Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Шоқанның өмір жолы - елдің тағдыры, халықтың тағдыры
Сабақтың тақырыбы: Шоқанның өмір жолы - елдің тағдыры, халықтың
тағдыры.
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ғалымның өмірі мен зерттеу еңбектерін оқып білу.
2. Оқушылардың ой – қабілетіне әсер ету арқылы өздігімен
жұмыс әрекеттерін дамыту.
3. Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сабақ- конференция.
Көрнекіліктер: Шоқанның фотосуреті, интерактивтік тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы; І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қазақ жері талай ғұламаларды дүниеге әкелді. өздерінің барлық ізгі
тілектері жас жеткіншектердің ұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына
арнаған ағартушыларымыз Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев.
Халықтың дүниетанымы өзен болса, ол үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай
деп Мұхтар Әуезов айтқан.
Әсіресе, Сырымбет тауының басындағы биік жартас ел аузында көп
айтылады. Шоқан сол төңіректегі тау көріністері мен ормандардың, өзінің
туған ауылының суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді
екен...
Сырымбетте болған кездерінде ол туған жерінің табиғат сәулетін, тау
төскейлерін қаптай өскен қарағайлы ормандар мен шоқ- шоқ қайың ағаштарын,
айнадай жарқыраған ғажайып сұлу көл айдындарын қызықтаған.
Қазақтың біртуар ұлы, ғалым, ағартушы, демократ, жиһангер, этнограф.
Қазақстан Орталық және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеуші Шоқан Уалихановтың туғанына 175 жыл толып отыр.
Оқушылар алдын ала дайындап келген тақырыптары бойынша ойларын ортаға
салды. Шоқан Уалихановтың өмір жолы, шығармашылығы туралы айтып өтті.
| Ұлы ғалым |
|Зерттеуші |
Шо
Зерттеу еңбектері туралы оқушы сөзі:
Шоқан– тарихшы, ежелгі мәдениет пен өнердің археологиялық ескерткіштер мен
сәулет өнері тарихшысы. Жолжазбаларында тұрақтар мен елді мекендерді,
таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де, өз ойларын өнер
тарихымен ұламтырып жібереді.
Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз– қайсақтардың
мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған.
Оның Қазақстан және Орта Азия халықтарының ежелгі өнерінің тарихы жөнінде
айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең.
Саяхаттары туралы
«Ыстықкөл сапарының «Қырғыздар туралы
жазбалар»
күнделіктері»
«Қытай империясының «Жоңғария
очерктері»
батыс провинциясы»
Шоқан елдің саяси – әлеуметтік, ұлттық мәдени – рухани ерекшеліктеріне
айрықша назар аударады.Қашқария тарихы, экономикасы, этнографшы, саяси
өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы зерттеу еңбектер жазуы. Ол өз
еңбектерінде әр дәуірдегі әдебиет өкілдері мен мәдениет мұраларына
тоқталып отырады.
Шоқан тек қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес, туыстас тұркі
елдерінің де әдеби мұраларын қағазға түсіріп қоймай, оларды терең зерттеп
насихаттап отырды.
Шоқан – суретші.
Шоқан ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің профессионалды
салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәнінде тұңғыш суретшілерінің
бірі. Шоқанның графикалық туындылары арасынан портреттік жұмыстар басты
орын алады.
Суретші Шоқан – барынша ақын жанды. Қарындаштың бейнелегіштік қаситені
үлкен суреткерлікпен өз кәдесіне жасрата алатындығы соншалық,нобайлық
нұсқаның өзін классикалық деңгейге көтере алады.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілерін де, таңбалы тастар мен тас
мүсіндерге де аса ден қояды.
Оқушылар Шоқанның әзілдері, жаңған хаттары туралы тоқталып өтті.
Қорытынды.
Шоқанның қазақ әдебиетінде алатын орны зор. Шоқан жарық жұлдыздай
жанып, тез сөнді. Оның өзі өлсе де артынан мол мұрасы қалды. Ол қазақ
халқының мол мқрасы ауыз әдебиетін зерттеді.
Үйге тапсырма: Шоқанның өмірі шығармашылығы туралы оқу. С.Мұқановтың
«Аққан жұлдыз» романын оқу.
Бағалау.
-----------------------
Шоқан Уалиханов
Ағартушы
Этнограф
Еңбектері
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz