Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы

Пәні :физика Күні:10.04.2014ж Сынып: 7
Сабақ тақырыбы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
Мақсаты

1.Оқушыларға ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы тақырыптарын түсіндіру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Негізгі идея

Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы тақырыптарын түсінеді.
Оқыту формасы
<<Жигсо>> әдісі, АКТ.
Ресурс
слайдтар, графопроектор, жүктер, динамометр, сызғыш, әртүрлі серіппелер, Паскаль шары, Күн батареясы,
Бағалау түрі
Смайликтер арқылы бағалау
Сілтеме:
7 класқа арналған электронды оқулық, www. Google.kz, www.ustaz.kz , физиктерді қолдау сайты.

М Ұ Ғ А Л І М Ж А З Б А С Ы
Мұғалім әрекеті
Уақыт (мин)
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында оқушыларды топқа бөлу:
Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған жұмыстарын, тексереді, қадағалайды, бір-бірін бағалайды.
5 мин
Мұғаліммен амандасады.
Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.
Топқа бөлінеді, оқушылар қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.
Кіріспе:
(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):
Тұлға аралық байланысты орнату
Сыныптың білім деңгейін анықтау
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау
Тұсаукесер:
Қызығушылық пен назарға қол жеткізу барысында оқушыларды топқа бөлу.
Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан сұрау, сол арқылы оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін анықтау. Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды.
Жұмыс, қуат, энергия тақырыптаныда суреттерді мозайка жасап қиып, оқушыларға таңдату.
1.ЖҰМЫС 2.ҚУАТ 3.ЭНЕРГИЯ
Оқушыларға осы тақырыптар бойынша қайталау тапсырмалары, есептері беріледі, сол арқылы оқушылар үйге берілген тапсырмаларды топпен, үйден ізденген қосымша интернет ресурстарды пайдалан отырып, жаңа сабақты айтыға жоба жұмысын дайындайды және сабақ айту барысында әр топ бір тәжірибеден көрсету, есептер шығару керек.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған есептер :
І топ:
1.Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
ϑ=72 км/сағ= 20м/с А= F*S А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж
F= 2000 Н
t =10 c S= * t
А= F** t
Т/к; А=? Жауабы:400 кДж

2. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: шешуі: Есептелуі:
N = 30Bт N=Аt ; А=N·t А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж
t=10 мин=600с
Жауабы:18 кДж
Т/к: А-?
ІІ топ
1..Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
m=4 кг А=F·S А=4 кг·9,8Н/кг·2,5 м=100Дж
Һ=2,5 м F= mg; S=Һ
Т/к: А-? A= mg·Һ
Жауабы: 100 Дж
2.."Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?
Бер: Шешуі: Есептелуі : t=2 сағ=7200 с
А=110 кДж=110000 Дж N= 110000дж7200с=15Вт
Т/к: N=?
ІІІ топ Жауабы:15 Вт
1. 5.Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?
Бер: Шешуі: Есептелуі:
А=F· S А=0,5 кг·10н/кг·60 м=300Дж
m= 0,5 кг F=mg;S=Һ
Һ= 60м A=mg·h
Т/к: А=? Жауабы:300Дж

2.Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай? Бер: Шешуі: Есептелуі: Р=120 Н N=Аt N=120Н ·20 м15 с =240015 =160 Вт
һ=20 м А= Р·Һ
t=15 с N=Р·Һt Жауабы:160 Вт
Т/к: Nорт -?
Негізгі бөлім: (жаңа тақырып түсіндіру)
Потенциалдық энергия-әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Кинетикалық энергия-денелердің қозғалуы салдарынан туындайтынэнергия.

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясымынадай қасиеттермен сипатталады:
1. Ол дененің орналасу күйіне және басқа денелермен әрекеттесу күштеріне тәуелді өзгереді.
2. Әрекеттесу күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен өндіріледі.
Деформацияланған денелерге F=k*x серпімділік күші әсер етеді. х-серіппенің абсолют ұзаруы, k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. Потенциалдық энергияның дененің орналасу күйіне тәуелді, екендігін ескерсек, kx2/2 шамасы серіппенің потенциалдық энергиясын сипаттайды. Сонымен серпінді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы:
E=kx2/2
Осы формулаларды салыстыра отырып: серпімділік күшінің істеген жұмысы серіппінің потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.
Қосымша слайдтар, практикалық жұмыстар көрсету арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Оқушылардың меңгергендігін тексеру үшін, тест тапсырмасын орындату:

<<Дұрыс жауапты таңда>> /тест/./5мин/
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
А) А = В) А = F · S С) А= Д) А= F·t
2. Қуаттың анықтамасына сәйкес формуланы көрсет?
А) N= Аt В) N= St С) N=ϑt Д) N=
3. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады? А) Па В) м/с С) Дж Д) Вт
4. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
А) Па В) м/с С) Дж Д) Вт
Аϑ5. 5 мВт-та қанша ватт бар ?
А) 5·10-3 В В) 10-3 Вт С) 5·10-3 Вт Д) 5·10-6 Вт
6. 1 мк Дж - да қанша джоуль бар?
А) 0,000001 Дж В) 0,001 Дж С) 1000000 Дж
-топ басшылары бағалап отырады (Келесі слайд <<Өздерін тексеру>>)
Бір-бірлерін бағалайды, сабақтан алған көңіл-күйлерін ақ қағазға смайликтерді жабыстыру арқылы көрсетеді. Біздің көңіл-күйіміз. қағазы арқылы.
20 мин
Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға түсіндіріледі.
Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды, сұрақтар қояды.
Оқушылар үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін көрсетеді, өткен тараулар бойынша 5 сұраққа топ болып жауап береді:
Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды

Жаттығулар: (бекіту) Менің түсінгенімше....>>, <<Сонымен, Сіздің айтуыңызша....?>>, <<Егер мен дұрыс түсінсем, осылай ғой...?>> т.б. Әңгімелесушінің жаңа сөзіне кері байланыс орнату үшін қажет .
5 мин
Берілген тапсырмаларды ынтамен жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.
Сергіту сәті: Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін 3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке қатысады.
5 мин
Барлықтары бірге жаттығу жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке қатысады.
Қорытындылау. Топтарға орындаған тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?, Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы жинақтап қорытыныдылайды.
5мин
Оқушылар топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

Бағалау.
Өзара жұппен бағалау.
3 мин
Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады
Қосымша тапсырма:
Ү/т § ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
2 мин
§ ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

О Қ Ы Т У Н Ә Т И Ж Е С І :
Не сәтті болды?
Не сәтсіз болды?

Нені өзгертіп дамытар едім?

<<___>> ____________ 2014ж Тексерілді:_____________

Қобда гимназиясы

Тақырыбы: Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
(7 класс ашық сабақ)

Өткізген: Ж.С.Казбекова

2013-2014 оқу жылы

І.топ
№1
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен
бірқалыпты қозғалып келеді. Егер
оның моторының тарту күші
2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша
жұмыс атқарады.
№2
Қуаты 30 Вт желдеткіш 10
минутта қанша жұмыс істейді?

ІІ. Топ
№1
Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке
биіктікке көтергенде істелген жұмыс
неге тең?
№2
ІІ. 2."Волга"автомобилі 2 сағатта
110 кДж жұмыс атқарса , оның
қуаты неге тең?

ІІІ топ
№1
1.Массасы 0,5 кг қаршыға ауа
ағынымен 60 м биіктікке көтерілген.
Ауырлық күшінің жұмысын анықта?
№2
2.Салмағы 120 Н бір шелек суды
тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд
ішінде көтеріп шығару үшін адамның
өндіретін орташа қуаты қандай?

Ұқсас жұмыстар
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Механикалық энергияның сақталу заңы
Энергияның сақталу қасиеті
Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы
Энергияның сақталу заңы
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
ЭНЕРГИЯ БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Энергияның формуласы
Пәндер