Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Тақырыбы: “Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді”

Мақсаты: 1. Өзін- өзі және өзгені тану қабілеттерін дамыту.

2. Ой өрістерін дамыту, жақсы мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас қалыптастыру.

3. Оқушыларды өз ойларын ашық айта білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.

Түрі: Тренинг

Әдісі: Еркін қарым- қатынас

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, каррточкалар, “Күн” және “Түн” суреттері, т. б.

Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Ой қозғау. “Өзіңді білу”, “Өзіңді тану” тіркестерінің мағынасы жөнінде пікірлерін тыңдау.

2. Кіріспе:

- Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.

3. Негізгі бөлімі. Тренинг жаттығулары

  1. “Мен кіммін” жаттығуы

Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен” бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға уақыт беріледі. (арттерапия әдісі) . Басқалар осы бейненің бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.

Қорытынды: мен- Адаммын, Адам бола білу- ең қиын мамандық.

2. “Күн мен түн” жаттығуы

Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып кемшіліктерін айтады.

Қорытынды: “Жетістікке таспа, кемшілікке баспа”.

3. “Мейірім” жаттығуы

Нұсқау: өзіңнің жақын туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.

Қорытынды: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”.

  1. “Көңіл күйді тану”жаттығуы

Нұсқау: қатысушылар түрлі көңіл- күйдегі адамдар бейнеленген карточкалардың ішінен өзінің сол сәттегі көңіл күйіне сәйкес келетінін айтады. Таңдау себептерін айтады.

Қорытынды: көңілділік айналаға күлкі сыйлайды. Күлкі- ең тамаша ем.

4. Бекіту:

5. Қорытынды: - “Жақсыға ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді. Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін.


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды шабыттандыру және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану: Мен осындай баламын - балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Қызыққа толы әлем: әлемдік кереметтер арқылы өзін-өзі тану мен құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның адамгершілік және рухани құндылықтарын қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: Менің ұстаздарым - сыйластық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Өзін-өзі тану пәніндегі мұғалімнің рухани-адамгершілік рөлі
Өзін-өзі тану сабағының жоспары - Бақыт құшағында: ішкі тыныштық пен өмірлік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану (3-сынып): Ойнаудағы адамгершілік, достық пен сыйластықты қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: Адамгершілік - асыл қасиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz