Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілі өлеңі

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
<<Қазақ әдебиеті>> пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілді емес)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама <<Қазақ әдебиеті>> пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оқушыларды қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды көздейді.
3. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалардың жүйелі, ықшам-далып берілуі және әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талдануы қарастырылды.
4. Бағдарламаны құрастыру барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.
5. Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті мен қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беріледі.
6. Пәнді оқыту мақсаты:
қазақ әдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.
7. Пәнді оқыту міндеттері:
1) әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;
2) қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру;
3) көркем әдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
4) оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;
5) әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
6) қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін еркін орындау, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу.
8. Қазақ әдебиеті танымдық, тәрбиелiк қызмет атқаратындықтан, бағдарламада көрсетiлген әдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiгі болып табылады. Қазақ әдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.
9. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:
1) <<Қазақ тілімен>>: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;
2) <<Қазақстан тарихымен>>: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;
4) <<Музыка>> пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
10. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
5-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
6-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
7-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
8-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
9-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
2) оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
5-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
6-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
7-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
8-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
9-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

2.Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

11. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
12. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат).Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты. Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті.
13. <<Халық ауыз әдебиеті>>(13 сағат):
1) <<Тұрмыс-салт жырлары>> (3 сағат). Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: <<Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін>> деген тақырыпқа шағын эссе жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Төрт түлік - қазақтың асыл қазынасы>> деген тақырыпта ойтолғау;
2) <<Мақал-мәтелдер>> (2 сағат). Олардың ерекшеліктері. Онда қазақ халқының тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер. Әдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл дамыту: мақал-мәтел айтудан сайыс өткізу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мәтелдер қолданылған үзінділерді тауып, ондағы автордың ойын түсіндіру;
3) <<Жұмбақтар>> (2 сағат). Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ>> жинағы;
4) <<Ертегілер. <<Қаңбақ шал>>, <<Түлкі мен ешкі>>, <<Мақта қыз бен мысық>> ертегілері>> (4 сағат). Ертегінің ұлттық, жанрлық ерекшелігі, түрлері. Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңуі. Халықтың арман-қиялы. Әдебиет теориясы: дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қазақ ертегілері>> кітабы;
5) <<Аңыз әңгімелер.<<Қожанасырдың тойға баруы>>, <<Алдаркөсе мен қу жауырын>>, <<Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?>> (2 сағат). Қожанасырдың тапқырлығы. Шешен сөзі. Ұтқыр жауабы. Аңыз әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік сөз үлгілерін мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, кино (<<Алдаркөсе>> фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы>>.
14. <<ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті>> (3 сағат):
1) <<Ыбырай Алтынсарин. <<Әке мен бала>> әңгімесі>> (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығына шолу. <<Әке мен бала>> әңгімесіндегі адамгершілік тақырыбы, еңбекке үндеу, жақсы мінезге баулу мәселесі. Әдебиет теориясы: сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Тіл дамыту: рөлге бөліп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин. <<Бақша ағаштары>> әңгімесі;
2) <<Абай Құнанбайұлы.<<Қыс>>, <<Жазғытұры>> өлеңдері>> (2 сағат). Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы. <<Қыс>> өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. <<Жазғытұры>> өлеңінде көктемнің жан-жануарға, айналаға әсері туралы. Әдебиет теориясы: пейзаж туралы түсінік. Тіл дамыту: <<Қыс>> өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақкиімді, үсті-басы ақ қырау, аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолданып, ауызша әңгімелеу. Эпитет, кейіптеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық (<<Дара Абай - дана Абай>> телесабағы).
15. <<ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті>> (9 сағат):
1) <<Ахмет Байтұрсынұлы. <<Балаларды оқуға шақыру>> өлеңі>> (1 сағат). А.Байтұрсынұлы - ақын, тіл және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. <<Балаларды оқуға шақыру>> өлеңі арқылы балаларды оқу-білімге, еңбекке үндеуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев. <<Балалық шақ>> өлеңі;
2) <<Міржақып Дулатов. <<Шешенің балаларын сүюі>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдегі ананың балаға деген махаббаты, баланың ананы қадірлеуі. Әдебиет теориясы: эпитет. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, өз аналары туралы әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынұлы. <<Анаға хат>> өлеңі;
3) <<Мағжан Жұмабаев. <<Мен жастарға сенемін>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. <<Мен жастарға сенемін>> өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі. Халықтың тағдырын, елдің ертеңін жастарға аманат етуі. Әдебиет теориясы: лирика жанры. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. <<Тез барам>> өлеңі;
4) <<Бауыржан Момышұлы. <<Қарлығаштың құйрығы неге айыр?>> (<<Ұшқан ұя>> кітабынан үзінді)>> (2 сағат). Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы. Қарлығаштың адамзатқа ізгілікті қарым-қатынасы, оның ерлігі. Қарлығаштың қасиеті, жыланның әрекетін суреттеуі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, тақырыпқа сәйкес ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық (<<Ерлер есімі - ел есінде>>). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Момышұлы. <<Моя семья>> повесі (үзінді оқу);
5) <<Мұқағали Мақатаев.<<Үш бақытым>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның шығармашылық өмірі туралы. Ақынның халыққа, тілге, Отанға деген перзенттік сезімі. Өлеңдегі азаматтық рух, мақтаныш сезімі. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мақатаев. <<Қара өлең>>;
6) <<Төлеген Айбергенов. <<Көктем әуендері>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның жыл мезгілдерін суреттеуі, көктемнің айналаға әсері. Ақынның тілі, ой-өрнегі туралы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрі. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. <<Көктем>> өлеңі;
7) <<Бердібек Соқпақбаев. <<Менің атым - Қожа>> повесінен үзінді>>
(2 сағат). Шығарманың кейіпкері Қожа қиялшыл, сезімтал, зейінді бала. Бала табиғатына тән мінездердің көрінуі. Әдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: <<Менің атым - Қожа>> фильмінен үзінді көру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. <<Жаңа достар>> әңгімесі (<<Қазақ солдаты>> романынан үзінді).

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

16. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған шығармалар туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
17. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат). Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (мазмұны мен құрылымы туралы).
18. <<Халық ауыз әдебиеті>> (9 сағат):
1) <<Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік>> (1 сағат). Ауыз әдебиетінің түрлері: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз әңгімелер. Ертегі туралы. Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Жұмбақтардың түрлері;
2) <<Ертегілер>> (1 сағат). Қиял-ғажайып ертегілері. Олардың өзіндік ерекшеліктері туралы. Әдебиет теориясы: баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қазақ ертегілері>> кітабы;
3) <<Алтын сақа>> ертегісі (1 сағат). Ертегінің кейіпкерлері және олардың іс-әрекеттері туралы. Тіл дамыту: түсініп оқып, мазмұндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Халық ертегілері;
4) <<Әбділда Тәжібаев.<<Толағай>> (ерлік туралы аңыз)>> (1 сағат). Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығы. Толағайдың ерен іс-әрекеті. Шығарманың отансүйгіштік мәні. Тіл дамыту: түсініп оқып, әңгімелеу, негізгі ойтүйіні бойынша сұрақтар құрастыру білу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ө.Тұрманжанов. <<Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар>>;
5) <<Мақал-мәтелдер>> (1 сағат). Мақал-мәтелдер - халық даналығы. Мақал-мәтелдің мағыналары. Адамгершілік, туған жер тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
6) <<Жұмбақтар>> (1 сағат). Жұмбақтардағы ой қисыны, олардың тапқырлыққа, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін ерекшелігі. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ>> жинағы;
7) <<Аңыз әңгімелер>> (2 сағат). <<Жиренше мен хан>>, әл-Фараби туралы аңыздар. Аңыз әңгімелердің тарихта болған адамның іс-әрекетіне байланысты туындауы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: аңыз әңгімелерден үзінділер жаттау. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу;
8) <<Айтыс>> (1 сағат). Айтыс туралы түсінік. Айтыстың даму ерекшеліктері. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Драмалық жанрмен ұқсастығы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, сұрақтар дайындау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: жұмбақ айтысы.
19. <<Ежелгі дәуір әдебиеті>> (3 сағат):
1) <<Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік>> (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы. Түркі халықтарына ортақ құндылықтарға шолу. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулардың сыры. Тіл дамыту: талдау, ой бөлісу, көне сөздермен жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты туралы мәлімет). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Күлтегін жыры;
2) <<Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт>> (1 сағат). Аңызға айналған Қорқыттың бейнесі. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастығы. Тіл дамыту: мақал-мәтелдерді жатқа айту, мазмұнын қарасөзбен айту. Пәнаралық байланыс: музыка (Қорқыт күйлері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қорқыт ата кітабы;
3) <<Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр>> (1 сағат). Жырдың тарихы. Ерлік істері. Тіл дамыту: жырды мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Алпамыс батыр>> жыры.
20. <<ХІХ ғасыр әдебиеті>> (2 сағат):
1) <<Шоқан Уәлиханов. <<Ғылымға бастаған жол>> (1 сағат). Ұлы ғалым туралы мәлімет, өмірбаяны мен балалық шағы, достарының берген бағасы. Әңгіме туралы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, диалог құру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино (<<Шоқан Уәлиханов>> фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов. <<Аққан жұлдыз>> романы (үзінді);
2) <<Абай Құнанбайұлы. <<Ғылым таппай мақтанба>> өлеңі>> (1 сағат). Өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні. Жастарды өнер-білім, ғылым үйренуге шақыру. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Әсемпаз болма әр неге>> өлеңі.
21. <<ХХ ғасыр әдебиеті>> (10 сағат):
1) <<Шәкәрім Құдайбердіұлы. <<Адамдық борышың>> өлеңі>> (1 сағат). Шәкәрім - Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Ақын, ұлы гуманист. Адамгершілік идеялары. Бақыттың сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы ерекшелік. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы пікірлесу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;
2) <<Ахмет Байтұрсынұлы. <<Аққу, шортан, һәм шаян>> мысал өлеңі>>
(1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылығы. <<Аққу, шортан, һәм шаян>> мысалының ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті;
3) <<Жамбыл Жабаев. <<Алатау>>өлеңі>> (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Алатаудың көрінісі, суреті. Көркемдік ерекшелігі. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбыл. <<Абайдың суретіне>>;
4) <<Сәкен Сейфуллин. <<Дала>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Дала келбетінің өлеңде көрініс табуы. Өлеңдегі көтеріңкі көңілкүй, жаңарған тіршілік;
5) <<Ілияс Жансүгіров. <<Көкшетау>> (<<Құлагер>> поэмасынан үзінді)>>
(1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Көкшетаудың сұлу табиғаты туралы, туған жерге деген сүйіспеншілік. Оқжетпес суреттері. Тіл бейнелілігі. Тіл дамыту: өлеңді нақышына келтіріп оқу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. <<Біздің жақта>> өлеңі;
6) <<Сапарғали Бегалин. <<Бала Шоқан>> повесі (үзінді)>> (1 сағат). Болашақ ұлы ғалымның өмірге, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы. Тіл дамыту: әңгімені мазмұндау, сценарий құрып, рөлдерге бөліп оқу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қырдың жас түлегі>>;
7) <<Мұхтар Әуезов. <<Әжемнің әңгімесі>> (<<Абай жолы>> романынан үзінді)>> (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Әже мейірімі. Тіл дамыту: әңгімені оқып, өз сөзімен әңгімелеу, шығарманың идеясын ашу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. <<Оқудан қайтқанда>> (романның 1-кітабынан үзінді);
8) <<Сәбит Мұқанов. <<Каронмен күрес>> (<<Балуан Шолақ>> повесінен үзінді)>> (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Балуан Шолақтың дүниежүзінің чемпионы, ағылшын балуаны <<Қара масканы>> жеңуі. Балуан Шолаққа тән жүректілік, қажырлылық. Үзіндіде берілген күресу тәсілдері туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеп айту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Нұрмағанбеттің Балуан атануы (повестен үзінді);
9) <<Ғабит Мүсірепов. <<Тимка-Димка>> (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы. Әңгімеде суреттелген қарапайымдылық пен қайырымдылық. Тіл дамыту: әңгімені оқу, түсінгендерін өз сөзімен әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Аңға шыққанда>> (<<Ұлпан>> повесінен үзінді);
10) <<Сырбай Мәуленов. <<Менің Республикам>>, <<Мен елімді сүйемін>> өлеңдері>> (1 сағат). Ақынның Қазақстан жеріне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Наурыз>>, <<Жаңбыр>> өлеңдері.
22. Қорытындылау (1 сағат).

4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

23. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 30 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс шығармалар туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
24. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат). Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы. Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.
25. <<Халық ауыз әдебиеті>> (5 сағат):
1) <<Батырлар жыры туралы түсінік. <<Қобыланды батыр>> жыры>> (2 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. <<Қобыланды батыр>> жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. <<Қарақыпшақ Қобыланды>> пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;
2) <<Шешендік сөздер туралы түсінік>> (2 сағат). Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мәнеріне келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын әңгімелеп беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Үш пайғамбар>>. Алматы, 1992;
3) <<Қанатты, нақыл сөздер>> (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру.
26. <<ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті>> (4 сағат):
1) <<Дулат Бабатайұлы.<<О, Ақтан жас, Ақтан жас>> өлеңі>> (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны.<<О, Ақтан жас, Ақтан жас>> өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы - жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс - ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. <<Аягөз, қайда барасың>> өлеңі;
2) <<Махамбет Өтемісұлы. <<Тарланым>> өлеңі>> (1 сағат). Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, <<Туады ерлер ел үшін>> деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. <<Мен едім>> өлеңі;
3) <<Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі>> (2 сағат). Абай - ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тәлім-тәрбиенің молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. <<Он жетінші сөз>>.
27. <<ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті>> (19 сағат):
1) <<Ахмет Байтұрсынұлы. <<Егіннің бастары>> (1 сағат). А.Байтұрсынұлы - ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты идея - қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. <<Қара бұлт>> өлеңі;
2) <<Сұлтанмахмұт Торайғыров. <<Шығамын тірі болсам адам болып>>, <<Мен қазақ>> өлеңдері>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. <<Алаш>> ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
3) <<Жүсіпбек Аймауытов. <<Әнші>> әңгімесі (<<Қартқожа>> романынан үзінді)>> (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы;
4) <<Мағжан Жұмабаев. <<Сүйемін>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. <<Сағындым>> өлеңі;
5) <<Бейімбет Майлин. <<Айт күндері>> әңгімесі>> (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. <<Қымыз>> өлеңі;
6) <<Ілияс Жансүгіров. <<Анам тілі>>, <<Домбыра>> өлеңдері>> (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. <<Қазақ тілі>> өлеңі;
7) <<Мұхтар Әуезов. <<Көксерек>> әңгімесі (үзінді)>> (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.<<Көксерек>> әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам - табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино (<<Көксерек>> кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. <<Жетім>> әңгімесі;
8) <<Ғабит Мүсірепов. <<Автобиографиялық әңгіме>> (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. <<Автобиографиялық әңгіме>> - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы);
9) <<Зейін Шашкин.<<Доктор Дарханов>> романы (үзінді)>> (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. <<Доктор Дарханов>> романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;
10) <<Жұбан Молдағалиев. <<Мен - қазақпын>> поэмасы (үзінді)>> (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. <<Ана тілі>> өлеңі;
11) <<Шерхан Мұртаза. <<Жүз жылдық жара>> әңгімесі (үзінді)>> (2 сағат). Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. <<41-жылғы келіншек>> әңгімесі (үзінді);
12) <<Қадыр Мырзалиев. <<Жеті>> өлеңі>> (1 сағат). Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. <<Мектеп>> өлеңі.
28. Қорытындылау (1 сағат).

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

29. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
30. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат). Қазақ әдебиеті туралы жалпы түсінік. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланыс. Әдебиет - өмірдің көркем бейнесі. Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі.
31. <<Халық ауыз әдебиеті>> (3 сағат):
1) <<Лиро-эпостық жырлар. <<Қыз Жібек>> жыры (үзінді)>> (3 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. <<Қыз Жібек>> жырындағы қазақ халқының тұрмыс-салт көрінісі. <<Қыз Жібек>> пен <<Қозы Көрпеш - Баян сұлу>> жырларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдың композициялық құрылымы. Кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың нұсқалары туралы. Әдебиет теориясы: лиро-эпостық жырлар. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино (<<Қыз Жібек>> фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қозы Көрпеш-Баян сұлу>> жыры.
32. <<Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.)>> (1 сағат):
1) <<Әбунасыр әл-Фараби. <<Қашықтасың туған жер>> өлеңі>> (1 сағат). Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. <<Қашықтасың туған жер>> өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әл-Фараби. <<Тіршілікте құрыштай бол төзімді>> өлеңі.
33. <<ХІХ ғасыр әдебиеті>>(5 сағат):
1) <<Абай Құнанбайұлы. <<Сегіз аяқ>>, <<Қалың елім, қазағым, қайран жұртым>> өлеңдері, он жетінші қарасөзі>> (4 сағат). Абай - қазақ халқының ұлы ақыны. Ақынның туған жері, өскен ортасы, алған білім-тәрбиесі. <<Сегіз аяқ>> өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Он жетінші қарасөзі. Шағын сюжетке құрылған қарасөздің философиялық, тағылымдық мәні. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік. Пәнаралық байланыс: музыка (Абайдың <<Сегіз аяқ>> әні). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. <<Әуелде бір суық мұз ақыл зерек>> өлеңі;
2) <<Шәкәрім Құдайбердіұлы. <<Бостандық таңы атты>> өлеңі>> (1 сағат). Шәкәрім - Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі. <<Бостандық таңы атты>> өлеңінің тақырыбы мен идеясы, елді жарқын болашаққа үндеуі. Әдебиет теориясы: образ және образдылық. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Шәкәрім әндері), электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шәкәрім. <<Өмір>> өлеңі.
34. <<ХХ ғасыр әдебиеті>> (15 сағат):
1) <<Сұлтанмахмұт Торайғыров. <<Бір адамға>> өлеңі>> (1 сағат). С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры. <<Бір адамға>> өлеңінің тақырыбы мен идеясы, ирония. Әдебиет теориясы: астарлау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қамар сұлу>> романынан үзінді;
2) <<Мағжан Жұмабаев. <<Сағындым>> өлеңі>> (1 сағат). М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, ерекшелігі. <<Сағындым>> өлеңіндегі лирикалық қаһарманның психологиялық күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы. Әдебиет теориясы: лирика. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. <<Қазақ тілі>> өлеңі;
3) <<Сәкен Сейфуллин. <<Аққудың айырылуы>> поэмасы (үзінді)>> (3 сағат). С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ әдебиетінің тарихындағы орны. Поэмада ақынның аллегориялық тәсілмен ой айта білуі. Поэмадағы сұлулық, тазалық идеалы. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Пәнаралық байланыс: география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. <<Қызыл кітап>> өлеңі;
4) <<Мұхтар Әуезов. <<Татьянаның қырдағы әні>> әңгімесі (<<Абай жолы>> роман-эпопеясынан үзінді)>> (4 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. <<Абай жолы>> роман-эпопеясы туралы қысқаша мәлімет. Әңгіменің идеялық мазмұны. Тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. <<Онегиннің сөзі>>;
5) <<Ғабит Мүсірепов. <<Өлімді жеңген ана>> әңгімесі>> (2 сағат). Жазушының өмірі, еңбектері туралы. Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік шеберлігі. Аудару шеберлігі. Шығыстық бояу. Ана ерлігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. <<Ананың анасы>> әңгімесі;
6) <<Мұқағали Мақатаев. <<Өмір сүрейік алмасып>> өлеңі>> (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ақынның қазақ әдебиетінде алатын орны. <<Өмір сүрейік алмасып>> өлеңіндегі ақынның табиғатпен үндесуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі, өлеңдегі нәзік лиризм. Әдебиет теориясы: параллелизм. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, биология, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Мақатаев. <<Саржайлауым>>, <<Мен сендерді іздеймін>> өлеңдері;
7) <<Қадыр Мырзалиев. <<Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру>> өлеңі>> (1 сағат). Қадыр ақынның шығармашылық жолы. Шығармаларының тақырыбы. <<Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру>> өлеңіндегі халқымыздың қонақжайлылығы, еркінсүйгіштігі. Халықтың салт-дәстүріне деген құрмет. Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. <<Кәрі қыран>> өлеңі;
8) <<Олжас Сүлейменов. <<Арғымақ>>, <<Қыз қуу>> өлеңдері>> (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Әлем және қазақ әдебиетіндегі орны. <<Арғымақ>>, <<Қыз қуу>> өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, таным-түсінік. Әдебиет теориясы: теңеу, өлең құрылысы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: О. Сүлейменов. <<Махамбетке>> өлеңі.
35. Қорытындылау (1 сағат).

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

36. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
37. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат). Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.
38. <<Халық ауыз әдебиеті>> (7 сағат):
1) Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары (1 сағат). Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Қазақ фольклористикасының тарихы>>;
2) <<Тұрмыс-салт жырлары>> (1 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар;
3) <<Батырлар жыры. <<Қамбар батыр>> жырынан үзінді>> (1 сағат). Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау;
4) <<Лиро-эпостық жырлар. <<Қозы Көрпеш-Баян сұлу>> жырынан үзінді>> (2 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. <<Қозы Көрпеш-Баян сұлу>> жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. <<Қыз Жібек>> жыры мен <<Қозы Көрпеш - Баян сұлу>> жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Айман-Шолпан>> жыры;
5) <<Айтыс. <<Біржан мен Сара>> айтысы>> (2 сағат). Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. <<Біржан мен Сара>> айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.
39. <<Ежелгі дәуір әдебиеті>> (1 сағат):
1) <<Орхон ескерткіштері. <<Күлтегін жазуы>> (1 сағат). Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы, 1991.
40. <> (2 сағат):
1) <<Асан қайғы. <<Бұл заманда не ғаріп?>>, <<Еділ бол да, Жайық бол>> жырлары (1 сағат). Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. <<Құйрығы жоқ, жалы жоқ>> жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. <<Естіні көрсең, кем деме>>, <<Еділ бол да, Жайық бол>> жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Жеті ғасыр жырлайды>> жинағы;
2) <<Бұқар жырау. <<Ай, Абылай>>, <<Батырың өтті Бөгенбай>> толғаулары>> (1 сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. <<Ғасырлар бедері>>. - Алматы: Жазушы, 1991.
41. <<ХІХ ғасыр әдебиеті>> (6 сағат):
1) <<Махамбет Өтемісұлы. <<Баймағанбет сұлтанға айтқаны>>, <<Мен, мен, мен едім>>, <<Арқаның қызыл изені-ай>> (1 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық <<мен>>. Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;
2) <<Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). <<Кенесары-Наурызбай>> жыры>> (1 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы <<Кенесары-Наурызбай>> жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;
3) <<Шоқан Уәлиханов. <<Ыстықкөл күнделігі>> (үзінді)>> (1 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. <<Қашқария саяхаты>>;
4) <<Ыбырай Алтынсарин. <<Бақша ағаштары>>, <<Мейірімді бала>>, <<Атымтай Жомарт>> (1 сағат). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері;
5) <<Абай Құнанбайұлы. <<Әуелден бір суық мұз ақыл зерек>>, <<Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы>> өлеңі (2 сағат). <<Ескендір>> поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. <<Әуелден бір суық мұз ақыл зерек>> өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. <<Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы>> өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы - поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. <<Ескендір>> поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.
42. <<ХХ ғасыр әдебиеті>> (10 сағат):
1) <<Жамбыл Жабаев. <<Патша әмірі тарылды>>, <<Зілді бұйрық>> өлеңдері>> (1 сағат). <<Патша әмірі тарылды>>, <<Зілді бұйрық>> өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;
2) <<Мағжан Жұмабаев. <<Түркістан>> өлеңі, <<Батыр Баян>> поэмасы>> (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. <<Түркістан>> лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. <<Батыр Баян>> поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. <<Күншығыс>>, <<Пайғамбар>> өлеңдері;
3) <<Ілияс Жансүгіров. <<Күй>> поэмасы (үзінді)>> (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;
4) <<Мұхтар Әуезов. <<Абай жолы>> роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)>> (3 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. <<Жетісу суреттері>> өлеңі (үзінді);
5) <<Ғабит Мүсірепов. <<Боранды түнде>> (әңгіме)>> (1 сағат). Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер - Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: <<Ғ.Мүсірепов мұражайы>> электронды телесабақ;
6) <<Ілияс Есенберлин. <<Көшпенділер>> трилогиясынан үзінді>> (1 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. <<Алмас қылыш>>, <<Жанталас>>, <<Қаһар>> романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. <<Елім-ай>> романы;
7) <<Тәкен Әлімқұлов. <<Қараой>> әңгімесі>> (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. <<Қараой>> әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино (<<Махамбет>> фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. <<Махамбеттің жебесі>> романы;
8) <<Мұқағали Мақатаев. <<Райымбек, Райымбек!>> поэмасы>> (1 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. <<Райымбек, Райымбек!>> поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық (<<Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай>>);
43. <<Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті>> (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.
44. Қорытынды сабақ (1 сағат).
45. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
46. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1) <<Кіріспе>> (1 сағат). Әдебиет және қоғамдық сана. Сөз өнерінің көркем шындықты бейнелеудегі ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы мен кезеңдері. Көне бастаулары.
47. <<Ежелгі дәуір әдебиеті. <<Күлтегін жыры>> (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы түсінік. Түркі халықтарына ортақ құндылықтар. Орхон жазуларының тарихи негіздері, зерттелуі, тақырыбы, мазмұны, композициялық құрылымы. Батырлар жырларына ұқсастығы. Жанрлық сипаты. Түркі тайпаларының өмірі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея, композиция. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: <<Ана тілі>>, 1991.
48. <<Жыраулар поэзиясы>> (2 сағат). Жыраулар поэзиясының ерекшелігі. Олардың ел қорғау, ел басқару және ел бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Жыраулық өнер, жырау тұлғасы. Жыраулар поэзиясының жанрлық сипаты, құрылымдық ерекшелігі. Ұйқас, ырғақ мәселесі. Доспамбет, Қазтуған, Шалгез, Ақтанберді, Бұқар және т.б. туралы. Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: <<Жеті ғасыр жырлайды>> жинағы.
49. <<ХІХ ғасыр әдебиеті>> (7 сағат):
1) <<Шоқан Уәлиханов.<<Ыстықкөл күнделігі>> (үзінді)>> (2 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік;
2) <<Ыбырай Алтынсарин. <<Қыпшақ Сейітқұл>> әңгімесі>> (2 сағат). Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. <<Қыпшақ Сейітқұл>> әңгімесінің тақырыбы мен идеялық мазмұны, отырықшылық өмірге шақыру идеясы. Көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанрының ерекшелігі;
3) <<Абай Құнанбайұлы. <<Ескендір>> поэмасы>> (3 сағат). Абайдың әдеби мұралары туралы. Абай шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы, жанрлық ерекшелігі. <<Ескендір>> поэмасының адамгершілік, рухани мәні. Әдебиет теориясы: поэма туралы.
50. <<ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті>> (16 сағат):
1) <<Жамбыл Жабаев. Құлмамбетпен айтысы>> (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Айтысқа тән тапқырлық. Жамбыл - суырыпсалма (импровизатор) ақын. Құлмамбетпен айтысының ерекшелігі, ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданыстары, тіл өрнектері. Әдебиет теориясы: айтыс туралы;
2) <<Мағжан Жұмабаев. <<Батыр Баян>> дастаны (үзінді)>> (2 сағат). М.Жұмабаевтың лирикалық шығармалары. <<Батыр Баян>> дастанының сюжеті, орыс әдебиетінің романтикалық шығармаларымен идеялық үндестігі. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр бейнелері. Метафоралық қолданыстары. Әдебиет теориясы: лирика жанры;
3) <<Ілияс Жансүгіров. <<Күй>> поэмасы (үзінді)>> (2 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;
4) <<Сәбит Мұқанов. <<Аққан жұлдыз>> романы (үзінді)>> (2 сағат). С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі). <<Аққан жұлдыз>> романының жанрлық сипаты, сюжеті мен композициясы. Шоқан, Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Әдебиет теориясы: роман туралы;
5) <<Мұхтар Әуезов. <<Абай жолы>> роман-эпопеясы (үзінді)>> (3 сағат). М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен дүниежүзі әдебиетіндегі орны. М.Әуезов - жазушы, драматург, ғалым. <<Абай жолы>> роман-эпопеясының тақырыбы, идеялық мазмұны, сюжеттік құрылымы. Қаламгер қаламынан туған пейзаж бен портрет. Абай, Құнанбай бейнелерінің көркем жинақталуы. Шығарма тілінің көркемдік ерекшеліктері. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр;
6) <<Қасым Аманжолов. <<Өзім туралы>> өлеңі>> (1 сағат). Қ.Аманжоловтың шығармашылығы туралы. <<Өзім туралы>> өлеңінің идеялық мазмұны. Ақынның суреткерлік шеберлігі. Лирикалық шығармадағы ақындық <<мен>> мәселесі. Әдебиет теориясы: ырғақ, екпін туралы;
7) <<Ілияс Есенберлин. <<Көшпенділер>> трилогиясы (үзінді)>> (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. <<Көшпенділер>> трилогиясы <<Жанталас>>, <<Алмас қылыш>>, <<Қаһар>> деген үш кітаптан тұратындығы. <<Қаһар>> романының сюжеті мен композициясы. Тарихи танымдық мәні. Шығарманың негізгі тақырыптары. Шығармадағы тарихи тұлғалар бейнелері (қазақтың хандары, билері мен батырлары). Әдебиет теориясы: тарихи роман туралы;
8) <<Мұқағали Мақатаев. <<Райымбек, Райымбек!>> поэмасы>> (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. <<Райымбек, Райымбек!>> поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық (<<Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай>>).
51. <<Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті>> (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.
52. Қорытындылау (1 сағат).

7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

53. Пәндік нәтижелер бойынша5-сыныптың соңында оқушылар:
1) халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, әдеби мәтін мен өлеңдерді мәнерлеп оқи білуі;
1) көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айта білуі;
2) бағдарламаға сәйкес 6-7 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 2-3 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі;
3) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре алуы;
4) қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі белгілерін білуі;
5) мәтінге қысқаша жоспар құра білуі тиіс.

8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1. Пәндік нәтижелер бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:
1) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіріп, сипаттай білуі;
2) оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды;
3) өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын біліп, қолданыста ажырата білуі;
4) әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын;
5) бағдарламаға сәйкес 7-8 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 4-5 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі;
6) сыныптан тыс және өзіндік ізденіс жұмыстарында ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи білуі;
7) берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізе білуі тиіс.

9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1. Пәндік нәтижелер бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:
1) әдеби көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде бағалай білуі;
2) халық ауыз әдебиеті, XIX-XX ғасыр әдебиетінің үлгілерін, жанрларын талдай білуі;
3) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай білуі;
4) көркем шығармадағы негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білуі;
5) өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізе білуі;
6) көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алуы;
7) шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жаза алуы;
8) бағдарламаға сәйкес 8-10 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 5-6 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1. Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
1) көркем шығармалардың негізгі мазмұнын, авторы туралы мағлұматты білуі;
2) оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білуі;
3) мәтінге жай және күрделі мазмұндық жоспар құруы;
4) шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты айта алуы;
5) көркем туындыдағы әсем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана алуы;
6) өткен тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған әсері негізінде әңгімелеп бере алуы;
7) оқыған туынды және оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға жауап бере алуы;
8) жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;
9) белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза білуі;
10) бағдарламаға сәйкес 8-ден артық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 6-дан кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айтабілуі тиіс.

11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі;
2) өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;
3) шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай алуы;
4) көркем туындыдағы әсем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі; мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзе білуі;
5) бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;
6) мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;
7) ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;
8) әдеби сын мақалаларға конспект құра білуі, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;
9) бағдарламаға сәйкес 12-13 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-9 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.
1. Тұлғалық нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушыларының:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясын осы елдің азамат ретінде құрметтеуінен;
2) көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
3) қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;
5) тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
6) өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;
7) рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;
8) әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.
1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
1) қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;
2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;
3) әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;
4) өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;
5) әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;
6) компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Ана тілі туралы сөз өлеңі
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 11 сынып
Мағжан жұмабаевтың "мен кім?" өлеңін талдау
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
Р. Ғамзатов. Ана тілі өлеңі. Менің Дағыстаным
Мұқағали мақатаевтың поэзиясы
Төлеген Айбергенов Ана өлеңі
Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
Поэзия көктемі
Аты аңызға айналған батыр
Пәндер