Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Теңдеуді графиктік тәсілмен шешу

Күні: 18.03.2014 ж
Пәні:Алгебра
Сыныбы: 8 <<Ә>>
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді графиктік тәсілмен шешу.
Сабақтың мақсаты:
а) теңдеуді графиктік тәсілді пайдаланып шеше білу дағдысын қалыптастыру;
ә) ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту;
б) ұшқыр, жылдам ойлауға, өз бетінше жұмыс жасауға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті, деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқушылардың жұмысын бағалау кестесі, бос координаталық жазықтықтар, сызғыш.
ПАБ: геометрия, тарих
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Сабақтың тақырыбын , мақсатын жариялау.
Ой тастау.
Бүгін теңдеулерді графиктер көмегімен шешеміз. Олай болса график сөзінің мағынасын ашып алайық. Жалпы функцияның графиктері туралы не білеміз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
- Функция және оның графиктері тақырыптары математиканың ең маңызды бөлігінің бірі. График (graphic) сөзінің аудармасы көрнекі, әсерлі, көркем, жазбаша т.б мағынаны береді.Бір сөзбен айтқанда график функцияның 3х4 бейнесі секілді.
Графиктерді еркін тұрғыза алу көптеген есептердің шешімін табуға көмектеседі. Кейде шешімін табудың жалғыз тәсілі болатын кездер де бар.
ІІІ. Өткен тақырыпқа шолу жасау.
Бүгінгі сабағымыз өткен сабақтарға арқа сүйейді. Олай болса алдыңғы сабақтар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы, қайталап, еске түсірейік.
1. Мен қандай функциямын ? Сәйкестендіру. Слайд №
Слайдта жоғарыда функциялардың атаулары тұрады, ал төменгі жағында көптеген функция формулалары орналасқан. Атына сәйкес етіп, фламастермен байланыстыру керек.
2. Плакаттағы координаталық жазықтыққа дайын түрлі парабола қиындыларын берілген функцияға сәйкес тұрғызу.
Функциялар:
* y=2(x+5)2-7
* y=-x-42+1
* y=12x2+2.5
3. График арқылы функцияның формуласын жаз. Слайд №
Жауабы:
* y=(x+4)2-9
* y=2x+12-3
* y=-4x+3+1
Плакаттағы оқушыларды бағалау кестесіне тапсырмаларды орындаған оқушының тұсына магниттер жапсырылады.
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау.
-Дәптерге күннің ретін және жаңа тақырыпты жазамыз. Әрі мұқият тыңдап, әрі бірге ілесіп жазып, сызып отырамыз.
f1x=f2(x) теңдеуінің шешімдерін анықтау үшін y=f1x және
y=f2(x) функциялары графиктерінің қиылысу нүктелерінің абсцииссаларын табу керек.
Мысалы:
1. x+3=2x-1

y=x+3
x
0
1
y
3
4

y=2x-1
x
0
1
y
-1
1

Графикті плакаттағы координаталық жазықтыққа саламын.

Жауабы: x=4

2. 2x2-2x-4=0 /2
x2-x-2=0 x2=x+2
y=x2 (0;0) нүктесінен өтетін парабола
y=x+2 түзу
x
0
1
y
2
3
Графигін екінші плакатағы координаталық жазықтыққа саламын.

3. 3x-1=x+1
y=3x-1 графигін салу үшін y=3x функциясының графигін ох осьінің бойымен бір бірлік оңға жылжытамыз.
y=x+1 түзу
x
0
1
y
1
2

Үшінші плакаттағы координаталық жазықтыққа салып көрсетемін.

ІV. Бекіту
Оқулықпен жұмыс
№484 (1) және №487 (3)

V. Сергіту сәті.

VІ . Деңгейлік тапсырмалар орындау.
<<А>> деңгейінің тапсырмалары
Графиктердің қиылысу нүктелерінің координаталарын жаз
А) Жауабы: А(2;4) 3 ұпай
Ә) Жауабы: К(1;3) L(4;6) 3 ұпай

<<В>> деңгейінің тапсырмасы

x2-2x-3=0

Жауабы: х1=-1 х2=3 4 ұпай

<<С>> деңгейінің тапсырмасы
Теңдеуді графиктік тәсілмен шеш
2-x= 2x - x2
Жауабы: х1=1 х2=2 5 ұпай

Интерактивті тақтада дұрыс жауаптары және әр сұраққа сәйкес ұпай сандары беріледі. Әр оқушы өзін-өзі тексеріп, ұпай санын шығарады. Ұпай сандары жазып алынып, плакатқа түсіріледі.
Ұпай бойынша бағалану критерийі:
6 ұпайға - <<3>>
7 ұпайдан 10 ұпайға дейін - <<4>>
12 ұпайдан - 15 ұпайға дейін - <<5>> ке бағаланады.

PS.
Қайталау сұрақтарына жауап берген оқушыларға бір ұпай, ал сынып жұмысына тақтаға шыққан оқушыларға үш ұпайдан қосылады.

V . Оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасын беру
А) №484 (2) №487(2)
Ә) §4 оқу
Б) Функция және оның графигінің шығу тарихы тақырыбына ізденіс жұмыс.

VIІ. Қорытындылау.

Теңдеуді графиктік тәсілмен шешу әдемі әрі қызықты. Теңдеулер математика әлемінің жұмбағы.
Ал жұмбақты шешудің тағы бір тәсілі болғаны әрине жақсы.

І қатардағы оқушылар тапсырмаларының ұпайлары



Оқушының аты-жөні

Ұпай саны
1
Нарымбаева Әсел

2
Атабаева Үмітгүл

3
Жүрсінбай Аружан

4
Айтбаева Назгүл

5
Қосалиев Наурызбек

6
Тәңірберген Ғасырбек

7
Серік Ақмарал

ІІ қатардағы оқушылар тапсырмаларының ұпайлары



Оқушының аты-жөні

Ұпай саны
1
Бекетов Ербол

2
Әбдібек Әділет

3
Нұрлыбай Арнат

4
Жалғасбай Шыңғыс

5
Шәкім Қайсар

6
Жаңабай Гүлнұр

ІІІ қатардағы оқушылар тапсырмаларының ұпайлары



Оқушының аты-жөні

Ұпай саны
1
Бодық Қайсар

2
Шәукенбек Меруерт

3
Қуанышбай Асылзада

4
Данияр Асхат

5
Қойшықара Дидар

6
Қырықтықбай Әділет

7
Абдулла Батыржан

Аты жөні: _____________________________________________
<<А>> деңгейінің тапсырмалары
Графиктердің қиылысу нүктелерінің координаталарын жазыңдар
А)
Жауабы: _________________

Ә)

Жауабы: ______________________________________

<<В>> деңгейінің тапсырмалары

Теңдеуді графиктік тәсілмен шешіңдер

x2-2x-3=0

Жауабы: ________________________
<<С>> деңгейінің тапсырмасы
Теңдеуді графиктік тәсілмен шешіңдер
2-x= 2x - x2

Жауабы:

Ашық сабақ

Тақырыбы: <<Теңдеулерді графиктік
тәсілмен шешу>>

Сыныбы: 8 <<Ә>>
Пән мұғалімі : №173 мектептің математика
пәнінің мұғалімі
Алтаева Қарлығаш Амангелдіқызы

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Екінші санды табыңдар
Квадрат теңдеулерді Виет теоремасы арқылы шешу
Квадрат теңдеудің шешудің әдістері
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі
Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеулер тарауын қайталау
Көрсеткіштік теңдеу
Квадрат теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері.8 сынып
Алгебра және анализ бастамалары. Көрсеткіштік теңдеулер
Пәндер