Иондық және металдық байланыстардың табиғаты мен түзілу механизмі

Са б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : Иондық байланыс, металдық байланыс

С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.

Қ ұ р а л - ж а б д ы қ т а р : «Химиялық байланыстар», «Ионды және металдық байланыс» интерактивті тақтадан көрсетілетін көрнекілік.

Ж а ң а м а т е р и а л д ы б а я н д а у . Бұл сабақ өткен сабақтың жалғасына жатады деуге болады. Оқушылардан ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың қалай түзілетіні элементтердің терісэлектрлік ұғымы туралы сұралып, ионды байланысты қарастыруға кірісеміз. Ол үшін мына жағдайды сипаттаймыз:

  1. Ионды байланыс - терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай) . Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз:

+11 Na 0 2e - , 8e - , 1e - + F 2e - , 7e - → Na + F -

e

Na 0 + F → Na + F -

Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K 2 O, Li 2 O, MgCl 2 .

Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады:

Na + , Cl - , Mg 2+ , Al 3+ , Ca 2+ , S 4+ .

Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған

электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді. Металдық байланыстың түзілу схемасы (М - металл) :

Me - ne - → Me +n

Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т. б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.

Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет:

  1. Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.
  2. Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.
  3. Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.
  4. Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

а) Li + O 2 → б) Cs + S →

ә) Ca + F 2 → в) Na + F 2

  1. Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

Na + және Na 0 Mg 2+ және Mg 0 N 3- және N 0

S 2- және S 0 S 2- және S 0

Ү й г е т а п с ы р м а б е р у: тақырыпты оқу, 3-4 жаттығуларды орындау


Ұқсас жұмыстар
Химиялық байланыстардың негізгі түрлері: иондық, ковалентті (полюсті және полюссіз) және олардың теориялық негіздері
Тастағы қыналар: түзілу механизмі, түрлері және шаруашылықтағы маңызы
Иондық байланыс: сабақ жоспары мен күтілетін нәтижелері
Кристалл торлар: иондық, атомдық және молекулалық түрлері мен олардың физикалық қасиеттері
ДНҚ-ның редупликациясының механизмі мен ерекшеліктері
Сабақ жоспары: Қозғалтқыштың газ тарату механизмі
Қазақстанның табиғаты және жалпы мен жалқы зат есімдер
8-сыныпқа арналған химия сабақ жоспары: Химиялық байланыстардың түрлері
9-сынып химиясы: электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері және иондық теңдеулерді құрастыру
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Өлі табиғаттағы үдерістер (заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz