Заттар мен олардың физикалық қасиеттері: таза заттар, қоспалар және қоспаларды бөлу әдістері

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. заттар және олардың физикалық қасиеттері, таза заттар және қоспалар, заттарды тазарту әдістері

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ.

Білімділік: заттардың қасиеттерін, таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру. а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : танысу сабағы.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : сұрақ-жауап

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар, үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т. б. Пәнаралық байланыс : физика, биология

ТІРЕК БІЛІМ МЕН БІЛІКТЕР. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.

Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру . Оқушылардың химияның алғашқы сабағына үлкен қызығушылықпен келетін жөн. Химия кабинетінің жабдықталуы, жаңа нән, жаңа мұғалім баланың көңіл күйіне ерекше әсер етеді. Сондықтан да алғашқы сабақты мазмұнды, қызықты етіп өткізу керек. . Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырған жөн. Оларға кабинетте кітаппен ғана емес, зертханалық құралдармен жұмыс істеу тапсырылатынын ескертудіңмәні зор. Сол себепті кұралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан мұғалім оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырады.

Жаңа сабақты түсіндіру . Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйретеді. Алғашқысабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті мұғалім төмендегі сұрақтардың мәнін ашуы керек . 1. Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

. 2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен байланысты.

. 3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.

Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіру керек:

а/ денелер деп нені айтады?

ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т. б. /?

Мұғалім заттың алуын түрлілігіне, жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен ұқсастығына тоқталады. Сонан соң заттрдың касиеттеріне қарай әр түрлі болатындығын түсіндіреді, яғни оқушыларды бір заттың басқа затпен салыстырғанда ұқсастығы мен ерекшелігі неде екенін ажырата білуге үйретеді. Сол сияқты оқушыларды зат және физикалық дене ұғымдарын ажырата білуге үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу білігін қалыптастыру үшін төмендегі тапсырманы орындатамыз. Келтірілген тізімде заттар және физикалық денелер берілген: су, сызғыш, сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз/ I нұсқа/. Физикалық денелерді іріктеп жаз/II нұсқа/.

Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен танысу ережесін еске түсіреді, әсіресе сандық айырмашылығына баса көңіл аударады. Себебі, химия пәні дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр, термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді. Оқулықтағы сипаттау тапсырмаларын алғаш мұғалім жасап көрсетеді кейін оқушылар ондай тапсырманы өздігінен орындауы керек. Заттың қасиетін төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

Салыстыру

белгілері

Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

Салыстырубелгілері:

1 Агрегаттық

күйі

Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 2 Түсі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 3 жылтырлығы
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 4 Иісі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 5Қаттылығы
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 6 Иілгіштігі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 7 Электр өткізгіштігі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 8 Жылу өткізгіштігі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 9 Суда ерігіштігі
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:
Салыстырубелгілері: 10 Тығыздығы
Заттыңтемір:
қасиетікүкірт:
Жинақтапқорытындылау:

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

  1. Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

Ұқсас жұмыстар
Таза заттар және қоспалар: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған химия сабақ жоспары: Заттар және олардың қасиеттері
Бір заттың массасы, заттар саны және жалпы масса: көбейту мен бөлу
Кристалл торлар: иондық, атомдық және молекулалық түрлері мен олардың физикалық қасиеттері
Сыйлық заттар дайындау: шашқа арналған әшекей бұйымдарды бисермен тоқу әдістері мен технологиясы
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар жинағы
Дұрыс тамақтанудың маңызы және негізгі қоректік заттар
Силикат өнеркәсібі, аммиак пен аммоний тұздары және органикалық заттар: сабақ жоспарлары мен тапсырмалар
Бейорганикалық заттардың жіктелуі: жай және күрделі заттар (оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар)
Жасуша құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар; өсімдік ұлпаларының түрлері мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz