Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу

Сабақтардың тақырыбы: химиялық реакциялардың типтері:қосылу, айырылу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосылу, орын басу, айырылу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.

Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы, валенттілік, жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. Мұғалім оқушыларға реакцияның химиялық теңдеуін жазуды тапсырады.

Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі - қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. талданады . Мұғалім мысал ретінде мысты ауада қыздырып көрсетеді. Оқушылар реакцияға тек мыс қатысты деп қателесуі мүмкін. Сондықтан сұрақ қойылады: реакцияға мыстан басқа тағы қандай зат қатысады?

Реакцияға мыстан басқа ауадағы оттегі қатысатынын анықтап алғаннан кейін оның теңдеуін оқушылар мұғалімнің басқаруымен жазады. Ол үшін мыстың валенттілігін, оттегі молекуласында қанша атом бар екенін еске түсіреді. Келесі мысалды тәжірибе жасап, түсіндіруге болады . Көрнекі көрсету: мыс хлоридінің ерітіндісіне мырыш түйіршіктері салынады. Мұғалім реакция өнімі түзілу үшін элемент атомдары бірінің орнын бірі басатынын тәжірибе нәтижесінен көрсетеді. Одан әрі мұғалім реакцияға түскен және нәтижесінде түзілген заттар санының тұрғысынан жоғарыдағы екі теңдеуді салыстыра отырып, оқушыларды орын басу реакциясының анықтамасымен таныстырады, дәптерге жазғызады. Одан әрі мыс (ІІ) оксиді мен тұз қышқылы әрекеттестіріледі. Реакция нәти- жесіндегі өзгерістер түсіндіріледі. Тақтаға жазылған теңдеулерді оқушылардың өздері теңестіреді:

2Cu + O 2 = 2CuO А + В = АВ

2H 2 O = 2H 2 + O 2 АВ = А + В

СuCI 2 + Zn = ZnCI 2 + Cu АВ + С = СВ + А

CuO + 2HCI = CuCI 2 + H 2 O АВ + СД = СВ + АД

Оқушыларға оқулықтағы реакция типтеріне мысалды дәптерлеріне жазып алуды тапсыру.

Үйге тапсырма беру: 6-9 жаттығулар.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу
Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу және алмасу (сабақ жоспары)
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары
8-сынып: Химиялық реакция типтері - орынбасу және алмасу
8-сынып: Химиялық реакция типтері - қосылу және айырылу (лабораториялық сабақ)
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары - 8-сынып сабақ жоспары
Химиялық реакциялардың типтері: қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы
8-сынып химия пәні сабағының әдістемелік талдауы: Химиялық реакциялардың типтері (интерактивті тақтамен)
Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар: сабақтың технологиялық картасы
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Химиялық реакциялардың типтері (Үсенова Әлия, №3 мектеп-интернаты)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz