Пирамиданың элементтерін анықтауды үйрену

Күні: 10. 10. 2013
Сыныбы: 11
Пәні: геометрия
Күні: 10. 10. 2013: Сабақтың тақырыбы:
Сыныбы: 11: Пирамида
Күні: 10. 10. 2013: Сілтеме
Сыныбы: 11: Күнтізбелік жоспар, геометрия оқулығы В. Гусев, Ж. Қайдасов, нұсқаулық
Күні: 10. 10. 2013: Жалпы мақсаты:
Сыныбы: 11: Пирамида ұғымымен таныстыра отырып, оның элементтері жайлы түсінік қалыптастыру.
Күні: 10. 10. 2013: Түйінді идея:
Сыныбы: 11: Пирамиданың элементтерін анықтауды үйрену
Күні: 10. 10. 2013: Оқыту нәтижесі:
Сыныбы: 11:
  • Пирамида ұғымы жайлы түсінік қалыптастырады және оның элементтерін анықтауды үйренеді;
  • Пирамиданы бейнелеуді үйренеді;
  • Сызбалары, берілгендері бойынша пирамидалардың түрлерін ажырата білуге үйренеді;
  • Пирамиданың толық бетінің формуласын қорытып шығарады.
Күні: 10. 10. 2013: Ақпарат көздері:
Сыныбы: 11: Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар
Күні: 10. 10. 2013: Іс-әрекет түрлері:
Сыныбы: 11:

1. Топқа бөлу

2. Жұптық жұмыс.

3. «Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы

4. «Миға шабуыл» стратегиясы.

Пәні: геометрия:

5. «Табыс ағашы» тәсілі.

6. Ақпараттық постер әзірлеу.

7. Мағынаны тану.

8. АКТ көмегімен жаңа тақырыпты түсінгендерін толықтыру.

9. Есептер шығару.

10. «Нақты жауап» айдары

11. Рефлексия:

  • Топты бағалау;
  • Жұпты бағалау;
  • Өз-өзін бағалау.
Күні: 10. 10. 2013:

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Күні: 10. 10. 2013: Сабақ кезеңдері
Сыныбы: 11: Оқытуда қолданылатын модульдер
Пәні: геометрия: Мұғалім іс-әрекеті

Уақыт

(минут)

Оқушы іс-әрекеті
Күні: 10. 10. 2013: 1. Білу
Сыныбы: 11:

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Сыни тұрғыдан ойлау;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

АКТ

Пәні: геометрия:

Топқа бөлу. Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға парақшаларды таратып береді. Топқа бөліну тәсілін анықтауды оқушыларға тапсырады. Оқушылардың шағын топтарға бөлінуін бақылайды, қажет болған жағдайда бағыт-бағдар береді.

Топтағы ролдерді, міндеттерді бөлуді ескертеді.

«Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

  • Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырып едік. Кәне кім есіме салады екен?
  • Тікбұрышты праллелепипед дегеніміз не?
  • Тік призма деп қандай фигураны атаймыз?
  • Тік призманың элементтерін атаңдар.
  • Куб деп нені айтады?
  • Кубтың толық бетінің ауданын қалай табуға болады?

Жұптық жұмыс

Мұғалім оқушыларға үйге берілген есептерді жұпта тексеруді тапсырады. Жіберілген қателіктерді түзету жолдарын бірлесіп қарастыруды тапсырады.

«Миға шабуыл» стратегиясы.

Мұғалім:

  • Балалар бәрің экранға назар аударыңдаршы.
  • Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
  • Сурет жайлы не айтуға болады?
  • Мұндай суреттерді бұрынырақ көрген ба едіңдер?
  • Бұл суреттер бойынша сендерде қандай ассоциация пайда болды?
  • Қай мемлекет?
  • Египетте қандай кереметтер бар?
  • Ол керемет біздің геометрия пәнімен байланысты ма?
  • Олай болса біздің сабағымыз не жайында болмақ?
  • Пирамида жайлы не білгілерің келеді?

Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың жауаптарын тұжырымдай келе сабақтың тақырыбын нақтылап, мақсатын тұжырымдатады.

2

3

3

2

Оқушылар таратпадағы формулаларға қарай топқа бөлінеді: аудан, көлем, периметр.

Оқушылар топтағы рөлдерді өзара бөліседі.

Оқушылар сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Оқушылар жұптарының есептерін тексереді де бақылау парағына баға қояды.

Жұптағы тексеру аяқталғаннан кейін, тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырады.

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген фотосуреттерге қарай отырып, олармен өздерінде қандай ассоциация туындағанын айтады. Сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын қояды.

Күні: 10. 10. 2013: 2. Түсіну
Сыныбы: 11:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог) ;

АКТ

Пәні: геометрия:

«Табыс ағашы» тәсілі

Оқушыларға тақтада тұрған ағаш суретінің тектен тек тұрмағанын, оның қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіреді де оқушыларға стикерлер таратып береді.

Ақпараттық постер әзірлеу.

Пирамидаларға байланысты суреттер топтамасын әр топқа таратып береді. Топтарға суреттерді қолдана отырып, ақпараттық постер әзірлеуді тапсырады.

Мағынаны тану. Пирамида дегеніміз не? Пирамиданың қандай элементтері бар? Олар қалай аталады? Осы сұрақтарды оқушыларға қояды. Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, жаңа сабақ бойынша қосымша мағлұмат береді.

2

10

5

Оқушылар стикерлерге жаңа тақырып бойынша «Менің сабақтан күтетінім . . . » деп өз ойларын жазады да оны ағаштың төменгі жағына жапсырып қояды.

Оқушылар берілген суреттер топтамасын қолдана отырып, топта талқылау жүргізеді, постер әзірлейді. Баяндамашылар постерді қорғайды.

Талдау, бағалау жүргізу.

Топтар бір-бірін 5 критерий әзірлеп, сол бойынша бағалайды.

Оқушылар пирамида және оның элементтері жайлы қосымша мағлұмат алады.

Күні: 10. 10. 2013: 3. Қолдану
Сыныбы: 11:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог) ;

АКТ

Пәні: геометрия: Есептер шығару. №9-11 есептерді шығаруды тапсырады
7

Тақырып бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Бірлесе отырып, есептерді шешеді.

1- топ: №9

2- топ: №10

3-топ: №11

Тақтаға жаза отырып, басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, есептің шығарылу жолын түсіндіре отырып, дәлелдейді.

Күні: 10. 10. 2013: 4. Талдау
Сыныбы: 11: Сыни тұрғыдан ойлау
Пәні: геометрия:

«Элементін анықта» тапсырмасы.

Магниттелген шариктер мен қабырғалардан шағын топтарға үшбұрышты, төртбұрышты, бесбұрышты, алтыбұрышты пирамидалар құрастырту. Пирамидалар неліктен үшбұрышты, төртбұрышты және т. б. деп аталады?

3
Оқушылар пирамиданың моделін құрастырады

Ұқсас жұмыстар
Пирамида. Геометрия
Пирамида
Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар
Көпжақтылардың бүйір және толық бетінің ауданы
Көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы
Цилиндр. 11 сынып
Кері тригонометриялық функциялар
Мәліметтер базасы терезесінде
Бұйым етегін өндеу
Қиық пирамида
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz