Ғылыми жұмыс

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Ел президенті Н Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды иновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, мұғалімнің міндеті - оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу. Кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының өмір бойы жинақтаған тәжірибесін меңгеріп, сонымен қатар, шығармашылық іс-әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Білім беру үрдісінде проблеманы бала өзі шешуге талпыныс жасап, өз қызығушылығын қанағаттандыруға, өз идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Қазіргі мектептің мақсаты - бүгінгі күн талабына сай нәтижеге бағдарланған білім бере отырып, өзін-өзі жетілдіретін, өмірлік белсенді көзқарасы бар, әлемдік мәдениетті танып білуші, жан-жақты дамыған адам, шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл тұлға тәрбиелей алады. Сондықтан балалардың шығармашылық қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы дамытуға арналған бірнеше сабағымыздың жоспарын алдағы уақытта жинақ түрінде шығарсақ деген ойымыз бар.
Біз бірнеше жылдан бері қолданылып жүрген профессор Қараев Жауынбай Амантурұлының оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс -әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар.
Бірінші - мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау. Ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету.
Екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін, оқытудың проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
Үшіншісі - оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай - ақ оқушылардың өзара бәсекелесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Осы шартты іске асыруда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының маңызы зор екеніне бірнеше жылдардағы іс-тәжірибиемізден көзім жетті. Соның дәлелі, 2009 жылы 3-сыныптарындағы факультатив сабақтарына арнап Ж. Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясына сүйеніп, қосымша «Математикадан өзіндік жұмыс дәптерін», 2012 жылы екінші және төртінші сыныптарға математикадан факультатив сабақтарына арналған «Жұмыс дәптерін» жаздық. Ондағы тапсырмалар математикадан факультатив сабақтарына арналып 34 сағатқа жасалған. «Жұмыс дәптерімен» жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушының математикалық ойын, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Күнделікті тақырыптар бойынша оқушының алған білімдерін әр аптаның соңында осы оқу құралын қолданып, тексеріп отыруға болады. Берілген тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай құрылғандықтан, тапсырманы әр бала өзінің әлі келгенінше және мұғалім мен ата-ананың көмегімен орындауына мүмкіндігі бар. Осылайша, үлгірімі төмен оқушының өзі де біртіндеп ІІІ, ІҮ деңгейлік тапсырмаларды орындап үйренеді. Әр тоқсанның соңында білім сапасының мониторингі оқу құралының соңындағы бағалау көрсеткішімен сараланып отырылады. Ол арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады.
Осының нәтижесінде үлгірімі төмен оқушының өзі де біртіндеп ІІІ, ІҮ деңгейлік тапсырмаларды орындап үйренеді; өзіндік жұмыс нәтижесі әр тоқсан мен жыл соңында қорытынды жұмыстарының нәтижесіне сай алған бағаларын даму дәрежесінің көрсеткішіндегі бағаларға сәйкестендіріп белгілеп, оның даму дәрежесінің көрсеткішінің графигі сызылады. Бұл график балаларды қатты қызықтырады. Өзінің мониторингін өзгелермен салыстырып, алға қарай ұмтылады.
Даму дәрежесінің көрсеткіші (мониторингі) кесте № 1
ІҮ деңгей
ІІІ деңгей
ІІ деңгей
І деңгей
І-тоқс. ІІ-тоқс. ІІІ-тоқс. ІҮ-тоқс. жылдық
Ол арқылы баланың пәнге деген қызығушылығы артады. Жалпы айтқанда, жарық көріп отырған бұл жұмыс дәптері бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарға, оқушыларға көп көмек болады.
Сабақ барысында әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” белгілер қойылады. Мысалы, бастауыш сыныпта математика сабағында біз оқушылардың білім көрсеткішін мына кесте бойынша бағалаймыз:(бір тақырып бойынша білім көрсеткіштері)
А шық журнал кесте № 2
Үрмеғали
Ақжан
Әжікен
Ернұр
2-сынып математика пәнінен «14 санының құрамы» тақырыбына жасалған сабақ жоспарының үлгісін ұсынамыз. кесте № 3
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz