Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаттығу барысы
Пән: өзін-өзі тану
Тақырыбы: <<Өмір - өмір сүру үшін беріледі>>
Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Көрнекілігі: қағаз,қалам, карточка,доп
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. <<Танысу>> жаттығуы
Жаттығу барысы:
Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.
2.Өміршендік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда
3.<<Мейірімділік алаңы>> жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
4.<<Саңырау телефон>>
Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлерін ортаға салады.
Карточкада: Мен өмірді таңдаймын
5.<<Ақиқат орындығы>>
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш - бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз. <<Менің таңбам>>
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартсында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған. Қалқан - қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы естігің келетін үш сөз.
Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
Берілген танымдық мысалдарды оқып, талдау:
<<Өмір дегенің>>
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.
Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
<<Өмір сүрудің ең жақсы жолы>>
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жаамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату!
Ф.Тайтелиев
- <<Тамаша өмір сүрудің 10 кілті>> кеңестерді талқылау
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор <<Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім>> деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1. Өзіңді таны - Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта - Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар - Азиз Паул.
Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады - Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап <<Не үшін?>> деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап <<Неге ондай болмасын?>> деп сұраймын.
5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек - Мае Вест.
Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында <<қанекей алға, өзіңді көрсет>> деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі - Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! - Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады - Антоние де С.Ехуперю.
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды - Эмиль Зола.
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру - Алберт Энштейн.
Шүкір етуді ұмытпау керек!
Ф.Тайтелиев
Релаксация
<<Мен бақытты баламын>>.
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:
- <<Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр>>
Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.
- <<Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып , ең жақын досына сыйла>>
Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.
Қорытынды: : Құрметті Оқушылар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Менің мақсатым осы шағын көрініс арқылы адалдықтың, ақтық пен пәктіктің әрқашан да жеңіп шығатынын сіздерге жеткізу.
Ақ пен қара бейнесін көрсету шағын көрініс. Соңында Ақ киінген оқушы қараларды жеңіп шығып отырған оқушыларға, мұғалімдерге тыңдаушыларға жылулық, бақыт, денсаулық мейірім, күлкі т.б сыйлайды.
ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған
қазақ-түрік лицейі, Семей қаласы.
Педагог-психолог
Жұмағалиева А.Т.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz