Д. Исабековтің Ата үміті әңгімесіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының оқу-әдістемелік жоспары

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бердиханова Сәндигул Темирхановна

Сабақтың тақырыбы : Д. Исабеков «Ата үміті»

Сабақтың мақсаты:

а) әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу;

ә) түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

б) әңгіме идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікірсайыс т. б

Сабақтың көрнекілігі: , кітаптар, тірек-сызба белгілері. т. б

Пәнаралық байланыс : тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әңгіменің композициялық құрылымы

(Әңгімені түгел баяндап болғаннан кейін әңгіме желісі бойынша жоспар құрамыз. )

Әңгіме құрылысына талдау

Р/с
Оқиға желісі
Оқиға өрісі
Р/с: 1.
Оқиға желісі: Әңгіменің басталуы
Оқиға өрісі: Тоқсанбай мен Ергешбайдың дерме-не ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі
Р/с: . 2.
Оқиға желісі: Әңгіменің дамуы
Оқиға өрісі: Омашпен күтпеген кездесу, Омашпен аталы-балалы екеуінің серіктес болуы
Р/с: 3.
Оқиға желісі:

Әңгіменің байланысуы,

өрбуі

Оқиға өрісі: Күтпеген жағдай. Омаштың дермене ұрлап әкелуі
Р/с: 4.
Оқиға желісі: Әңгіменің шиеленісуі
Оқиға өрісі: Тоқсанбай мен Ергешбайдың Омашпен серіктес болудан бас тартуы, олардың арасындағы кикілжің
Р/с: 5.
Оқиға желісі: Әңгіменің шарықтау шегі
Оқиға өрісі: Омаштың кезекті ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай
Р/с: 6.
Оқиға желісі: Әңгіменің шешімі, қорытынды
Оқиға өрісі:

Ауылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға

шақырып той жасауы. «Жарлы болсаң да, арлы бол».

Образдар жүйесіне талдау

Кейіпкерлерге мінездеме

ақылды дана енжар ұры

әдепті момын

мейірімді кеңпейіл өзімшіл әдепсіз адал тәртіпті

Сұрақтарға жауап беру.

а) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды?

ә) Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

б) Тоқсанбай неден секем алды?

в) Тоқсанбай қарт кім үшін Омашқа кіріптар болды?

г) Бала Омашты неге қабылдамады?

ғ) Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінді?

д) Торғайдың ұясын бұзып, жұмыртқасын пісіріп жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?

ж) Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?

Дебат үлгісі бойынша ой-талқы

Р/с
Жақтаушы топ
Даттаушы топ
Р/с: 1
Жақтаушы топ: Резолюция: Еңбек
Даттаушы топ: Контрезолюция: Еңбек емес
Р/с: 2
Жақтаушы топ: Критерий: Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.
Даттаушы топ: Критерий: Ебін тауып тірлік жасау керек.
Р/с: 3.
Жақтаушы топ:

Аргументі

  1. Еңбекпен тапқан нан тәтті.
  2. Ұрлық адамға пайда әкелмейді.
Даттаушы топ:

Аргументі

  1. Заманың түлкі болса, тазы боп шал.
  2. Адам заманның ағымында.

Білімді бекіту :

Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Кімнің шығармасымен таныстық?

2. Қандай басты шығармаларын білеміз?

3. Нені оқыдым, нені білдім?

4Әңгімеден алған тәрбиеңіз?

5 Әңгімеден алған әсеріңіз, өз көзқарасыңыз?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Қорытынды: Естеріңізде болсын, балалар, біреуге істеген жамандық, Омаш сияқты адамның арамдығы айналып алдына келеді. Өйткені «Адам білмегенді Алла біледі», сондықтан ар тазалығынан артық бақыт жоқ.

Үйге тапсырма:

« Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып әдебиеті: Д. Исабековтің Ата үміті әңгімесіне арналған үш қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған Д. Исабековтің Әпке драмасын жанрлық және кейіпкерлік талдау сабақ жоспары
Ғабит Мүсіреповтің Жаңа достар шығармасына арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары
Оралхан Бөкейдің Тортай мінер ақ боз ат әңгімесіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспар-конспектісі
6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспарлары: Аға ұрпақ бізге үлгі, Ата үміті бойынша сот сабағы, хат жанры және ана тілін дамыту
Астанаға саяхат: қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары
10-сынып: Махамбет Өтемісұлы бойынша қазақ әдебиеті сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Сан есім: қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары
8-сынып қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары: Жалаң сөйлемдер
6-сынып қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Ертегілер тақырыбының оқу-әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz