Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сүйіспеншілік тілі

Тақырыбы: Күндей шуақты жандар.
Мақсаты:Қазіргі мектеп мұғалімінің келбетін көрсету, мұғалім мамандығын қадірлеуді үйрету.
Міндеті:
-мектептегі тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайтын мұғалімнің ықпалы;
-ұстаздық жолдың ауырлығы мен қиындығы туралы түсінік беру.
-мұғалімнің біліктілігі мен білімі туралы әңгімелесу.
-тәжірбиелі ұстаз еібегін бағалауды үйрету;
-жол ұстаздардың жаңа қырларын ашуға көметесу.
Көрнекілігі: магнитафон,стенд,кітап көрмесі,қол өнер көрмесі,шығармашылық папкалар,нақыл сөздер.
Құралдары:магнитті тақта,картон,түрлі-түсті қағаздар,маркерлер.
Жоспары:
1.Кіріспе>>Ұстаз болу жүректің батырлығы>>.Кітапханашы Жүмагелдина К.Ш.
2.Қазіргі мектеп мұғалімінің моделін қалыптастыру бағыттары.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Дюсенбаева Қ.А.
3.Мұғалімнің шығармашылыққа бейімделу бағыттары.
Тарих пәнінің мұғалімі Иманғалиева М.А.
4.Бастауыш сынып мүғалімі-оқушының екінші анасы.
1-сынып мұғалімі Абуғалиева З.И.
5.Сынып жетекшісі тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.
9-сынып жетекшісі Баймағамбетова А.К.
6.Тренигтер
1.Сыйлық.
2.Сүйіспеншілік тілі.
3.Менің көңіл-күйім
7.Қорытынды.
Кештің эпиграпы:
Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

1.Кез-келген мамандықтың жеңілі жоқ.Өзіндік қызығы мен қиындығы бар.Бірақ сол мамандықтың иесі бола жүріп қыр-сырын меңгеру оңай шаруа емес.Сондай қиында қызық мамандықтың бірі мқғалімдік.Мектептің жүрегі ұстаз.Жаны шуақты көкірегі тола мейірім төзімі мен шыдамы тола шексіз абзал жандар қоғамның ең белсенді ең зиялы ең керекті жандары екені бәрімізге мәлім.Сол мқғалімдердің хал-ахуалдары қалай білімі мен біліктілігі өз деңгейінде ме адамдық келбеті мен кескіні бүгінгі таңда қандай?Мемлекет тарапынан ұстаздарға қандай қамқорлық көрсетіліп отыр?Мұғалімнің жалақысынан басқа несі бар?Бүінгі таңда қоғамды ойналдыратын мәселелер көп.Соған қарамастан ауыл мұғалімдері бар қиындықты жеңіп үйдегі шаруасын ұстап баласын өсіріп отырған сағатымен жұмысын істеп жүргенін көріп сүйсінбеске болмайды.Біздің шағын ұжымдада еібек етіп тырған мұғалімдердің ең көбі 31.30.25жыл еңбек өтілі бар апайлар.Ұстаздың алдынан өткендер бәрі бас иіп қадірлейді.
Қазақтың көрнекі ақыны Қадір Мырза Әлі алғашқы студент болғанда орыс тілінен сүйемелдеп жоғары баға қойған ұстазына арнап ғажап өлең жазса,даңқты актер Серке Қожамқұлов ұстазын жоғары бағалап,өзіде бүкіл бір мектеп қалыптастырған ұстаз болды.
Ұлы Мұхтар Әуезовпен көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловтың ұстаз бен шәкірт ретіндегі ағалы-інілік сыйластықтары өмір бойы сақталған.
Ұстаздар қауымының еңбегі қайтседе лайықты болғасын алатынына сенеміз.Бұл мәселе жоғарыдағы азаматтарды қаншалықты ойландырып отыр,біз неге нақты істің шешімін табуға ерінеміз?Бүгінгі қоғам тек қана білімділерді қажет етуде.Сондықтан білімсіз болуға құлқымызда жоқ.
Мұғалімнің мойнындағы жүк тым ауыр.Ертеңгі елдің болашағын алтын ұя мектептен сол мейірлі ұстаздар қауымына бәріміз қолдау көрсетіп болашақ ұрпақтың санасына сәуле түсіріп жүрген ізгі жандарға құрмет көрсету қажет,ол құрметке лайық болу үшін мұғалімдердің өзі жан-жақты білімді болуы керек екенін естен шығарып алмаса керек.

Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғұн адамның алтындығы-деп толғайды ақын Ғафу Қайырбеков

2.Абай атамыз>>адам-адамнан>> тек ақыл-ой арөала ғана озады деген.Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлікүнге мәнін жойған жоқ.Білім әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсаруының мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі.
Қай заманда қандай реформа болсын мектептің жаны-мұғалім.Мқғалім қандай болса мектебіде сондай болмақшы.Мектепке керегі білімді педагокика методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім>> деген Ахмет Байтұрсынов.Осы орайда мұғалім тұлғасын қалай сипаттауға болады,қазіргі мектептің заманауи мұғалімі қандай?Деген сұрақтың туындауы заңды.
21-ғасырдың нағыз ұстазы өз кәсібінің майталманы болып осы мақсатқа рухани күш- жігерін парасат- қуатын салу керектігі түсінікті.
Егер мұғалімді маман,қызметкер адам ретінде қарастыратын болсақ 21-ғасырдың ұстазының моделі былай болуы мүмкін деген ойдамын.
Ұлағатты ұстамды
Сабырлы да салмақты
Тапқыр да талантты
Адал да ақылшы
Зергекте зейінді
3.Мұғалімнің шығармашылыққа бейімделу бағыттары.
Тарих пәнінің мұғалімі Иманғалиева М.А.
4.Бастауыш сынып мұғалімі- оқушының екінші анасы.
1-сынып мұғалімі Абуғалиева З.И.
5.Сынып жетекшісі тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
9-сынып жетекшісі Баймағамбетова А.К.
6.Тренигтер.
1.>>Сыйлық>>
Мереке жақын.Әркім осы күні сыйлық алғысы келеді.Сіз қандай сыйлық алғыңыз келеді?Соны қағазға суретін салып,сала алмасаңыз сыйлықтың атын жазып көршіңізге сыйлайсыз.Сағаттың айналу тілімен.
Бәрімізде сыйлық алдық.Сыйлықтарыңыз ұнады ма?
Қанша адамның сыйлығы көңілінен шықты?
2.Сүйіспеншілік тілі>>Американың психологы Гэри Чепмэн балаға деген сүйіспеншілікті білдіруде ересектердің баланың ерекшеліктерін ескергені маңызды деген.Жасөспірімге жақындастыратын бес жол атты еңбегінде сүйіспеншіліктің тілін 5 түрге ажыратады.
1.Мадақтау.
2.Уақыт.
3.Сыйлық.
4.Көмек.
5.Жанасу(аймаласу,сүю т.б.)
Сүйіспеншіліктің 5тілін қатар пайдаланбаймын әрине.5-топқа бөлініп әркім өз жобасын қорғайды.
3.>>Менің көңіл-күйім>>
Алдарыңда түрлі-түсті дөңгелектер жатыр дәл қазір көңіліңе қайсысы ұнап тұр.Соны алып тақтаға қой.
Көк түс- көтеріңкі көңіл-күй
Қызыл-жақсы көңіл-күй
Сары-төмен көңіл-күй

Қорытынды.

Бүгінгі кешке қатысып өз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет!Мұғалімдерге сыйлықтар беріліп алғыс айтылады.
Ғылыми жоба технологиясы жаңашылдық бағыт екні белгілі.Осы технологияларды өз жұмысыңызда пайдаланып жүрсіз.Жетістіктеріңіз туралы,тиімділігі,қиындығы жөнінде қысқаша әңгімелеп берсеңіз?

Мұғалім этикасы (мәдениеті)біздің жұмысымызда өте маңызды.Ол туралы өз пікіріңізбен бөліссеңіз?

Сынып жетекшісінің жұмысы.Мұғалім жұмысының ерекше қыры сынып жетекшілік тәжірбиеңізбен бөліссеңіз?

Білім сапасы күн тәртібінен түспейтін мәселе.Мектебіміздің жетістіктері туралы айтсаңыз?

Бастауыш сыныпта сабсқ берудің оңай емес екенін жақсы білеміз.>>Білім негізі бастауышта>>деген қағидаға сіздің көзқарасыңыз?

Мектепке жаңа пән енгізілді.Өзін өзі тану>>Осы пән туралы не айтасыз?

<<Оқу мен тәжірбие>> егіз.Тәрбие саласындағы жетістіктер туралы не дер едіңіз?

ДМШ деген жаңа термин пайда болды.Даму мүмкіндігі шектеулі балалар олардың жағдайы қалай?

Бала туризмі екпінімен дамуда.Оның әсері туралы не айтар едіңіз?

Мектеп басшысы оңай жұмыс емес,әрине сіз басшылық етіп отырған ұжымды ерекше кезеңде басқарып отырсыз.Жаңа мектеп,құрал-жабдықтар,кадр мәселесі шешілген днген сияқты.Қандай басшылар істеген осы мектепте олардың жұмысы туралы не айтасыз?

Ұқсас жұмыстар
Төл сөз және төлеу сөз жайында жалпы түсінік
Сен отбасында кімсің
Жасай бер ана тілм -қазақ тілі
Ұлттық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. дипломдық жұмыс
Мейірімді болайықшы бауырлар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
Ата-ананы құрметтеу жайлы ақпарат
Әліппе мұғалім
Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілік туралы ұғымдарын кеңейту
Пәндер