Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақсақ құлан күйі

Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді: <<Ақсақ құлан>> күйі

Мақсаты: - Музыка бейнелейді: <<Ақсақ құлан>> күйі тақырыбы аясында әңгіме құру.
Міндеттері:
1) Музыка бейнелейді - туралы түсінік беру, <<Ақсақ құлан>> күйін тыңдау
2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін ,
өнерді құрметтеуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру,
адамгершілікке тәрбиелеу;
3 ) Оқушылардың аңыз-күйлер тыңдау арқылы әуендік
сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау,
тыңдау,қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс
бағалауын дамыту.
Түрі:дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.
Көрнекілігі: Презентация, <<Ақсақ құлан>>аңыз-күйінің аудиосы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.,үй тапсырмасын сұрау.
2. Жаңа сабақ
3. Үйге тапсыррма беру

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу. 2. (Қуаныш шеңбері)

1.Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы сұрау.
Домбыра аспабы құрылысы туралы қысқаша айту .

2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту )
Музыка бейнелейді: <<Ақсақ құлан>> күйі - тақырыбы аясында түсінік беру.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген.
3.Сұрақ-жауап:
А) Өткен сабақтарда қандай күйлер естеріңде қалды?
Ә) Ол күйлерді тыңдаған кезде көз алдарына не елестеттіңдер?Қандай әсер алдыңдар?

Бүгін біз <<Ақсақ құлан>> деп аталатын аңыз-күймен танысамыз.

1. <<Ақсақ құлан>> күйін тыңдау.

Күй қандай аспапта ойналды?
Бұл күйдің басты кейіпкерлері кімдер?
Күйшіні ажалдан арашалап қалған не?(домбырамен орындалған күй)

Осы арқылы күйдің құдіретін тыңдап көрдік.

Күйдің құдіреті
.....................................................шауып, (Кең далада құландар жүрді шауып, )
.....................................................атып, (Келді бала садақпен оны атып, )
.....................................................өлтіреді, (Жауызды ызаланған құлан өлтіреді)
.....................................................жеткізеді.(Бұл хабарды домбырамен күйші
жеткізеді)

.Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың тт беттерін оқып, мазмұндау.

Бағалау (3-минут)

Ұқсас жұмыстар
Ақсақ құлан мультфильмі
Ақсақ құлан, жошы хан, 5 сынып, қазақ әдебиеті
Домбыра дастан
Жошы ханның баласын естірткен күй
Қазақ сазгерлері
Ақсақ құлан, Жошы хан
Табиғат саз әлмінде
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. 5 сынып
Құрманғазы Сағырбайұлы кім
Қазақ музыка өнерінің шебері- Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
Пәндер