Білім беру арқылы жас ұрпақты Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық

колледжінің АӘД оқытушысы

Байгалиев Кайырбек Саматұлы

«Өз бойымызда және балаларымыздың бойында

жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.

Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген

мақтаныш сезімін ұялатады. Біз бұл мәселеге

прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Біздің

балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі

Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені

өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің

еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы

ретінде сезінуге тиіс»

Н. Ә. Назарбаев

«Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру»

Өңіріміздегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау - бұлардың барлығы да Қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.

Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол дүниеге шыр етіп келгеннен пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны ақиқат. Ол санаға біртіндеп қалыптасып, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриотизм, отаншылдық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс.

Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады.

Көпшілік адамдардың санасында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тек әскери борышын орындау деп ұғынылуы патриоттық тәрбие түсінігінің мазмұн аясын тарылта түседі. Сондықтан өскелең ұрпақтың отанына деген адалдығы мен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптарын арттыра отырып, патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз етуіміз қажет деп ойлаймын.
Ұлттық нышандарымыз - Ту, Елтаңба, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастыруымыз қажет. Өйткені мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтар бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімі қалыптасады. . Себебі, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін, патриоттық тәрбие білім беру арқылы қалыптастырылуы керек. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын, жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор . Қорқыт ата жасөспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуын, елі мен жерін қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Таймановтың ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болса, Әбу Насыр Әл- Фараби еңбектері де теңдесі жоқ өнеге. Ол өзінің туған жұртын, кір жуып кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп өткен нағыз патриот ғалым . Сонымен қатар әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол.
Осыған орай, білім алушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік нышандарын танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа білім беру мекемелері мен ұйымдарын белсенді түрде тарту қажет. Қазақстандық патриотизм туралы мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдар мен жасөспірімдердің санасына патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанына деген сүйіспеншілікті ояту, өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыру бағытындағы кітаптарды көбірек шығарып, тегін тарату қажет.


Ұқсас жұмыстар
Пәндерді кіріктіре оқыту арқылы жеке тұлғаны қазақстандық патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу
Жас ұрпақты ішімдік, темекі және есірткіден қорғау арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Жас ұрпақты тәрбиелеу: тәртіп, ұл-қыз тәрбиесі және отбасы рөлі
Әдебиет пәні арқылы жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі
Мұғалімнің тұлғалық-қәсіби сапалары және жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі
Жас ұрпақты адамгершілік-рухани тәрбиелеуде халық педагогикасын қолдану жолдары
Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық пәні арқылы патриоттық тәрбие беру
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары: жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі
Мұғалімнің рөлі: шәкірттің шырағын жағу арқылы білім мен тәрбие беру
Қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесі және жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz