интерактивті тақтаға модельдің негізгі қасиеттерін жазады
Сабақ кезеңі: 5. Топқа бөлу («Кемедегі капитан» ойыны арқылы ( «Кемедегі капитан» дегенде оқушылар бейтарап күйде араласып жүреді, «палуба» деп айтылса, оқушылар жұптасады; «борттан адам құлады» дегенде ортаға үштен топталады; «түскі ас» делінсе төрттен топталады) . (3мин. )
Оқушылардың іс-әрекеті: Топқа бөлінеді
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен бірге орындайды
Сабақ кезеңі:

Топтық жұмыс: «Модельдерді түрлеріне қарай жіктеу» (12 мин. )

1 топқа: материалдық

2 топқа: бейнеленуші

3 топқа: ақпараттық

Оқушылардың іс-әрекеті: Модельдерді түрлеріне қарай жіктеп, ватманға жапсырады
Мұғалімнің іс-әрекеті: Әр топқа 1-қосымша және модельдер суреттерін (2-қосымша), ватман, желім таратады, сырттай бақылайды
Сабақ кезеңі:

Топ жұмыстарын тексеру

Бағалауды дәйектеу (8 мин. )

Оқушылардың іс-әрекеті: Әр топ басқа топтың жұмысын тексереді, дұрыс сәйкестендіруге +1, дұрыс емес сәйкестендіруге -1 қояды
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бақылаушы рөлінде
Сабақ кезеңі: Үйге тапсырма (1 мин. ) Әртүрлі білім салаларында қолданылатын модельдерге мысалдар келтіру
Оқушылардың іс-әрекеті: Өздеріне жазып алады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Интерактивті тақтада алдын-ала жазылған үй тапсырмасымен таныстырады.

Бағалау парағы

Сабақ кезеңдері
қатысты
қатыспады
Сабақ кезеңдері: Миға шабуыл
қатысты: 1
қатыспады: 0
Сабақ кезеңдері: Жұптық жұмыс
қатысты: 1
қатыспады: 0
Сабақ кезеңдері: Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау
қатысты: 1
қатыспады: 0
Сабақ кезеңдері: Топтық жұмыс
қатысты: 2
қатыспады: 0
Сабақ кезеңдері: Жұмыстарды тексеру
қатысты: 1
қатыспады: 0
Сабақ кезеңдері:

Баға:

6 балл - «5»

4-5 балл - «4»

3 балл - «3»

қатысты:
қатыспады:
  1. Қосымша:

Модель (фр. modе1е, ит. modе11о, лат. modulus - өлшем, үлгі) - бұл:
- нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
- заттың кішірейтілген / ұлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық / ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы - объектісі;
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.

Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: - материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген / ұлғайтылған көшірмелері;
- бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік) ;
- ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар) .

Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.

2-қосымша

geom (1).jpg


Ұқсас жұмыстар
Қай түзу перпендикуляр түзу
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
3 –сынып. Еңбекке баулу
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
"Күнделікті сабақ жоспарлары". 1-4 сыныптарға
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Ана тілі, 3 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz