Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл өнер

"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін
нәрсе - білім"
М.Әуезов
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика-физика пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған <<Информатика жұлдыздары>> білім сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жас достарым !
Мұны дұрыс ұғайық
Компьютер ол құрметтеуге лайық
Ғылымдардың жаңасы
Дегенмен бала - данасы
Информатика жайында
Сайысымызды бастайық!- дей отырып, жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1.<<Жұлдыздарға сапар>>
2.<<Капитандар сайысы>>
3.Құпия хат>>
4.<<Кім тапқыр?>>
5.<<Тіл өнер>>
6.<<Жұлдыздар әңгімесі>>
Қорытынды

Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.

ІІ-жүргізуші:
<<Батылдық-балалық шақта шыңдалады>> десек баланы бар тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.

І-жүргізуші:
1. <<Жұлдыздарға сапар>>
Жұлдыздармен танысу,
Сапарға шығу аспанға.
Тамашалайық ендеше,
Қазақ халқы ертеден.
Ата салттан асқан ба?
<<Жұлдыздарға сапар>> өз-өздерін таныстыру. Әр топ өздерін өлеңмен таныстырады. 10 ұпайдан есептеледі.

1. Таныстыру
I - топ - _____________________
II - топ - _____________________

ІІ-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

І-жүргізуші:
2 кезең. Капитандар сайысы. Бір ақпаратты әртүрлі сигналмен және әр түрлі тәсілмен жіберуге болады. Бастысы, қай сигналдарды қалай түсінуге болатыны алдын ала келісіп алу керек. Егер біз келіссек, онда код немесе шифр пайда болады. Қазір команда капитандары 3 минутта кодталған сөздерді шешеді және код тәсілін түсіндіреді.
Кодталған сөздерді шеш және код тәсілін түсіндір.

1. Коляманлядаляларля (Әр буыннан кейін ля буыны жазылған. Командалар)
2. Акитамрофни (Сөз керісінен жазылған Информатика)
3. Таыссай дімжең (Әр сөздің буындары кері жазылған)

Келесі сайсымыздың <<Құпия хат>> 3 кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде ақпараттарды кодтау (жасыру) үшін әртүрлі тәсілдермен қатар кодтық кестелерді пайдалануды үйренгеміз. Ойынның шарты: кабинетте жасырылған құпия хатты тауып, хаттағы мәтінді шифрдан ашу. Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер)
2. БАҒДАРЛАМА(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал)

<<Дорогие ребята! Я не могу попасть домой. Помогите!>>
<>

ІІ-жүргізуші
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын , деп біз енді сайысымыздың <<Кім тапқыр>> 4 кезеңіне келдік.

І-жүргізуші: Мұнда экранда ұпай сандарымен бекітілген ұяшықтар пайда болады, ұяшықтар ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер тиісті ұпайын алады.

Алгоритм дегеніміз не екенін білесің бе? Күнделікті өмірде алгоритмді қолданасың ба?
Ауа райы мезгілдерінің ауысу циклін алгоритм тілде жаз және блок-схема құр.
Арифметикалық амалдарды орындау ережесін жазған кім?
<<Киіз үй тігу>> алгоритмін құр. Өзің ойланшы? <<Киіз үй тігудің>> тәртібі көрсетілген қалаларды өзгере ме?
ІІ-жүргізуші: "Ана тілім-арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте" - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, оқушыларымыздың тіл білімін де тамашалайық. Ендеше келесі 5 кезеңі <<Тіл өнер>> сайысы. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан топқа 15 ұпай беріледі. Ал егер екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Дұрыс таппаса сұрақ келесі топқа беріледі. Ол топ та таба алмаса ұпай берілмейді.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
/ақпарат, информация, information/
2. Терезені жабу батырмасының аты. /жабу, закрыть, exit/
3. Windows- дегеніміз не?-
/Ож, операционная система, operation system/
4. Компьютерде берілетін командаларда жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы- /тышқан, мышь,mouse/
5. Дүниежүзілік компьютерлік желі- /интернет,internet/
6. Үйдің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер болып табылады ОЖ. /терезе, окно, Windows/
7. Құжатты сақтау батырмасының аты-
/Сақтау, сохранить как, Save as/
8. Сурет салу қаламы- /қарындаш, карандаш, pencil/

І - жүргізуші:
Кездестік міне тағы да
Саласында білімнің
Сараптауға асықпай
Компьютердің қызығын- дей отырып <<Қызықты көріністер>> 6 кезеңіне де келдік.

ІІ - жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.
деп әділ қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтағанша ендігі кезең көрермендер ойыны.

<<Ауыстырмақ>>

иакматорфни - информатика
аламрдағба - бағдарлама
ратапқа - ақпарат
чнестреив - винчестер
зертее - терезе
рсутивнаи - антивирус

<< Сөзді жинап көр >>
Ойынның шарты: қырқылған әріптерден информатикаға байланысты 2 сөзді табу.
Р
РЬ
НЕ
ТОР
ТЕ
ТА
ИН
ЕР
НИ
ПР
МО
КО
ВИ
КЛ
Жауап: ПРИНТЕР, МОНИТОР

І-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

ІІ-жүргізуші: Жеңімпаз топты марапаттаймыз.
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең, - дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Ойынымызға келіп, қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың -мың рахмет!

№54 жалпы орта мектебі

Сыныптан
тыс сабақ

Тақырыбы: <<Информатика жұлдыздары>>

Сынып: 6-<<А>> және 6-<<Ә>>

Өткізген: пән мұғалімі Барлыбаева Гүлнара Қоршыбайқызы

2013-2014 оқу жылы


ТА
ЕР
ПР
ВИ
КЛ
ТЕ
ИН
НИ
МО
КО
ТОР
НЕ
РЬ
Р



Задание 11. <<Собери словечко>>
У вас обрывки слов. Ваша задача: из этих кусочков собрать два слова, связанные с информатикой.
Р
РЬ
НЕ
ТОР
ТЕ
ТА
ИН
ЕР
НИ
ПР
МО
КО
ВИ
КЛ
Ваш ответ: ПРИНТЕР, МОНИТОР

Ұқсас жұмыстар
Тіл білу - өнер, 8-сынып (орыс тобы)
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Өнер алды - қызыл тіл
Мұқағали мақатаев
Ең озық әдебиетші
Ең үздік тіл жанашыры
Туған тілім - айбыным
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері
«шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Оқушыларды ана тілін сүйе отырып, өзге тілді сыйлауға тәрбиелеу
Пәндер