Ырмат тамыр мүше

Күні: 05. 02. 2014ж.

Сыныптар: 7

Сабақ тақырыбы: «Биология әлемінде» интеллектуалдық олимпиадасы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, биология пәніне қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, буклеттер.

Сабақтың барысы: Ойынға 2 команда қатысады. Әр команда 7 сынып оқушыларынан құралған, оқушы саны 7-8. Сұрақтарға команда капитанының рұқсатынан кейін жауап беру керектігі ескертілді.

1 тур. Брейн-ринг. Шарты: ең алдымен екі команданың әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Топтың бірінші отырған мүшесінен бастап ретпен «иә», «жоқ» деп жауап береді. Жауап беру кезегі топтың бірінші мүшесі жауап бере алмаған жағдайда ғана келесі мүшесіне ауысады. Сондықтан бірінші отырған топ мүшесінің командаға көп ұпай алып беру мүмкіндігі жоғары. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Дүние жүзіндегі ең тез өсетін өсімдік -эвкалипт (жоқ)

2. Эму- бұл түйе құс. (иә)

3. Піл тұрып ұйықтайды деген рас па? (жоқ)

4. Құлақ қалқаны тек сүтқоректілерде болады (иә)

5. Өрмекшінің төрт жұп аяғы бар. (иә)

6. Киттер- балықтар класының өкілі (жоқ)

7. Өсімдіктер тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын

шығарады. (иә)

8. Үндістанда сиыр киелі жануар болып саналады. (иә)

9. Бионика ғылымының дамуы тірі ағзалармен байланысты. (иә)

10. Пенициллин қалпақшалы саңырауқұлақтардан алынады. (жоқ)

1. Жаңғақтың қабығы тірек ұлпасынан тұрады. (иә)

2. Шекшек шегірткелердің есту мүшесі аяқтарында орналасқан. (иә)

3. Жалаңаштұқымдылар жапырағын жыл сайын түсіреді. (жоқ)

4. Шаш ұшынан өседі. (жоқ)

5. Ұшатын балық бола ма?(иә)

6. Крокодилдер жылайды. (жоқ)

7. Тірі ағзалар оттексіз ортада да өмір сүреді (иә)

8. Чайот- бұл өсімдік. (иә)

9. Адреналин - көңіл күйдің гормоны (иә)

10. Бактериялар «жанама»? (иә)

2 тур. Мен білемін.

Шарты: әр команда сұрақ оқылмастан бұрын 100, 200, 300, 400, 500 ұпайдың бірін тігеді. Жауап дұрыс болса тіккен ұпайларын алады. Жауап бере алмаса екі рет қосымша көмек алу мүмкіндігін алады, бірақ әр көмекке тіккен баллдан 100 балл шегеріледі. Кезек келіп тұрған команда жауабын береді, ал жауап дұрыс емес болса, тіккен ұпайы толық шегеріледі.

1-тапсырма

Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген.

Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді. Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың

есімімен бекер аталмаса керек.

Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”.

Сұрақ: бұл қай өсімдік?

1-көмек: бұл өсімдіктің күлтесі төртеу

2-көмек: біздер бұл өсімдіктің жапырағын тамаққа пайдаланамыз.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\img140.jpg Жауап: капуста

2-тапсырма

Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым - натуралист К. Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал, сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі, кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.

Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?

1-көмек: жарқанат, ара суреті

2-көмек: өсімдіктің көбеюімен байланысты

3-көмек: гүлдің түсіне де, иісіне де байланысты

Жауап: Гүлдердің ашылуы тозандануға қолайлы жағдайымен байланысты.

3-тапсырма

Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ жүздеген жылдар кейін келді.

Бұл өсімдіктің аты не?

1-көмек: бұл өсімдік алқа тұқымдасына жатады

2-көмек: бұл өсімдікті «екінші нан» деп те атайды.

Жауап: картоп

4-тапсырма

1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды. Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1, 5 м -ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады.

Сұрақ: бұл қандай аң?

1-көмек: бұл аңның көзінде «көзілдірігі» бар

2-көмек: негізінен бұл аң бамбуктың жапырақтарымен қоректенеді

3-көмек. : мұны бамбук аюы деп те атайды.

Жауап: Панда

3-тур. Ойлан-тап. Шарты: тақтаға берілген тірек сөздерге қарай отырып командалар ұпай тігіп болған соң, тапсырма оқылады. Жауап дұрыс болса тіккен ұпайы қосылады, бұрыс болса шегеріледі.

1-тапсырма. Тірек сөздер:

Су, қан, паразит

http://kaz-ekzams.ru/uploads/posts/2010-08/1280676343_3a3d383330-343b4f-4742353d384f-3f3e-373e3e3b3e333838-21.jpg Көпшілігі суда тіршілік ететін жыртқыш немесе паразит. Итшабақ, итбалық және омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Денесінің бауыр жағы әр түсті.

Сұрақ: бұл қандай организм? Жауап: Сүлік

2-тапсырма. Тірек сөздер: Стресс, адам, эмоция

http://kocby.ru/kid/p086-002.jpg Ол- жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады. бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың ұзақ жасауын да осымен байланыстырады.

Сұрақ: Бұл не? Жауап: Жылау

3-тапсырма. Тірек сөздер: асқорыту, эндокриндік жүйе, қант


Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Гүлді өсімдіктердің мүшелері
Өсімдіктерде тірек ұлпасы
Вегетативті мүше
Тамыр бөліміне кіретінмейтін аймақ
Тамыр жүйелері
Жапырақ. Өсімдік мүшелері
§9.Тамыр - өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Гүлдің құрылысы жайлы ақпарат, 6 сынып
Сабақ және тамыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz