7-сынып: Растрлық графика және CorelDRAW X3 бағдарламасы бойынша практикалық сабақ

Сыныбы: 7 в Күні: 8. ІV. 2015 ж «Бекітілді»
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға растрлық графикамен жұмыс істеуге үйрету, түстер мен құралдармен жұмыс жасауды қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі : Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Қайталау сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, Corel Draw X3 бағдарламасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Векторлық кескін дегеніміз не?
- Растрлық кескін деп нені айтамыз?
- Фракталдық кескін деп нені айтамыз?
ІІІ. Практикалық жұмыс
Оқушыларға жұмбақтар қойылады, жауабын тапқан оқушы компьютерге суретін салып көрсетеді.
- Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған.
Аузы бар, тілі бар
Білер көріп, ұстаған.
/Қоңырау/.
- Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама. /Кітап/.
- Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды. Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі. /Құмырсқа/.
- Шіркіннің өзіне обал-ақ
Жүреді аяқта домалап
(доп)
- Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді
(шар)
- Бейбітшілік құсы деп
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
- Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе сары.
(Жапырақ)
- Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
- Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(Ағаш)
- Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн)
ІV. Cергіту сәті.
А. Еңсеповтың «Мереке»күйін тыңдау арқылы жаттығулар жасау. Көз жаттығуларын жасау.
V. Сабақты бекіту
- Растрлық кескіндердің артықшылығы неде?
- Растрлық кескіндердің кемшіліктерін ата
- Сorel Draw бағдарламасында салу құралдарында қалай орнатамыз ?
- Түстер палитрасында қанша түстер бар?
VІ. Үйге тапсырма: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары
VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ. Қорытынды