Баскетбол сабақ жоспары: допты әріптесіне беру әдістері мен жаттығулары

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты әріптесіне беру
Сабақтың мақсаты:1. Допты беру әдістеріне машықтандыру
2. Ептілік қабілеттерін дамыту
3. Допты төменнен не жоғарыдан беруге жаттықтыру
Пән аралық байланыс: биология, АӘД
Көрнекілік:доп, ысқырық, секундамер
Өтетін жері:спорт зал
Сабақтың түрі:үйрету
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың әдісі:жан-жақты
Күні: класы:
Кіріспе-дайындық бөлімі. 5-8 мин
Саптық жаттығулар:
Жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын орнату
1-жаттығу:
1-2 Аяқтың үшымен жоғары көтеріліп, демді ішке алу
3-4 бастапқы қалыпқа келу, демді шығару
2-жаттығу бастапқы қалып: Аяқты кең алып, қолды иыққа қою
1-2 иықты оңға айналдыру
3-4 артқа айналдыру
3-жаттығу бастапқы қалып:оң қол жоғары, сол қол белде.
1-2 солға иілу
3-4 оңға иілу
Негізгі бөлім
Доппен арнайы жаттығулар
Доп беру әдістері
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
А) алақан мен саусақтар допқа тиіп тұрады.
Ә) Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады.
Б) допты екі қолмен кеудеден беру
Допты екі қолмен төменнен беру.
Допты берудің бұл түрін бір-біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.
Бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.
Допты ұстау
Допты ұстаған бетте тез әріптесіне беру.
Допты ұстау кезінде орнықты тепе-теңдікті сақтаған қалыпта және кез-келген еркін қозғалатындай ыңғайда болу керек.
Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанды ұшып келе жатқан допқа қарсы бағыттау керек.
Допты алып жүру
1. Допты оң және сол қолмен алып жүру
2. Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны
Қорытынды бөлім. 3мин
Сапқа тұрғызу.
Денені қалыпқа келтіру жаттығулары.
Бағалау.
Сабақ қорытындысын шығару.
Үйге тапсырма. Секірмеден секіру